Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

У.О.Турашова

Ақтөбе облыстық арнайы(түзетім)

есту қабілеті бұзылған балалар

мектеп-интернат-колледжінің

бастауыш класс мұғалімі

Ақтөбе қаласы.

Сабақтың тақырыбы: Жемістер.

Сабақтың мақсаты: оқушыларды жемістер атауларын сөйлеу әрекетінде қолдана алуға үйрету.

Міндеттері:

-білімділік: жемістердің алуантүрлілігімен таныстыру, оларды дұрыс атай және ажырата білуге үйрету;

-түзетушілік: тіл дыбыстарын дұрыс айтқыза отырып, анық, толық сөйлеуге дағдыландыру;

-дамытушылық: оқу дағдыларын, сөйлеу тілдерін қалыптастыру, сөздік қорларын молайту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

-тәрбиелік: күзгі еңбекті бағалауға баулу, ұқыптылыққа шақыру, әсемдікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа білімді хабарлау

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету,

Сабақтың құрал-жабдықтары: интерактивті тақта, карточкалар, шарлар, қима суреттер

Барысы:

І.Алғашқы ұйымдастыру кезеңі

Амандасу.

Есту аппараттарын тексеру: [Аружан], [Әділ], [Нұрислам]

Қуаныш шеңбері:

-Балалар, бүгін мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын!

Біз де, бүгінгі күнді көргенімізге қуанышымызды көрсетейік.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де!

Қуанайық, достарым

Арайлап атқан күнге!

ІІ.Жаттығулар кешені

а) артикуляциялық жаттығулар: тіл бұлшықеттеріне арналған жаттығулар

ә) тыныс жаттығуы:

жемістер тәріздес шарларды үру: алма, алмұрт, банан

б) дауыс жаттығуы

Ма-ма-ма-ма

Дәмді алма

в)тіл жаттығулары:

Қазір жылдың қай мезгілі?

Қазір жылдың күз мезгілі.

[Қазір күздің қазан айы]

Бүгін кезекші кім?

ІІІ. Жаңа білімді хабарлау

а) тақырыпты хабарлау, талдау

Сонымен, балалар біз шарлардан не үрдік?

Аружан, сен не үрдің?-алмұрт

Нұрислам не үрді?-алма

Әділ банан үрді.

Бұларды не деп атаймыз? - Жемістер.(Көкөністер деген сөзді себетке апарып салу)

Тағы қандай жемістер бар? -Жүзім, лимон, шие, қара өрік, өрік, анар.

Жемістер қандай болады? – Жемістер дәмді болады. Жемістер ағаштарда өседі. Жемістерді күз мезгілінде жинайды. Жемістерді жуып жеу керек.

ә) ой сергіту «Көңілді танысу». Шардағы суреттер бойынша балалардың атын табу: Алма+т, Анар.

б) сөздікпен жұмыс

Алмат пен Анардың тапсырмасын орындау: қима суреттерді құрастыру: ваза, тәрелке, үстел.

в) сергіту сәті

Көңілді жемістер биі: шарлармен би билеу: алма, алмұрт, банан

IV. Негізгі бөлім

а) оқулықпен жұмыс.

Кітапты ашыңдар. Сен не істедің?- Мен кітапты аштым.

Оқулықтағы 20-беттегі тапсырманы орындау

Вазада ..., ..., ... бар.

Тәрелкеде ..., ..., ..., бар.

Үстелдің үстінде ... жатыр.

ә) дәптермен жұмыс.

Дәптердегі бос орындарды толтырып жазу.

б) көзге жаттығу

в) Дидактикалық ойын «Біреу және көп»

Мақсаты: жемістердің көпше түріндегі атаулары туралы түсінік қалыптастыру

Есту-көру арқылы ұйымдастыру: мұғалімнің жекеше түрде айтқан жемістің көпше түрін оқушы алдындағы суретті карточка көмегімен атауы қажет.

Алма-алмалар

Шие-шиелер

Өрік-өріктер

Лимон-лимондар

Жүзім-жүзімдер.

IV. Сабақты қорытындылау

а)тақырыпты бекіту

Бүгін сабақта не істедік?

Бүгін сабақта оқыдық, жаздық, биледік.

ә) мадақтау

Оқушыларды бас бармақ, шапалақпен мадақтау

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ