Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Астана қаласы

№68 орта мектептің

ағылшын тілі пәні мұғалімі

Елубаева Бахыткүл Бейсенбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Ана тілім – асыл қазынам

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Ана тілінің маңызы мен қызметін ұғындыру

Тәрбиелік:Туған тілді құрметтеуге, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сөз қорын

кеңейту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу, түгендеу, сабақ тақырыбымен

таныстыру.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Алдымен мынадай қанатты сөздердің мағынасын оқушылармен бірге отырып талқылаймыз:

1. Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

(С. Торайғыров)

2. Өнер алды – қызыл тіл.

3. Батырды шешен аттан түсіріпті.

4. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.

5. Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді.

6. Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.

7. Атпас жерде қолың тарт, айтпас жерде тілің тарт.

Енді қазақ тілінің туыстас тілдер ішінде алатын орны туралы мағлұматтарға тоқталайық.

Адам баласы дүниеге келіп, есі кіре бастағаннан-ақ адамдық қасиеттерді қалыптастыратын, әдептілікті, ізгілік пен ізеттілікке толы халық мұрасын, асыл сөздерін, тілдің жан тербетер құдіретін ана тілінде ұғып үйренеді, яғни ғасырлар бойы жинақталған саф күмістей тіл қазынасын, оның байлығын адам жаны мен жадына мысқалдап енгізу анадан басталады.Сондықтан да халқымыз тілін Ана тілі деп атайды. Ал ананың ақ сүтімен қоса даритын тіл мұрасын бар байлығымен көркемдік қуатымен ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші, сөз жасап дамытушы, тілді мейлінше қадірлеуші халық – тіл анасы, тіл бұлағы.

Ана тілінің маңызы мен қызметі аса зор. Біріншіден, ол – қатынас құралы. Халықтың әрбір өкілі бір-бірінің ойын ең алдымен ана тілі арқылы түсінеді. Екіншіден, әр адам ана тілінде оқып, білім алады, тәрбиеленеді, өнер үйренеді. Халықтың тарихымен, әдет-ғұрпымен танысып, тұрмыс тіршілігін танып біледі. Үшіншіден, ана тілі – халықтың рухани, мәдени байлығының, экономикалық және тарихи дамуының құралы.

Қазақ тілі – өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Қазіргі қазақ тілі – кез келген әдебиетті басқа тілден аударуға, түрлі стильдерде сөйлеп, жазуға мүмкіндігі мол, көлемденген тіл. Қазақ тілі түркі тілдері тобына жатады. Қазақ тілі Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге басқа республикаларда, шетелдерде тұратын қазақтардың ана тілі.

Тіл өнерін қол өнерінен де, ерліктен де жоғары санайды.Тіл – ақылдың көрінісі, бірліктің кілті. Тілсіз жерде бірлік те жоқ, тірлік те жоқ. Тілдің сондай-ақ сырлы, сиқырлы күшін жетік аңғарған халық «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» деп, «Тау мен тасты су бұзады, адамзатты сөз бұзады», «Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді» деп тіл құдіретін алмас қылышпен қатар қояды.Адам сөз өнерін жүре үйренеді.Әрбір адам өзінің тілін білгендігі, сөздік қоры, ақыл-ойы үшін қоғамға, өскен ортасына борышты.

Жер бетінде халықтардың тілдері мыңдап саналады. Қырылып – жойылып, өздерімен бірге тілінде ала кеткен халықтар да бар, ана тілдері мүшкіл халдегі халықтар да бар. Бұрын өткен замандарда тілдердің жойылуы негізінен басқалардың шапқыншылығының салдарынан болса, қазіргі кезде бұл дүниежүзілік тілдер аталатын тілдердің үстемдігінен болып отыр. Мәселен, Ирландияда төрт миллион халық болса, солардың 50-60 мыңдайы ғана ирланд тілінде сөйлейтін халге жеткен. Сондықтан да Ирландия өкіметі арнаулы шаралар қолданып, ана тілін құрып кету қатерінен аман алып қалмақ. Франция да ағылшын тілінің көптеп енуіне қарсы шаралар жүргізіп келеді. Басқа шағын халықтар тілдерінің жағдайын айтпауға да болады. Мұндай саясат бұрынғы КСРО – да да жүргізіліп, көптеген ұсақ халықтардың тілдері келмеске кетті. Тәуелсіз Қазақстанның өзінде жиырма жыл ішінде мемлекеттік тіл – қазақ тілі, Конституцияда арнайы көрсетілгеніне қарамастан, әлі күнге дейін шын мәнісіндегі мемлекеттік тілге айнала қойған жоқ.

Дүние жүзі бойынша нақты саны анықталмай келе жатқан нәрселердің бірі – тілдер саны. Бұл мәселені құнттауға тиіс Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша жұмыр жердің бетінде 2700 – ден 8 мыңға дейін тіл бар делінеді. Сол мыңдаған тілдердің санаулысы ғана, яғни 116 – сы мемлекеттік тіл деген мәртебеге ие. Солардың тізімінде қазақ тілі де бар. Расын айту керек, Кеңес одағында Лениннің табанды талап етуімен мемлекеттк тіл Конституцияға енгізілмеген болатын. Ол 1936 жылы 5 – желтоқсанда қабылданған «сталиндік конституцияға» да, 1977 жылы қабылданған «брежневтік конституцияға» да енгізілген жоқ. Бірақ автономиялы республикалар мен одақтас республикаларда мемлекеттік тіл енгізілді.

Қазақстанда мемлекеттік тіл – қазақ тілі жиырмасыншы жылдардың басында енгізілді. Тіпті «Правда» газеті, «Қырғыз (қазақ) тілі – мемлекеттік тіл» деген хабар да жариялады. Алайда, іс жүзіндегі тіл орыс тілі болғаны баршаға аян. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданған тұңғыш тәуелсіз конституцияда ана тілімізді мемлекеттік тіл деп жариялап, оған ресми тіл – орыс тілі деген қосымша қостық. Енді 2020 жылға қарай қазақ тілі шын мәніндегі мемлекеттік тіл болады деп жүрміз.

Афоризмдер:

· Тіліңді жоғалту,су қараңғы көзсіз қалғаныңнан да өткен қасірет.

Жалау Мыңбаев

· Ана тілі – халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.

Жүсіпбек Аймауытұлы

· Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.

Мұхтар Әуезов

· Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,

Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Өзің білмесең, білгендерден үйрен,

Үйренгеннен ештеңең кетпейді.

Төле би

· Ұлттың сөзі – оның күні. Күнсіз жер бетінде тіршілік болмайтындығы сияқты, ұлттың сөзінсіз – рухани өміріміз тұл.

Шыңғыс Айтматов

· Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниедегі адамдар тілінен айрылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді, осы күнгі адамдар жазудан айрылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айрылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің заманымыз жазу заманы – жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман...

Ахмет Байтұрсынов.

· Тілімді өгейсітпеймін десең, өз тіліңде сөйле.

· Тіліңді біліміңе қазық ет,

Білімді өміріңе азық ет.

· Ана тілің тұрғанда,

Қорғанба дос, қорғанба.

Сен де адамның бірісің,

Ана тілің болғанда.

· Өз мініңді өзің көріп,

Өзіңе-өзің күлмейсің.

Өз Отаныңды сатып,

Өзгеге барып сіңбейсің.

· Қазақ ұлы болмаса,

Абай қалай ұлы болған?

Сол Абайдың өзі де

Тілінің құлы болған.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ