Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Прочее образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Ізгі педагог Шәкәрім Құдайбердіұлы
    «Адамның адал ұлы болам десең, алдымен өзіңнің нәпсіңді жең» (Шәкәрім)
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) - ойшыл, композитор, ұлы гуманист, кеменгер, аудармашы, өмірінің ақырына дейін ағартушылық бағыт ұстанған Абайдан кейінгі екінші реалист қазақ ақыны.
Ақылы мен білімі дария Абайдай ағасы бар бала Шәкәрім материалдық жағынан да, рухани жағынан жоқшылық пен жетімдікті көрмейді.
Бойында табиғи таланты, ақындық дарыны бар Шәкәрімнің өмірдегі ұстазы, мектебі, университеті – Абай болды.
Шәкәрім ғылым-білім жолында бар өмірін сарп етті. Жеті жасынан өлең шығара бастаған дарынды бала жасы он бестен асқанда, ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өсе бастайды, ғылым жолына қарай ойысып, ақындық өнерін де жарыққа шығара бастайды.
Идеялық мақсат- мұраттары жағынан Шәкәрім үнемі демократтық, халықтық, гуманистік- ағартушылық бағытта болды. Абайдың реалистік дәстүрлерін жалғастырып, халықтық, гуманистік көзқарастарды насихаттады.  
Шәкәрім ел ортасының дау-дамайынан, айтыс-тартыстарынан, қаскөйлік пиғылдарынан түңілген кездері де болған, ең алғаш рет 1909-10 жылдары оңаша елсізге кетіп, кітап оқу, жазумен шұғылданған. Шыңғыстағы Шақпақ тауының етегінде, өзі «Саят қора» деп атаған жерде еркін өмір сүріп, серуен құрып, шығармашылықпен айналысып, өзімен-өзі болады. Адамдардың өмірдегі қарым-қатынасы, ақыл-парасаты, ой тазалығы адамның уайым-қайғыға бой алдырмай, саналы түрде өмір сүруіне бағыт жасайтынын айтады.
«Сыр айтайын мен сізге, Әр түрлі жай бар басымда.
Елімнен кеттім елсізге, елуден асқан жасымда», -деген ақын ой қуып елсіздегі Саятқорасына кеткен ақынды сол кездегі солақай саясаттың адамдары оның бұл жалғыздығына күдіктеніп, «бандамен байланысы бар, қажының баласы» деп ақыры мерт қылады. Шәкәрім елдегі теріс әрекеттерден налып, елден алыс жерде жүрсе де ізгілікке бастайтын, рухан- адамгершілік құндылықтарға толы де көптеген шығармалары дүниеге келеді. Осы жерде Шәкәрім атамыздың күш қуатына тамсандым, себебі, өз ойынан бас тартпай, көп қиындыққа тап болса да мойымады,  сол шығармалары қазіргі күнге дейін жетіп, рухани азық боп,  әлі күнге дейін өз маңыздылығын жойған жоқ....  
Шәкәрім педагог, ақын ретінде адам баласын жер бетінде икемделіп өмір сүруге үйрете отыра, өзінің даналығымен тұлға ретіндегі миссиясын танытып кеткен данышпан. Екі түрлі даналықтың да мұраты- адасқан адам баласын надандықтың құрсауынан жұлып алып, бақыттың жолын нұсқау болды: біріншіден- адам  баласының бақытты тұрмысына қажетті дүниелік өсиеттер болса, екіншіден- адамның өз әлсіздері мен пенделіктерінен биіктей отырып, адамның өзі үшін ғана емес,өзге үшін өмір сүруге керекті жол рухани жол деп білген. Сөйтіп, Шәкәрім екі өмірге де керекті «ұждан» деп, «ар іліміне» сара жолды салып беріп кеткен рухани ұстаз деп айтуға болады.
Шәкәрім жөнінде жарық көрген әдебиеттерді жан-жақты талдай отырып, оның педагогикалық көзқарасын, ағартушылық қызметін, ақынның даралық ерекшеліктерін танытатын қасиеттерін саралай келе, ғылыми жүйеге келтіріп зерттеу және болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесінде кеңінен пайдалану, мектеп мұғалімдеріне бұл бағытта әдістемелік нұсқаулар беру бүгінгі күннің қажеттілігінен туындайды.
Қорыта айтатын болсам, қоғамда белең алып жатқан  құбылыстар мен іс-әрекеттер өзіндік заңдылықпен үйлесім табу арқылы, белгілі бір себеп салдардың күшімен болатынын түсіндім. Сол сияқты қазіргі білім беру үрдісіндегі ізгілік педагогикасының қайта жаңғыруы да, жаһандық мәселелдер қатарында болып жатқанын сеземіз және көріп те жатырмыз. Сондай – ақ, өз тәжірибемде Ш.Құдайбердіұлының «Үш анық» трактатын оқи отырып,  бала тәрбиесінде және Өзін – өзі тану пәнін оқыту барысында мұғалім ретінде кеңінен қолдануға тырысатын боламын. Өйткені Шәкәрім атамыз айтып кеткен дүниелердің бәрі де біздер үшін  қажет, бірақ бала сол айтылған дүниелерді жүрекпен ұштастыра білуі қажет және оны өз тәжірибемде де, сабақ барысында естен шығармау менің парызым деп білемін.   
Шәкәрімнің философиялық көзқарастарының ерекшелігі сонда, ол адамның ішкі рухани дүниесіне ерекше көңіл бөліп, қоғамдық процестерді адамдандыруға тырысты. Қоғамдық қатынастардан адамды іздеуге тырысты. Қазіргі таңдағы жаһандық өзекті мәселе рухани ізгілік бағыттағы  білім мен тәрбиені бүгінгі ұрпағымыздың бойына баулып, адамзаттық құндылықтарды сіңіруде басшылыққа алып, өскелең ұрпақтың тәрбиесінде құндылығын жоғалтпайтын ойлар мен бағыттар Шәкәрім атамыздың еңбектерінен бастау алады.
Шәкәрімді ізгі педагог ретінде таңдауым, оның сөзі, ойы, ісімен бірлікте өмір сүрген ұлы тұлға екендігіне көзім жетті. Осы ұлы тұлға жайлы алған әсерім де ерекше. Қай еңбектері алмасақ та  оның негізгі идеясы бүгінгі күнге дейін оның ізгі педагог ретіндегі идеялары педагогиканың фундаменталдық негізі екендігіне  еш күмән  жоқ. Шәкәрім Құдайбердіұлы еңбектері біздің қазіргі таңда айтып жүрген, оқушыларымыз бен барша қауымға жеткізуге ат салысып жүрген «Өзін- өзі тану» пәні арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды толығымен қамтылған десе де болады.
Алдағы уақытта Шәкәрім атамыздан алған дүниелерді, оның ұлағатты сөздерін, ойларын, ізгілік жолдарын мұғалімдерге арналған, ата- аналарға арналған семинарлар арқылы жеткізіп, көрсетіп, дәріптеуді мақсат етіп отырмын. Себебі өзінің құнын жоғалтпайтын мәңгілік құнды дүниелерді Шәкәрім атамыз келер ұрпаққа аманат етіп тастап кеткенін енді түсінгендеймін....
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
4 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ