Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Шығарма
«Отан - туған жерің»
          «Елің үшін мақтан, елің үшін қайғыр» Ғабит Мүсірепов атамыздың ұлағатты сөздерін еске ала отырып,  жер бетіндегі әр адамның өз туған жерінен артық жер жоқ екеніне көңіл аударамыз. Туған жеріңе деген махаббатыңды, сүйіспеншілігіңді  алғаш дүние есігін ашқан кезінен- ақ байқауға болады. Кішкентай кезімізден- ақ  Отан сөзін- біздің сүйікті  отбасымыз, айналамызды қоршаған табиғатымыз, адамның туып- өскен жері, туған- туысқандарымыз, жақындарымыз,  атамекеніміз деген  сөздерменұштастыра өстік. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны  Қазақстан Республикасы. Отанымыз бізді анамыз сияқты аялап, мәпелеп, өсіріп, бақытты болуымызға барлық жағдай  жасайды. Отаным менің кең-байтақ, әрі бай ел. Бұл ел, әр түрлі халықтарды бір шаңырақ астына жинап отырған, тату- тәттілікте ғұмыр кешіп жатқан қазақ елі.  Қазақ халқы ешуақытта соғыс тілемейді,  бейбітшілік үшін күресетін мемлекет.
Біздің еліміз егемендігін бүкіл әлемге паш еткен, бүгінгі таңда тәуелсіз елдің туы астында өмір сүріп жатқан елдер қатарында.Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Оның бай тарихын зердеңе  түйіп,  әр адам  елдің  ертеңгі азаматы  болу үшін білім алып, еңбек етіп жүр. Кешегі тарих жолында елдің ел болуына қызмет еткен халқымыздың асыл ұлдарына ұқсап өсіп келе жатқан жас ұрпағымыз да елімізде  аз емес.
          Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев әрдайым халықпен бірге, ол өз халқына үлкен қамқорлық көрсетіп отыратынына барлығымыз  куә болып отырмыз.  Елбасымыз   Қазақ халқының  атынан өкілдік ететін лауазымды тұлға. Мұндай көшбасшымыздың арқасында біздің болашағымыз айқын болады. Адамды мұратқа жеткізер- ана тілі мен ата дәстүрі. Егеменді Қазақстан елінде ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды.Өз отанымыз Қазақстанды болашақта гүлденген, дамыған елдердің қатарына қосу үшін, еліміздің әр азаматы  үлгілі, тәртіпті болу, үлкенді сыйлау, іздену мен талаптану мақсатын ұстануымыз керек.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Ұстаз
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Жарас в категории Другое
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Образование
0 голосов
4 ответов
0 голосов
1 ответ