Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
тіл халық жанын танудың кілті шығарма
спросил от Surak_zhauap в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Тіл - халық жанын танудың кілті

     «Тіл - рухани күре тамыр, тілден үлкен ана жоқ...» – деп қазақтың біртуар ақын-жазушысы Мұхтар Шаханов жырлағандай, тіл қарым-қатынас құралы ғана емес, рухани байлықтың күре тамыры. Тіл - жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, төл перзент. Тіл - ол тарихи, мәдени, өмірлік құндылық. Тіл -  ғылым, ғасырлық қазына, ел мен ердің туы іспеттес. Тілсіз қоғамның қандай түрі болсын, болмасын  бәрібір де өмір сүруі мүмкін емес. Себебі тіл, қоғамнан тыс, бөлек жерде жоқ. Демек, тіл жоқ жерде адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі, қоғамдық өндірістің қай саласын болса да ұйымдастыруы, жетістікке жетуі  не ғайбіл. Тіл қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәрбиенің негізгі қатынас құралы екені белгілі. Тіл болмаса сөз жоқ, сөз болмаса адамзаттың тірлігінде ешбір мән мағына болмаса керекті. Тілді біз кейде халықтың  жаны деп айтып жатамыз. Өйткені тіл құрыса, халықта жер бетінен құрып кетеді. Адамзат тарихында көптеген елдердің жоғалып кетуі, ең алдымен тілдің жоғалуымен байланысты екенін ғалымдар дәлелдеп отыр.
     «Он пәленің тоғызы - тілден»  – деп қазақ халқы бекер айтпаса керек. Тіл бірде жалындырған от болса, бірде өртті сөндірген су іспеттес. Кейде адам жанын емдейтін дәрі бола алса, ал кей кездері мүлде керісінше өлімге дейін апаратын қару бола алатыны сөзсіз. Тіл арқылы жанымыздағы тұнып жатқан сырымызды ақтара алсақ, ендеше білгенімізді өзгелерге үйрете де  алатынымыз хақ. Ол бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар тылсым күш.
     Тілдің өшуі мен өнуі тұтас бір халыққа,  елдікке,  ұлтқа байланысты. Тілді өшіретінде, мәртебесін көтеріп, белгілі бір дәрежеге жеткізетінде халық. Әрбір халық өз тілін - жасаушы ұжым. Тілді қалыптастыру, дамыту , оның ұзақ ғұмырлы болуына көптеген уақыт, қаншама жылға созылатын күш кететіні сөзсіз. Дүние жүзінде  2500-6000-ға дейінгі аралықта тілдер түрі болса, соның жарты бөлігі өлі тілдер қатарына жатады. Яғни, қоғамдағы орны мен әлеуметтік жағдайы нашарлаған, біртіндеп жойылып бара жатқан, қолданыс аясында жоқ тілдерді айтуға болады. Ендеше тілін жоғалтқан жеке мемлекет басқа елдермен терезесі тең дәрежеде тұра алмайтындығы хақ.
     «Тіл - тіршілік бастауы»  – деп бекер айпаса керек. Себебі, адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы барлық ұғымдарды, заттарды, кез келген дүниені ана тілі арқылы қабылдап, үйрене бастайды. Солай-солай біртіндеп ол күрделене, ауқымы кеңейе түседі. Тіл арқылы біз оқып, білім алып, өзіміз қалаған кез келген мамандықты игереміз. Тіл арқылы даналар сөзін игеріп, одан ғибрат аламыз. Тіл халықпен жасайды, өмір сүреді, өнеді, өркендейді. Тілдің адам өмірі үшін мәні ерекше. Тіл - атадан балаға мирас болып қалатын мұра. Тіл - елдің іргетасы, демек іргетасы мықты елдің керегесі берік. Сондықтан да «тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем».  Өмірдің алмастай қырын, тылсым жұмбақ сәттерін түсіне білуіне себепкер - ол тіл, ол ана тілі.  Ана сүтімен кірмеген әр ұлттың тілі тана сүтімен кірмесі анық. Сонымен қатар тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Тіл - ол ауа. Ауасыз тыныстау ақылға қонбайтын, адам айтса сенгісіз дүние. Ауа адамға әрмен қарай тыныстап тіршілік етуіне  қажетті болса,  дәл  сол сияқты тілдің керектігі ауадан артық болмаса кем түспейді. Тілінен айырылған жан рухани болмысынан, адамдық қасиетінен айырылған пенде. Тілінен айырылған кез келген жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттың қолжаулығына айналады.
Тіл -  халықтың жаны тұтастай кескін келбеті, ұлттық болмысы. Әрбір ұлттың жан дүниесі.
Әр халықтың тілі ерекше білсең оның бағасын,
Мейлі бола берсін, болмасын оған таласым
Тіл түбірін сақтап дәйім, жақсылыққа арнай біл
Сонда ғана тіл арқылы халыққа жол табасың. –
дей келе тіл халық жанын танудың кілті дер едім.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
0 ответов