Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек. Бірі жар таңдау болса, екіншісі мамандық таңдау. Мамандығыңыз сіздің өмір бойы нан табатын кәсібіңіз. Егер сіз өзіңіз қаламаған мамандық иесі атансаңыз, оны үлкен маxаббатпен жасай алмайтыныңыз белгілі. Әлемде өзі қаламайтыны мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар. Адам қандай мамандыққа бейіммін, менің қолымнан не келеді, менің қабілетім қандай деген сұрақтарға іштей жауап беруі тиіс. Жеті рет өлшеп, бір рет кескен дұрыс. Себебі мамандық таңдау - өмірдегі ең қиын жұмыс. Мамандық таңдау өміріңіздің бір кірпішін қалаумен тең.
Әлемде сан мыңдаған мамандық түрі бар. Дегенмен ең қиын мамандық - адам болып қалу! (Х.Марти) Қандай маман иесі болсаңыз да, адамшылық қасиетіңізді сақтаңыз