Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

« ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗЫНАСЫ ТУҒАН ТІЛІ»

Өтепова Әсел –10 «Ә» сынып оқушысы

Қазақстан – егеменді тәуелсіз ел. Қазақстан Республикасы Конститутциясының 7 бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Қазақ тілі батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады, бұл тармаққа кіретін тілдер қарақалпақ, ноғай, балқар, құмық т.б тілдер. Қазақ тілі – өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл.

«Тіл тағдыры – ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры-ел тағдыры» деген ұранды ұстанған қазақ халқы ғасырлар бойы елі мен жерін, діні мен тілін сақтап қалу жолында талай қиын қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Ата-бабамыз мұраға қалдырған ана тіліміздің мемлекеттік мәртебесіне көтерілу жолын сөз еткенде, тарихты айналып өтуге болмас. Қазақ тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Оның қалыптасуға бет алуы ХІ-ХІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып, ХV ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді. ХХ ғасырда жетпіс жыл бойы билеген әкімшіл-әміршіл жүйенің ұстанған ұлт саясаты республикамызда мекендеген халықтардың табиғи даму заңдылықтарына ықпал етіп, туған тілінен айырылып қалу қаупіне душар етті. Қазақ тілінің мемлекеттік саяси ауқымы сонау патшалық отарлау заманы кезінен бастап төмендеді.

Қазақстан Республикасының 1997 жылы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заң қабылданғаннан бері қарай мемлекеттік тіл болып – Қазақ тілі белгіленді. Қазақ тілін дамыту еліміздің стратегиялық бағыты болып табылады. Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану асын кеңейту-бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Қазіргі таңда мемлекет жүргізіп лтырған тіл саясатының негізгі мақсаты – жинақталған оң тәжірибені пайдалана отырып, тіл саясатын жүзеге асыру. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Өйткені тіл біздің ана тіліміз. Туымыз, Ел таңбамыз, Ән ұранымыз бен қатар біздің тәуелсіздігіміздің басты белгілерінің бірі болып саналады.

Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз керек. Президент : «Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық болар еді. Кейбір лауазымды қазақ азаматтары арасында тілге салғырттық байқалады». Нұрсұлтан Әбішұлы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында «Қазақ тілі еліміздің мемлекеттік тілі ғана емес, түркі әлемінің жетекші тілдерінің біріне айналып келе жатқанын, Әзірбайжан мен Армения, Беларусь, Оңтүстік Корея, Германия, Улыбритания, АҚШ мемлекеттерінің белді оқу орындарында оқытылатынын ризалықпенатап айтты. Ана тіліміз бірте-бірте осылай халықаралық сипат алуда». Әрине, тілдің сыртқы елдердегі беделі оның оралымдылығына немесе бай екендігіне тікелей байланысты емес, сол тілде жасалған өнер туындыларының көркемдік-идеялық деңгейіне және ұлттың экономикалық-техникалық өркениетке қосқан үлесіне тәуелді. Біз Байрон мен Пушкинді, Гейне мен Шекспирді қалай оқитын болсақ, қазақтың ақын жазушыларын өзге елдерде дәл солай оқуы керек.

Ұлттық сана ұлттық тілмен қалыптасатынын әуелден айтып келе жатқан Президенттің туған тіліне деген ықыласы баршамызға өнеге болса жарасар еді. Н.Ә.Назарбаев «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені, ол ұлтымыздың анасы», «Толыққанды тілсіз – толыққанды ұлт болуы мүмкін емес». Президент бізді, ірі қазақ баласын туған тілді перзенттік жүрекпен де, азаматтық сезіммен де ұдайы қадірлеуге шақыра отырып, оны бейімдеу қажет екендігін ескертеді. Ана тіліміз баршаға қажет тілге, электронды ақпарат құралдарының оралымды тіліне айналуы үшін ғаламторға молынан енгізуіміз керек. Елбасы Жолдауларының бірінде «Мемлекет ақпараттық технологиялар саласында транзиттік әуелетті дамытуды ынталандыруы қажет. 2030 жылға қарай Қазақстан арқылы біз әлемдік ақпараттық ағындардың кем дегенде 2-3 пайызын өткізуге тиіспіз, ал цифр 2050 жылы екі еселенуі керек» - деп атап көрсетті.

Елдегі татулықтың басты тірегі – тіл. Сондықтан ең бастысы елімізде бейбітшілікпен келісім, татулық пен тұрақтылық мәңгі орнықсын, сонда асқақ арманымызға сөзсіз жетеміз. Мемлекеттік тіл – тек қазақтың емес, Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың ұлтаралық ортақ тілі. Ана тіліміз – біздің бүгінгі күніміз үшін де, ертеңгі күніміз үшін де мәңгіліктің тілі. Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақстан 2050 Стратегиясын жариялаған Жолдауында айқын атап көрсеткеніндей «Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді Қазақ Мемлекеті деп атайтын боламыз». Қазақстан Республикасында тұратын таза ниетті әрбір азамат, мемлекеттік қазақ тіліне өзіне тірек етіп, ол тілді жүрегімен сүюі тиіс. Елбасы айтқан «Қазақстанның болашағы –қазақ тілінде» екенін ұмытпайық.

Пайдаланған әдебиеттер:

Н.Ә.Назарбаев. Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінен «Егемен Қазақстан»

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
4 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз