Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласы

№5 жалпы білім беретін мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Бижанова Ақжамал Амангелдіқызы

Тақырыбы: «Жігіт сұлтаны»

Мақсаты: Оқушыларға халқымыздың ғасырлар бойы келе жатқан әдет-

ғұрып, салт- дәстүрін, ата- баба дәстүрін құрметтеуді үйрету,

Отанды сүюге, ата мекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Бүгінгі 21 ғасыр білім мен ғылым дамыған заманда жігіттеріміздің үлкен белес асулардан көрінуі елге әкелген бақытпен тең.Олай болса жігіттеріміздің батырлығын,ептілігін,білімдерін,ақылдылығын тамашалайық

Құрметті ұстаздар,оқушылар ,ата-аналар Ұлы жеңістің 71 жылдық мерекесі баршаңызға құтты болсын.Бұл мереке кезекті көктемнің шуақты күнімен келіп,барша адал ниетті азаматты тағыда бір қуантады.Осы мерекеге орай

3 «в» сынып ер балалар арасында «Жігіт сұлтаны» атты мерекеге қош келдіңіздер.

Шалқытып мерекеде ән салайық

Өнерпаз өрендерге тамсанайық

Әділдікпен шындықты арқа тұтқан

Әділқазы алқасымен танысайық

1.Бастауыш сыныптар бойынша оқу-ісінің меңгерушісі:Гүлмира Ұзағалиқызы

2.Ғылыми-әдістемелік орынбасары-Анар Самиғоллақызы

3.

Домбырам, жүрегіммен үндес едің,

Сенімен сырласымдай тілдесемін.

Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң,

Өнердің не екенін білмес едім,- дей отырып ортамызға сыныбымызда өткен «Көктем аруы»сайысында бас жүлдені жеңіп алған Бейбіт Айнельді

күйімен шақырамыз

Ата жолын жалғамақ

Ел дәстүрін қолдамақ

Ел намысын қорғамақ

Жігіттер шықсын ортаға

Бүгін сұлтан атанбақ

(жігіттерімізді ортаға нөмірлерін суыруға шақырайық)

Ендігі сәтте байқау шартымен таныс болыңыздар

1. Таныстырсам өзімді

2.Өз өнерін көрсету

3.Сұрақ-жауап

4.Спорт денсаулық кепілі(күш сынасу)

5.Мақал-мәтел жалғасын табу

6.Қол өнер сайысы

1-кезең

Ей, такәппар дүние,
Маған да бір қарашы
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы – деп ақын ағаларымыз жырлағандай сайысымыздың бірінші кезеңі «Таныстырсам өзімді». Сонымен бірінші жігітті шақырамыз.

Би(орыс биі,Пушкин Таңшолпан)

2-кезең

Өлең білім тапқырлықтың тарланы

Еңбектегі әріптестер мақтаны

Өнеріңді ортаға сал сайысқа

Өнер көрсет жігіттермен жарыста,-дей келе сайысымыздың екінші кезеңі «Өз өнерін көрсету»

3-кезең

Ақылдылық жігіттерге жарасады

Көзі ашықпен бәріде санасады

Келесі,сұрақ-жауап сайысында

Сыналар білімімен парасаты,-дей отырып келесі кезеңді сұрақтарға жауап берейік.

1) Қазақ халқының тарихындағы билерді ата(Қазыбек би,Төле би,Әйтеке би)

2) Бес дұшпанды ата (өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек,мал шашпақ)

3)Жеті атаңды ата

4)Ұлттық ойындарды ата

5)Үш арсыз (ұйқы,тамақ,күлкі)

6)Бес асылды ата (талап,еңбек,терең-ой,қанағат ету,рақым жасау)

7) Жеті жетімге нелер жатады?

Тыңдаусыз қалған сөз жетім

Қиюсыз қалған боз жетім

Иесіз қалған жер жетім

Басшысы жоқ ел жетім

Аққу қазсыз көл жетім

Елінен айырылған ер жетім

Замандасы қалмаса

Бәрінен де сол жетім

8)Бір аптада неше күн бар?

9) Жыл мезгілдерін ата

Ән.Соғыстан қайтқан солдаттар (Тлеулі Нұрай)

4-кезең

Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоян қолтық алыспай, - демекші, енді жігіттеріміздің спорттық жарыстардағы өнерлерін көрейік.(күш сынасу)

5-кезең

1)Көз - қорқақ, қол - батыр.

2)Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.

3)Оқу — білім бұлағы,
Білім — өмір шырағы.

4)Отансыз адам,

Ормансыз бұлбұл

5)Жаңбыр жауса жер ырысы

Батыр туса ел ырысы

6)Батыр бір өледі

Қорқақ мың өледі

7)Жүз сомың болғанша

Жүз досың болсын

8)Өзге елде сұлт ан болғанша

Өз еліңде ұлтан бол

9)Ер жігіт ел үшін туады,

Ел үшін өледі

6-кезең

Сайысымыздың соңғы кезеңі қолөнер сайысы..

Би. Жаяу (Исағали Данара)

Жеңістермен жеңілістен тұратын

Өмір күрес жеткіземе мұратын

Жеңбедім жеңілдім деп ренжімеген

Қатысуда бір жеңіс

Жан болсаң сен ұғатын ,енді ортаға әділ-қазылар алқасын шақырайық.Сайыстың шешімін тыңдайық

Демеңіздер біз өнерді аяп қалдық

Мезгілде біраз жерге таяп қалды

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осыменен сайысымыз аяқталды

Назарларыңызға көп рахмет!

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ