Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Ғабит Мүсірепов туралы шығарма


                        «Біздің жұртшылық аса жоғары бағалайтын
                           Мүсіреповтің шығармаларын адамның сезімін,
                    көңіл-күйін, мінез-құбылысын, аңсау-арманын
                               ақындықпен сипаттайды»  
                       М.О.Әуезов
       Ғабит Мүсірепов – біздің мақтанышымыз, қазақ әдебиетінің мақтанышы. Оның сом құйылған, шебер  жиылған шығармалары − әдебиетіміздің асыл қазыналары арасында өзінше бөлек, дара тұрған мүлік. Ғабит Мүсірепов – көркем сөздің зергері. Мәселен, оның қаламынан шыққан көркем әңгіменің қай-қайсысы  да мазмұны жағынан терең, жазылу шеберлігі көз тартарлық әсем де мінсіз шығарма ретінде сақталып отырады. Солардың бірі – «Қыран жыры», барлық адамзат атаулыға ортақ іс − ұрпақтар сабақтастығын түйіндеп берген мағыналы  туынды.
        «Қыран жыры» − қара сөзбен жазылған көркем әңгіме. Шығарма шытырман оқиғалы да емес. Басты кейіпкері – Ержан. Оның баптаған қыран бүркіті Түлкі қаққан алғашқы қуанышы. Кең аспанда көсілген, зымырап ұшқан қырандар өміріне көңіліміз ауысады.
      Ержанның қыраны кеңістікте бір шықты да, қайтып оралған жоқ. Өз үйірін тапты. Қыран барып қырандар тобына қосылды. Қыранша самғады, қыранша тірлік етіп, өмір сүрді... Міне, әңгімедегі бар оқиға осы.  Сыртынан қарағанда, өзімізге  таныс, қарапайым оқиға. Бірақ осынау жәйітшын шебердің қолына түскенде, алтын балық әсем көрік тауып, құлпырып, түрленіп кеткен. Әңгіме адамды баурап алады.
       «Қыран жырында» тағы да «Өзің аспанда, ойың төменде жүргенше, өзің төменде, ойың аспанда жүрсін, жаным!»- дейді жазушы қыранның ауызымен. «Қыран жыры» да өлең сияқты он шақты минутта-ақ оқылатын қысқа жыр. Осы шағын жырдың өзінде жалпақ дүниенің суреті, жарық жалғанның жұмбағы бар.
    Тіршіліктің кіршіксіз тұнық сезімін ашқандай, өмір мәнін ұқтырғандай. «Қыран құс жасырынуды білмейді, сығалап сықылықтаған ұры көздерді ұнатпайды... Бұл ұрпақ ойыны, ұрпақ күйі...»
       «Қыран жырының» биік талғамдары өзінің түйінімен аяқталады : «Туу, ұшу деген қандай жақсы еді. Неғып сонша ұшпай отырғанбыз! Дүние деген қандай кең еді!.. Енді осылай шарықтай беретін шығармыз. Арман деген осы да, қуаныш деген осы да!»  Шығарма күші – шындықта. Автор өмірде болатыншындықты алып отыр. Ақылға салып, ойлана қарайсың !
       Қазақ қазақ болғалы қыранды біледі. Өзге халық та біледі, бірақ әр халық қыранды өзінше баптайды, өзінше сақтайды, өзінше мақтайды. Күні бүгінге дейін ерлік құсы туралы жазылған туындылар аз. Ұлы Абай ғана қыран бүркітпен аң аулаудың барша сырын ашып, романтикасын көз алдымызға жазып салып, қыран құмар етіп кетті.  «Қыран жыры» да сондай шығарма.
        Осы шығарманы оқып шыққанда, мынадай  бір ойға кез болдым. Жазушы мұраты – қыран құс өмірін қызықтау ғана емес. «Қырандық деген не?» сұрағына жауап беру. Қыран – адам. Бұл шығарма адам туралы толғанысқа толы. Автор адам өмірін, құстар мен хайуанаттар тіршілігіне, табиғат тылмысын  қатар алады, бұлардың арасындағы мәңгі үзілмес байланыс айқын түспен алдыңа тартады. Адамның тынысы, арманы биік болса, шынайы  қырандай биік самғар ұрпақ болса – болашақ ұрпақ үшін адалдық, сергектік, биіктік тілер автордың жүрек үні. «Қыран жырын» оқығанда  өзің өзіңнен биік болуға тырысып, тазарып, сілкініп қаласың. Шығарманың көркемдік құдіреті осы!
         Шығарма тынысы кең, өйткені ол адамдық жайларды, адамгершілік туын паш етеді. Әрбір іске қырандық серпін тілегендей.  Бұл  біздің қазіргі өміріміздің көріністері. Қыран сезімі- биікке самғау, биікке талпыну . бәрімізге осы қасиет қажет. «Қыран жыры» - үлгі алатын, оқи отырып үйренетін, ойланатын шығарма, нағыз қыран туралы дастан.
             Ғабит Мүсіреповтің  «Қыран жырын» ұлы жазушының ұлы шығармасы деп қарауға болатыны анық. Шығарманың тілі көркем, бейнелі. Сүйікті жазушымыз  өзінің ерен суреткер екенін тағы да бір танытты. Қыран бейнесі ұлтымыздың тарихында, жалпы санасында – еркіндік пен бейбітшіліктің бейнесі. Аспандаған ойларымыз, биік армандарымыз болсын! «... Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ. Мүсіреповпен мақтану  керек!» - деп  көрнекті жазушымыз Зейнолла Қабдолов айтқан еді. Біз де ұлы жерлесімізді  мақтан  етеміз де, мерейтойының қарсанында шығармаларын оқып, өмірге басқаша қарайық!
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
17 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
3 ответов