Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Шығарма
Достар
 
   Алғаш мектеп табалдырығын аттаганнан бастап, достар туралы жалпы түсінік ала бастайсың.Өзіңнің жаныңды түсінетін, қиналғанда көмекке келетін досың болғаныңа қуанасың.Ұстаздың досқа адал бол, деген мағыналы сөзін есіңе сақтап жүресің.Дос деген сөзде терең мағына жатыр.Балалық шақтағы достық бір басқа,өзіңдей пәк, таза сәби қылығымен жүрген балалық шақ.Ол кезде балалармен бірлесіп ойнап, ойыншықтарыңмен бөлісе ойнайтын балалармен өткен қызықты шақ.Сәби шақта нағыз дос болу мүмкін емес.Бір бала ойыншығын бермесе, бірден басқа баламен дос бола кетесің.Көршінің баласы болсын, таныс бала болсын, үлкен- кіші демей, бәрімен дос боласың.
  Мектепке келген сәттен бастап, жаңа өмір басталады екен.Әр баланың мінезін, тәртібін аңғаратын боласың.Жаксы оқушы, үлгілі оқушы, орташа оқушы деп, балалар бөліне бастайды.Өзіңнің білім сапаңа қарай, дос іздей бастайсың.Өзіңнің тіліңді түсінетін, өзіңмен бірсе сабақ қарайтын балалармен көп араласа бастайсың.Содан сыныптас достық пайда болады.Сол досыңмен әрқашан бірге жүресіңа, асханаға бірге барасың, қол ұстасып бірге жүресің.Ол бала мектепке келмей қалса, жалғызсырап жүресің.Басқа балалардан ол досыңды артық көресің.Ол досыңа көмек қажет болса, көмектесуге тырысасың.Бастауыш сыныптағы досыңмен мәңгі бірге боламыз деп ойлайсың.Алайда орта буынға өткенде, әр сыныптағы балаларды іріктеген кезде, басқа дос табасың.Ал, бастауыштағы досыңмен ақырындап аралары суый бастайды.Ақырында тек амандық сұраумен шектелесің.Орта буындағы досыңмен үлкендерше сөйлесесің, ешкімге тіс жармаған сырыңмен бөлісесің.Ол досыңмен тығыз байланыста боласың.Алайда дос таңдауда абай болған дұрыс.Досың қандай болса, сенде сондай боласың.Досыңның көп болғаны жақсы.Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын деген сөздердің  жаны бар.Досың көп болса, әр қиындықта қол үшін беретін жанашырларыңның арқасында, өзіңді жалғыз сезінбейсің.
    Мен Павлодар қаласына тоғызыншы сыныпта келдім.Сол кезде ауылда дос боп жүрген құрбым екеумізді екіге бөлді.Ол математика пәні бойынша сыныпқа кетті, ал мен болсам, қазақ тілі пәні бойынша бөлініп кеттім.Екеуміз бір мектепте босақ та, бір- бірімізді көруден қалдық.Ол жаңа достар тапты.Менде жаңа достар таптым.Сөйті арамыз күннен күнге суып кетті.Мен Алмагүл деген қызбен танысып, бір-бірімізді көптен танитындай бірден жақсы араласып кеттік.Аз уақыт бірге болсақта, айрылмас дос болдық.Бір күні мектеп интернатының алдымен кешкі серуенге шықтық.Алмагүл екеуміз қол ұстасып келе жатсақ, ауылдан келген дос қызымның жалғыз өзі орындықта отырғанын көріп, ішім ауырып кетті.Жылдам жанына келіп, сұрақтың астына алдым.Ол болса, маған деген ренішін айтты.Сен өзіңе жаңа дос тауып, мені ұмытып кеттің, деп ренішін білдірді.Алайда, мен екеуміз екі басқа сыныпта оқимыз, бірге жүретін уақытымызда жоқ дедім.Содан Алмагүл құрбыммен бірге кетіп қалдым.Артыма бұрылып қарасам, досым отырған бойы отыра берді.Сол кезде ойым сан жаққа бөлінді.Бұлай қалай болды.Неге екеумізді екі жаққа айырды деп уайымдай бастадым.Содан бір күні, тісім қатты ауырды, қанша дәрігер емдеседе, басылмай ақ қойды.Ақыры шыдай аламай, ауылға бәржола кетемін деп шешетім.Сол күні Алмагүл құрбымның, мені тастамашы деп, жылағаны әлі есімде.Білмеймін, не көрінгенін, кетемін де, кетемін деп қырсығып алдым.Алмагүлге кліп тұрамын деп айттым.Ол болса, сен енді қайтып келмейсің, мені ұмытасың деп, қатты жылады.Алды , артыма қарамай ауылға тарттым.Оның айтқаны дәл келді.Ауылға бір келгесін, қалаға бару оңай болмады.Ауылға келіп, қуанып жүрдім.Көрші ауылға орналасып, оқуымды жылғастырдым.Оқуым жақсы болды.Бұрынғы таныс қыздармен сыныптас дос болдым, алайда Алмагүлдей дос таппадым.Содан болар, осы күнге дейін досым жоқ.Өзіме сыйлаған досты, жылатып, тастап кеттім.Дегенмен қалаға бірге оқуға барған досым қаладан ауылға келіп тұрды.Сол досымнан Алмагүл жайлы сұрап жүрдім.Бір күні қалаға барамын деп шештім.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Жарас в категории Другое
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Образование
0 голосов
4 ответов