Жауап.кз вопросы и ответы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Павлодар қ., Музыкалық колледж-дарынды

балаларға арналған музыкалық

мектеп - интернатының тәрбиешісі

Касымова Айшайм Хайрулловна

Біздің Елбасы

(Тұңғыш Президент күніне арналған тәрбие сағат).

Сабақтың мақсаты: оқушыларды Елбасы еңбектерімен таныстыра отырып, Отанға, елге, ата – анаға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, егемен мемлекетіміздің патриоттары болуға тәрбиелеу, оқушылардың таным белсенділіктерін, қзғушлықтарын дамыту.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, өзіндік ізденіс, топтау, жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі:ҚР Президентінің суреттері, слайд, гүл, шар, сюжеттік фильм, музыкалық аспап. Техникалық құлдард пайдалану (DVD, теледидар, компьютер)

Сабақтың барысы: (хормен әнұран айтылады).

Мұғалім:

- Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатт ұрпақтары. Бүгінгі «Біздің Елбасы» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Жеткен арман жаса, тәуелсіздігім,

Өз қолыма берген ерік тізгінін.

Ие болған әлем ілтипатна,

Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін!

Ендеше, әсем әнді осы мерекеге шашу ретінде қабылалыңыздар. «Астана» әні орндалады.

Жүргізуші:Танды атырам ел – ұрандай өр үнімен,

Елтаңбам тұр орын алып төрімнен.

Ата заңым сүйінер күш қуатым,

Көз тартады көк туым өз көгімнен.

Жүргізуші:Бүгін біз сіздермен бірге Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, еңбектері, алған марапаттары туралы айтқалы отырмыз.

- Қане, оқушылар, Елбасы туралы кім не біледі екен?

Жауаптар:

Жүргізуші:Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің сайланып қойылатын басшысы, ең жоғары лауазым иесі. Президенттің құқықтары мен міндеттері өте көп.

Жүргізуші:Осындай тарихи міндеттерді шешуде біздің көп ұлтт республикамыздың Бірінші Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басты рөл атқарады . Қанеки, достар, біздер Елбасы жөнінде не білетінімізді бөлісейік.

1 – оқушы: Кеңес одағы ыдыраған кезенде Нұрсұлтан Әбішұлы батыл да білікті қадамдар жасай білді.

2 – оқушы: Нұрсылтан Назарбаев жасампаздық саясатты таңдап алды, халық пен мемлекет билігі бірлігінің, конституциясының, адам мен адамзаттың құқықтары мен бостанрдықтарының беріктігінің символы және кепілі болды.

3 – оқушы: Сондықтан біз шын мәнінде Президент Назарбаевты біздің бәрімізге, ұлтына, сеніміне және саяси көзқарас сына қарамстан қолайлы да еркін өмір сүруімізге барлқ мүмкіндік жасап келе жатқан үшін мақтан етеміз.

«Қазақ елі осындай» әні орндалады.

Жүргізуші:Президент әлемдік ағымдарға мұқият назар аударды, ал өзінің көрнекті ғылым екендігі де белгілі. Біздің Елбасымыздың ерлігі еңбектерінің қатарына жататындар:

«ХХІ ғасырдың табалдрығында», «Қоғамдық өзгерту стратегиясы және Еуразиялық өркениеттің қайта өрлеуі» тәрізді кітапттары мен басқа да ғылыми жұмстар әлемнің көптеген елдерінде кеңінен қолдауға ие болған.

Жүргізуші:Ендеше, келесі кезекті оқушыларымыздың отаны, елбасы жөнінде дайындап келген өлең – жыр шумақтарын тындайық.

( Әдеби - монтаж )

Жүргізуші:Әлдеқалай түспейді адасып нұр,

Астанаға сұлу тәж жарасып тұр,

Жап – жаңа бұл Астана әлемдегі,

Көшелермен бой түзе таласып тұр.

(« Нұр Астана » әні орындалады)

Жүргізуші:«Орында бар оңалар» демекші, ел орында, жер орында. Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егемеді ел болып, дүние жүзіне танылуда. Біздің Отанымыз – Егемеді тәуелсіз қазақ мемлекеті.

(«Қасқыр» - күй қылқобызда орындалады).

Жүргізуші:Ал енді тарихымызға көз жүгіртейік.

1 – оқушы: 1981 жылы желтоқсанның 1- де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың президенті етіп сайлады.

2 – оқушы: 1993 жылы 15 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

3 – оқушы:1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата заңы» қабылданды.

4 – оқушы: Тәуелсіздігіміздің тірегі, ердігіміздің жүрегі – Астана қаласы 1998 жылы 10 маусымда Республикамыздың астанасы деп аталды.

Жүргізуші: Көптен күткен көк байрақ желбіреді,

Күннің көзі көктемдей елжіреді.

Мұңнан ыстық жалын от бар ма, сірә,

Отан - ән мен жүрегім тербеледі.

«Сәлем саған Қазақстан» әні орндалады.

Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Президенті туралы өзінің елінде де, содай – ақ әлемнің басқа жерлерінде де жақсы жағынан айтылып келеді, оның атқарған істтерінің, әсіресе біздің еліміздегі ғана емесбарлық халықтардың бейбіт өмір сүруіне орай тындыған жұмыстарының мән – маңызын сезінбеу мүмкін емес, сондықтан да «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – біздің Елбасымыз» - зор сеніммен, әрі мақтаныш сезіммен айта аламыз.

Жүргізуші: Атыңнан айналайн егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік,

Ғасрдың тойы болшы келе берер!

«Атамекен» әні хормен орндалды.

Жүргізуші: Осымен «Біздің Елбасы» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

Мерекелерініз құтты болсын!

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ