Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Елбасы туралы шығарма керек.
спросил от Batyirxanov в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Елбасы туралы шығарма


Елді алады мейірімен, сәулетімен,
Қақпайды оның әрқашан тау бетінен.
Отты да өзі табады елге керек,
Қараңғыны жарық қып сол отымен.
                                  (Тұманбай Молдағалиев)

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы тәуелсіз елін мақтан тұтатын жөні бар. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап өткен Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері талай-талай асқарлы асулар бағынды.
Елімізде ұлттар достығы қанат жайып келеді. Бұл жетістікте сөз жоқ еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың сіңірген үлкен еңбегі бар.Басшы басқарған ел-ең бай мемлекет, халқы - ең бақытты халық.
Қазақстанның егеменді ел атануына Елбасымыздың қосқан үлесі зор. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымақтығын жарастырып отырған ұлы тұлға. 1991 жылы 1 желтоқсанда  Қазақстан Президентінің жалпы халықтық сайлауы  нәтижесінде халықтың таңдауымен еліміздің президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.
Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап ,сайлап алған,
Елімнің бар президенті.
Білмеймін неге екенін Елбасымыз туралы ойласам, есіме орыс жазушысы Максим Горькийдің кейіпкері Данко есіме түседі.
Жүрегін жалындаған кеудесінен,
Жұлып алып халқына жарық еткен.
Көзіме Данко батыр елестейді,
Жол сілтеген Елбасын көргенімде.
Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 4 шілдеде Алматы облысы, Қарасмай ауданы, Шамалған  аулында дүниеге келген.Мектепте жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын құрмет тұтты. Балалық шағы таршылық заманда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.
     Елбасымыз – түп атасынан, арғы тегінен батырлық үзілмеген, қазақ та-рихында қолбасшылығымен, билігімен, шешендігімен өшпестей із қалдырған қайраткерлердің ұрпағы. Бабалары – еңсегей бойлы Есімханның туын ұстаған қолбасшы Қарасай батыр, Қарасайұлы Көшек батыр, Назарбай би. Әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұла бойы тұң¬ғы¬шы, әулиеге түнеп жүріп, Құдайдан тілеп алған баласы.
     Баланың дүниеге келуі туралы ел ішінде аңыз бар.  Әлжан ана перзент көрмей, құрсақ көтермей, аяғы жеткен жердегі әулие¬лерді аралап, ақыры Райымбек батырдың ба¬сы¬на кеп түнеген түні түс көреді... Түсін¬де ен далада жүріп келеді екен. Жүріп келе¬ді, жүріп келеді, ақыры көз ұшында сағымданып көрінген бір теңізге келіп жетеді. Теңіздің түбіне түседі, жүре береді. Жүре береді, бір кезде теңіздің түбінде көлденең жарқырап жатқан ұзын мылтықты көреді. Мыл¬тықты көтеріп алып, иығы¬на салып, сол күйі теңізді кешіп отырып, арғы бетіне шығады...


    Осы көрген түсін Әлжан ана ауылдағы абысын-ажындарына айтып береді. Олар Әлжан ананың түсін жақсылыққа жориды: “Құр¬сақты болады екенсің, шекесі торсықтай ұл табады екенсің, өмірі күреспен өтеді екен”, – дейді. Алла анамыздың тілегін беріп, тоғыз ай, тоғыз күн көтеріп, дүниеге болашақ Президентті әкеледі.
        Нұрсұлтан уақыт тынысын ерте сезді. Қазақ жастары атын естісе де затын біл¬мейтін бүкілодақты қекпінді құрылысқа жазылды.  Өз жолын,  даңғылын тапты.  Ортасынан  оза шауып,  көшбасшылыққа ұмтылды.  Көкірек көзі ерте ашылды.  
Оянады көңілден қайдағы арман,  
Бақыт желі ескендей жайлапалған.  
Президентім бар менің елі түгел,  
Ақ киізге көтеріп сайланған.  
        1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғары сессиясы «тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет»  -  деп жариялады.  1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,  Ту, Әнұран бекітілді.  1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы  -теңге айналымға енді. 1995 жылы 30 тамызда тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды. 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан мемлекетінің  елордасы болып  Астана қаласы атанды.
Естімейік енді елдің жылағанын,
Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
Абылайдың жолымен алға басқан,
Құтты болсын «нұрлы жолы»  Нұрағаның!
        Елбасының саясаты алтын ар¬қауы, басты өзегі – ел бірлігін сақтау. Мемлекет рәміздерінен бірде-бір кем ұстамайтыны, қайта-қайта аузынан тастамайтыны – елдің ынтымағы мен бірлігі. Билікті қолына алған сәттен бас-тап осыны саясатының туы етіп ұстап келеді.
    Ел басқарушысы – адамзат тарихын терең білетін, замана ағымын жіті ойлайтын, әлемнің озық тәжірибесін ұтымды пайдаланып, ата-бабадан қалған асыл өнегені әдемі ұштастырып келе жатқан стратег, тәуелсіздік заманының бірнеше ұрпағын өсіріп келе жатқан тәлімгер.
    Назарбаев – әлем мойындаған, жаһанға атағы жеткен, жер жаһанға сөзі өтіп, айтқанын істетіп отырған бүгінгі заманның көшбасшысы; тумысынан кие дарыған қайраткер; табанды күрескер; гуманист, туған халқының Бәйтерегі, Көсемі, Ке¬меңгері.  Елінің аманатын арқалаған тірегі, алтын діңгегі.
  Елбасымыздың жаңа Жолдауы «Нұрлы жол – келешекке жол» елдің гүлденуі, қазақстандықтардың өмірін жақсартуын көздейді.
       Бір елдің болашағын көргің келсе, сол елдің қазіргі жастарына қара - деген екен бір ғұлама. Қазіргі ұрпақ еліміздің жарқын болашағы, жанашыры және иесі.       Кім білсін, дәуірлер тоғысында тәуелсіз мемлекеттің қаз тұрып  қалыптасу кезеңін де Қазақстан халқы бір кездері «Нұрсұлтанның нұрлы жолы»  деген атаудың аясына сыйғызып айтатын болады.

      


       «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол -  Тәуелсіз Қазақстан» деп Елбасымыз айтқандай кең байтақ Қазақстан – туған өлкеміз, оны сүйіп, құрметтеу – барлығымыздың парызымыз. Елбасымыз – Қазақстан елін дамытып ,одан әрі өркендеуіне басшылық етіп отырған ерекше тұлға. Біз Елбасымызды әрқашан мақтан тұтамыз!
Елім менің, ер еңбегін қолдайық,
Елбасына тірек бола білейік.
Барлық арман –жоспарлары іске асып,
Отыз елдің қатарына енейік.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
17 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
3 ответов