Жауап.кз вопросы и ответы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Оқушыларға ұлттық педагогикалық тәрбие берудің маңыздылығы

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

«№14 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

география пәнінің мұғалімі

Жаймағанбетова Алтынай

«Тәрбиелі- тәртіптің құлы, тәртіпті-елдің құлы» деп қалық қаҺарманы Бауыржан Момышұлы айтқандай,саналы өмірдің сапалы ұрпағын қатарға қосу-бүгінгі күннің басты талабы.

Елімізде болып жатқан әлеуметтік,экономикалық,саяси,мәдени өзгерістерге байланысты оқу-тәр -бие үдерісін ұлттық сипатта ұйымдастыру-өмір талабы. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің негізгі мақсаты- жастардың бойына азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру,мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге ,халық дәстүрлерін дәріптеуге, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып үйренуге ,заңға және қоғамға қарсы келетін іс-әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Еліміздің болашағы тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ екені даусыз. Тәртіпті,тәрбиелі ұрпақ өсіру –барша- ға ортақ міндет. Дербес Қазақстан мемлекетінің ертеңгі болашағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне тіке -лей тәуелді. Өскелең ұрпақтың рухани жан дүниесін білім нәрімен сусындатып ,халқының ерте заманнан жинақталған асыл мұрасымен байытып ,Абайша айтқанда «Көкірек көзін оята тәрбие- леу» ата-анадан басталып,мектепте жалғасып,мектептен тыс түрлі орындарда бүкіл қоғам болып атсалысатын жауапты міндеттердің ең бастысы дей келе жат мінез -құлықтардан аулақ болуға тәрбиелеуге сыныптан тыс тәрбиенің берері мол. Міне, осылай бала өз қоршаған ортасының тәрбие ағысымен бірге жүзеді. Сол қоршаған ортадағы қарым-қатынас, тәлім-тәрбие деңгейінің пайдасы және зиянды жақтарын бала логикалық тұрғыдан ойлап,ненің дұрыс және ненің бұрыс екендігін өз бетімен ажырата білуін үйрету-маңызды әрекет. Қазіргі кезде мектептің тұтас педа -гогикалық үдерісінде халық педагогикасын пайдалану қалыптасқан. Негізгі мақсат- жас ұрпаққа қазақ халқының әдет-ғұрпын ,салт-санасын ,ұлттық өнерін, дәстүрлерін меңгерте отырып,оларды оқушылардың бойына дарыту, ұлттық мінез-құлық,қадір-қасиетін қалыптастыру.Өйткені еліміз үшін жас ұрпақтың өнерлі,іскер,жігерлі,намысты өсуі айрықша маңызды болып табылады.

Ұлттық сананың қозғаушы күші –ұлттық намыс,ұлттық абырой. Халықтық педагогика-ұлттық тәрбиенің асыл жүйесі, ақыл-ойдың мол қазынасы, ұрпақ зердесін ашар сара жол. Қазақ халқының тарихына көз жүгіртсек ,бүгінгі, келешек ұрпаққа үлгі тұтарлық,өнеге етерлік талай тұлғалар,әр сөзі қайталанбас алтын қазына,мол шежірелері,өлең жырлары,тұла бойы тұнған тәрбиелі мақал-мәтелдері, басқа ұлттарда кездеспейтін сыйластыққа,бірлік пен татулыққа бастаған ең қымбат та қасиетті салт-дәстүрге бай тарихы бар елміз.

Халық педагогикасының асыл мұралары болып табылатын салт-дәстүр, әдет-ғұрып,мақал-мәтел,шешендік сөздерді бала бойына сіңіру үшін ең алдымен ана тілімізден бастаған жөн. Ана тілін білмейтін ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру мүмкін емес.Оқушыларға білім мен тәрбие беруде сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар мектептегі оқу-тәр -бие үрдісінің бір бөлігі болып табылады. Олардың түрлері өте көп: тәрбие сағаттары, ертеңгілік -тер,әңгімелер, байқаулар, сайыстар,жарыстар т.б. Бұл сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты-оқу -шыларды жан-жақты жетілдіру,халықтың дәстүрлерге деген құрмет сезімін дамыту және халық -тық педагогика арқылы бойларында адамгершілікке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

Мектепте әртүрлі мерекелерге байланысты шаралар Наурыз мерекесінде ұлттық дәстүрлерімізді дәріптейтін көріністер қойып , 8-наурыз Аналар күнінде қыздар арасында «Ибалы қыз», «Бұрымды қыз»сияқты сайыстар ,ал 7-мамыр Ұландар күніне ұлдар арасында «Жігіт сұлтаны» сияқты шаралар ұйымдастыру арқылы ата-бабаларымыздан асыл мұра болып қалған салт-дәстүрі мізді біліп өсуге, үйренуге тәрбиелей аламыз.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ