Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Шығарма
Мамандығым - өмірім

Жоспар:
Ι. Мамандығым, арманым.
ΙΙ. Істейтін ісіңе сүйіспеншілікпен қарау.                
ΙΙΙ. Білімді шәкірт тәрбиелеу.
ΙV.Сыйлы да, беделді ұстаз.

      Әр адам өзінің болашағы жарқын болуы үшін, өзіне ұнаған мамандықты таңдайды.Сол мамандығы бойынша елге қызмет етеді.
      Менің де, бала кезден алға қойған мақсатым болды.Арманым, яғни таңдаған мамандығым –ұстаз болу еді.Сол арманым орындалғанша сапалы білім алуға тырыстым.Арманымның себепшісі ол менің алғаш білім нәрімен сусындатқан ұстаздарым , Павлодар қаласы, Ақтоғай ауданы , Муткенов ауылы, Жаңа тап ауылының беделді ұстаздары болған Марданов Кәртай Саматұлы мен Такиева Бақытжамал.Ол адамдар бул өмірде болмаса да, арттарында өшпес естеліктері қалды.Ауылдағы қаншама балаларға жақсы тәрбие, сапалы білім берді.Ол ұстаздарға мың алғыс білдіреміз.
     Жақсы білім алу үшін қаншама жылдар білім алдым.Көп ізденіп, жан-жақты болуға тырыстым.Енді еңбегімнің жемісін көрім келем.
Бар өмірім балалармен, мамандығыммен байланысты.Адам өз мамандығын таңдауда қателеспеуі керек деп ойлаймын.Өйткені, таңдаған мамандығы өмірімен байланысты болады.Өз мамандығын жақсы көруі қажет.Сонда адамның аңсаған арманы орындалады.
     Менің өмірлік ұстанымым “Істейтін ісіңді сүюің керек, сонда ғана сенің еңбегің мейлі тіпті қарапайым болсын, шығармашылық дәрежесіне дейін көтеріледі” дегендей, қандай істі қолға алсаң, сол істі шын ықыласыңмен орындасаң оның жемісін міндетті түрде көресің деп ойлаймын.
    Мен өз мамандығыма зор жауапкершілікпен қараймын, өйткені алдыңа келген әрбір шәкірт үшін жауаптымын.Алғаш мектеп табалдырығын аттаған оқушыға сапалы білім мен қатар болашағының бастамасы дұрыс тәрбие де беруім қажет.Сол үшін де, шәкірттерім үшін, өз ісімді жақсы көргенім үшін, ерінбей, талмай еңбек етемін.Бар өмірім оқушыларыма білім, тәрбие берумен қатар еліме адал қызмет етумен өтуде.Сол үшін де, менің кеудемде қуаныш сезімі ұялаған.Өз мамандығымның арқасында сыйлы да, беделді ұстаз қатарындамын.Алдағы уақытта да, алланың күшімен әр шәкіртіме сапалы білім беру үшін, жан-жақты ұстаз болуға тырысамын.Ұстаз болу әркімнің қолынан келе бермейд.Ұстаз болу үшін сабырлы, білімді, ұстамды, мейірімді, қазіргі заман талабына сай ізденімпаз, жаңашыл адам болу керек.Сол үшін өз таңдаған мамандығыңа сай болу қажет демекпін.Алдыңда үлкен міндет тұрғанын естен шығармай, ерінбей, талмай еңбек ету қажет демекпін.
Өлен жолдарымен шығармамды аяқтайын.
Мамандығым –  өмірім
Мамандығым –  өмірім,
Толады оған көңілім.
Өмірім зая кетпейді,
Мағыналы ғой өмірім.
Шәкіртіме білім нәрін беремін,
Жемісін көріп келемін.
Ел кірпішін қалауға,
Бар жігерімді төгемін.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Ұстаз
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов