Бұл батыр әпкелеріміздің соғыста жасаған ерліктері, күллі қазақ қызына, тіпті әлем елдерінің бойжеткендеріне үлгі өнеге. Мергендігімен талай фашистің көзін жойған, пулиметімен жауды қынадай қырған, Әлия Мәншүк әпкелеріміз ел есінде мәңгі сақтаулы.
Темірдей тәртібімен жауынерлерін басқарып аса көрегенділігімен жаудың ордасын талай мәрте ойсыратып кеткен қазақтың үлгі тұтар азаматының бірі Бауыржан Момышұлы еді. Мінезімен жауын сескендірен «Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді» деп жауынгерлерін нағыз батыр, ер жүрек етіп тәрбиелей білген, жаудың алдында бір сарбазы шегініп қашып көрмеген қазақтың қайсар қолбасшысы Бауыржан Момышұлы да Ұлы Отан соғысы тарихында ойып орын алар ірі тұлға, қазақтын нағыз батыры, нағыз үлгі алуға тұрлық адамы ретінде бүгінгі заманда аты мәшһүр болған батыр десем артық айтқаным емес, егерде біреу меннен кімді үлгі тұтасын деп сұраған болса, мен іркілместен Бауыржан Момышұлын айтар едім, батырдын көптеген ерліктері мен істеріне қайран қалып нағыз азамат болуды, сол кісі айтқан сөздері арқылы үйреніп келемін.
Текті туған қазақтын нар тұлғасы,
Сол бір зұлмат заманның қарсыласы.
Ұлы Отан деп ажалдан қаймықпаған,
Менің пірім Бауыржан Момышұлы.
Бауыржан Момышұлы.
Қандай ғажап есім десеңізші.
Осы есім мына менің кеудем дегі,
Шыңдайды намысым мен жігерімді.
Бауыржан Момышұлы.
Осы есім құлағыма естілгенде.
Есті жыйып келемінде өз-өзіме ,
Жан бітірем патриоттық сезіміме.
Момышұлы қазақтын Бауыржаны,
Фашисттерді сескендірген мінезімен .
Қазақтың қайтпас қайсар болса ұлы,
Ең бірінші мақтанып сізді айтар-ем.
«Ұлы Отан» деп аталатын бұл соғыс қазақ тарихында орыны ерекше болып қала бермек.
Милиондаған адамдардың қанын төктірген мыңдаған боздақтарды жастайынан өмірден ерте озып, талай қара шаңырақты тірегінен айырған қайғылы да қасіретті сол соғыс жылдары біздің тарихымыздан ардагер қарияның есінен шықпасы анық.
Қыстын қаһарлы ызғарлы боранды күнінде отан үшін деп жанын пида етіп бірі ажалмен, қауышып жатса бірі өте ауыр халде жараланып мүгедек болып, аяғынан, көзінен айырылып, бірі сал болып, қолынан, басынан жаудын оғы тиіп дәрменсіз халде жатса, соғыстан көптеген батыр ардагерлеріміз сау оралмағаны белгілі .
Иә біз жас ұрпақ соғыстың үнін естіией өстік, бомбаның үнінен тығылынып мылтықтын даусынан қашпай тыныш бейбітшілік заманда соғыстың зардаптарын көрмей, жыртық киіммен далада қаратер болып жұымыс істемей заманның жақсысында өсіп ержеттік.
Әреине бұның бәрі кешегі ата-бабаларымыздың төккен тері мен аққан қанының арқасында екенін әр бір қазақ баласы мойындайды, біледі.
Қазақ деген қашанда батыр, әрі жомарт халық болып келгендігін, бүгінде әр елдің тарихы мойындайды.
Кешегі 1941-1945 жылдардағы соғыс әлі күнге ел есінен кеткен емес, кетпейді де ол күндердің әр минуты біздер үшін ұмытылып қалуы мүмкін емес себебі сол кездін әр минутында ұлы азаттық үшін, келешек жарқын болашақ үшін, өз жанын құрбан еткен бір батырдың жатқанын білеміз.
Әрине біздер жас ұрпақ ол күндердің бірінде көрмей өстік, бірақ көрмесекте сол соғыстан аман оралған ардагер аталарымыз бен апаларымыздың көнілінде қалған ұмытылмас нағыз азапты, сол соғыстың тарихының қандай болғанын естіп, атақты ақындарымыздың жырлауымен оқып біліп сусындадық.
Бұл соғыстың тарихын жазып та, айтып та, жеткізу өте қыйын, тек жүреімізде сол кезгі Отан үшін, бүгінгі біздер үшін жанын құрбан қылған әр бір батыр азаматтарымыз бен әпкелерімізге, ризашылығымыз шексіз әрі алдарында өтей алмас қарызымыз бар екенін ешқашан ұмытпаймыз. Қазақ елінің тарихын қозғай берсен дастаннан дастандар жазылары анық. Өзімнің нақ білгенім, кешегі замандардың қайсы бірін алсақта, қазаққа көрсетпеген қиындығы болмаған және кешегі заманда қазақтай батыр, қазақтан өткен қайсар ел болмағанына менде көктегі Аллада куә. Әуелі аллаға екінші кешегі батыр бабаларымызға алғысым шексіз.
Егерде сонау он сегізінші ғасырда қазақ жоңғарға беріле салған болсақ, кешегі ұлы отан соғысында қазақтар Отан үшін деп өз жандарын құрбан етпеген болса, 1986 жылы қазақ жастары намыстарын оятпаған болса, қазақ елінің көк туын желбіретпегенде, бүгінде біздер тәуелсіз қазақтың жастары емес, бодан болған қазақтың жастары болып жүрер ме едік, бәлкім.
Иә тәуелсіздік қазаққа оңай келе салмағанын білеміз, тәуелсіздігіміздің куәлігін беріп кеткен кешегі батыр бабаларымыз. Біз жас ұрпақ, татулықты мақсат тұтып, тәуелсіздікті аңсаған, кешегі батыр ұлы қазақтың ұрпағы болғанымыз үшін, әр қашан да мақанамыз.
Қанша құрмет қылсақтағы батыр ерге,
Салсақта оларға арнап ескерткіште.
Берсек тағы жер жүзіне оның атын,
Қарыздармыз біз, алдында бабалардың.
Рахмет сендерге бабаларым!
Ұрпағыңа бейтшілік күн сыйладын.
Қазақ деген қандай халық екендігін,
Жер жүзіне дәлелдеп кете алдың.
Өте ұят төрт параққа сыйдырғаным,
Тамыры терең тарихын қазағымның.
Қазағымның кешегі тарихынынан,
Еш бір ел жоқ, сірә асалатын.
Рахмет сендерге бабаларым!
Ұлаңғайыр жерді бізге сыйлағаның.
Егерде жау жеріме басып кірсе,
Төгіледі бірінші, менің қаным.