Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Тіл  туралы шығарма тауып беріңіздерші.
спросил от Kuaniysh в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
Шығарма
Тіл тірегім
   Тіл – менің мақтанышым,тірегім. Елімнің өзіндік ерекшелігіне кіретін осы тіл.Тіл мемлекеттік мәртебеге ие. Әр елдің өз діні болатыны сияқты тілі де болады. Қай елде жүрсең сол елдің тіліне бағынышты боласың.Сондықтан мен де тілімді дәріптеуге еш ерінбеймін.
   Қазіргі заман талабы үш тілділік болса соның бірі -қазақ тілі.Ол да болса бізге деген көзқарастың ерекшелігі. Өз тілін білмей басқа тілде шұбарланып жүрген қандастарымызда бар.Олардың ісін құптаймыз деп айтй алмаймыз.
Тіліңді білмегенің,өз анаңды танымағаныңмен пара-пар. Өзге ұлт өкілдері сенің ана тіліңде сайрап тұрса,сен үшін бұл кешірілмес күнә.
    «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте» деп айтқандай өзгені біліп,өзіңді ұмытқаның еліңе,анаңа  деген  құрметтің  жоқтығы  деп біле біл.
Өзге елдің төрінде қазақша сайрап тұрған ағаларымызды көріп бойыңды мақтаныш сезімі билейді.Ал басқа тілде сөйлесе ішіңді қызғаныш кернейді.Неге бұлай болды деп қынжыласың.
   Ананың сүтімен бойыңа дарыған қазақ тілі өміріңе зор жол ашар қадам.Адал ішкен сүтіңді басқаға айырбастама.
   Ел болашағы жас ұрпақ сендердің қолдарыңда.Сондықтан болашақтың кірпіші болып қалану үшін еліңді құрметте.Еліңді сыйлау дініңді,тіліңді білу.
Қазақтың тілі ең әдемі, мағыналы,мәнерлі ғой.Соның ұғымын айыра білейік.Көгімізде көк туымыз желбіреп тұрса,балаларымыз өз тілінде сайрап жүрсе сол елдің мәртебесі зор болмақ. Мен ешқашан өз тілімді өзге тілге айырбастау дегенді ойламаппын.Ондай ой келмесін де.Адам бойындағы тамаша нәрсе болса соның бірі осы тілі дер едім.
  «Тілім менің - тірегім»дегендей менің бар тірегім де, тілегім де осы тілім деп мақтанар едім. Өмір есігін ашқанда бірінші сөзің өз тіліңде күмбірлесе енді неге оны басқа тілге айырбастаймын.
   Мен қай жерде жүрсемде тек өз тілімді айтып қорғаймын.Сайрасаң сайра қазағым өз тіліңде.Қазақ екенсің ендеше қазақ тілін қадірле.
Қазағым бар да тілім ешқашан өшпейді,өсе береді.
ответил от Kuaniysh
0 голосов
Шығарма
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»
Тілін білген Абылай, Абайым да,
Құдірет берген Ана тіл талай ұлға.
Қасиетті тілімнің арқасында
Ерікті ел боп алысқа қарайын да
Ана тілім, күмбірле сарайымда!..
М.Айтқожина
           Әлемде адамдар тілсіз өмір сүре алмайды. Тіл  арқылы адамдар бір- бірімен тілдеседі, ой бөліседі, пікірлеседі.
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері төл тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қазақ халқы өз тілінде, өз елінде, алаңсыз бақытты ғұмыр кешуде. Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра екенін де бәріміз жақсы білеміз. Тіл – еліміздің тамыры. Тілдің адам өмірі үшін мәні де, маңызы да айрықша. Тіл- қастерлі де қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға анасындай қымбат. Өмірдің құпияларын, алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне  негізгі құрал ол - ана тіліміз.
 Мұхтар Әуезов атамыз айтқандай «Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен өзінің ана тілін, әдебиетін сүюі шарт». Сол сүюді орта мектеп табалдырығын аттаған соң да, мамандық, білім беретін жоғары мектепке ауысқанда да асыл қасиетіндей сақтауы керек. Осыдан бірнеше жыл бұрын   біздің мектебімізде де, ең алғаш қазақ  сыныптары ашылып,  жеткіншектердің білім нәрімен ана тілінде сусындауына мүмкіндік туды. Уақыт өте қазақ  тілінде  білім алғысы келетін қазақ балаларының саны да көбейіп келеді. Бұл әрине, қуанарлық жағдай. Шәкірт ұстазына қарап өседі, ал ұстаз басшысына қарап теңеледі дегендей, ел игілігіне еңбек етіп отырған ұжымның бұл мәселеде қосқан үлесі зор деп түсінемін.
    Тіл- құдірет. Ол әр халықтың таусылмас байлығы. Өмірін, тарихын, мәдениетін, бәрін-бәрін паш етер асыл құрал. Оны қастерлей әрі ардақтай, көркейте білу- әр қазақ адамзаттарының парызы. Ал оны  балаларға үйретуге, дамытуға қызмет ету әрбір қазақ тілі мұғалімінің міндеті. Біздің мектебімізде де қазақ тілі мұғалімдері тынымсыз ізденіп, жүйелі жұмыс атақарып келеді. Еңбектері жеміссіз де емес. Оқушыларымыз түрлі жарыстар мен байқауларға қатысып келеді. Биылғы оқу жылында да  Қазақстан Республикасы Тілдер мерекесіне арналған  түрлі деңгейде іс-шаралар өткізілді. Заман талабына сай қадам тастай отырып, үш тілде салтанатты жиын, іс-шаралар ұйымдастырылып,  оған мектептің барлық оқушылары тартылды. Соның бір мысалы ретінде  бастауыш сынып оқушылары  арасында да "Зерде " білім сайысы өтті. Сайыс оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға, тапқырлыққа баулуға, ана тілін және басқа тілдерді де құрметтеуге бағытталды. Осындай сайыстар балаларға ана тілін  тек қана сабақта емес, сыныптан тыс уақытта да терең меңгеруге  және ана тілінің біліп қана қоймай, құрметтей білуге тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
    Ана тіліміз асқақтап, ұлтымыздың рухы арта түссін!
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
17 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
5 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
6 ответов
0 голосов
4 ответов
0 голосов
2 ответов