Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

«Үш тұғырлы тіл- баянды болашақтың кепілі»

Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең өзің біл.

Абай

Қазақ халқы өз тілін ардақтап, кие тұтқан.Тіл құдіретін танып, «Өнер алды - қызыл тіл» деп дәріптеген. Қазақ тілі- әуезді де бай тіл. «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті»,-деп Ахмет Жұбанов тілдің адамзат өміріндегі маңызын аша түскен. Ана тілінің құдіреті жайлы қаншама ойшылдарымыз, ақын-жазушыларымыз құнды пікірлер қалдырды. Осынау бабаларымыз сөйлеп, даналарымыз толғап, аналарымыз әлдилеп өскен қазақ тілі- еліміздің болашағының көркеюіне зор ықпалын тигізуде. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде». Қазіргі жаһанданған, ақпараттың дамыған ғасырында болып жатқан түрлі өзгерістер мен жаңашылдықтар еліміздің экономика саласына да, білім беру жүйесіне де тың ізденістерді енгізіп отыр.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көреген саясатының арқасында еліміз береке мен бірліктің, ынтымақ пен достықтың, татулықтың өлкесі болып, көпұлтты мемлекетке айналып отыр. Осы орайда елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап өткендей: «Біз - көпұлтты қоғамбыз. Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін және салт-дәстүрін дамытуға барынша жағдай жасауды алдыңғы уақытта да жалғастыра беретін боламыз»,-деген еді.

«Келешекке кемел біліммен»,-деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, келешекке терең біліммен қадам басып, білім кеңістігінің сырларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірі болып отыр.Үштілді оқыту – заман талабы. Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі.Ағылшын тілі - әлемдік бизнес тілі, оны меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Ағылшын тілін білу біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі. Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз керек»-деген еді Елбасы.

Елбасының үштұғырлы саясаты аясында шетел тілін үйрену, оның қолданыс аясын кеңейту, бүгінде кезек күттірмейтін өзекті де келелі мәселелердің бірі болып отыр. Алайда «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,-деп ақын жырлағандай, өз тілінде еркін сөйлеп, өз тілін құрметтейтін тұлғаны баулысақ, өзге тілді қадірлейтін тұлғаны баулитынымызға көз жеткіземіз.Сондықтан даменде ағылшын тілін таңдағаныма өкінбеймін. Осы орайда, өзім туралы тілге тиек етсем, менің ата-анам да мұғалімдер, менен үлкен әпкем де мұғалім.Ата-анам мені ағылшын тілі пәні бойынша оқуға баруымды қалады. Менің жолым болып «Лингва» шет тілдер колледжінің ағылшын тілі мамандығы бойынша грантта оқып бітірдім. Бүгінгі күні Алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейде ағылшын тілінің мұғалімі болып жұмыс істеймін.Ұжымым өте жақсы білімді мұғалімдермен толыққан. Бастауыш сыныпта ағылшын тілі пәнінен сабақ беремін. Үш тілді жақсы меңгергеніме қуанамын. Себебі, бүгінгі күні үш тілді білу –үлкен қажеттілік болып отыр.Әлі де білімімді шыңдап, ізденуге тырысамын. Заман ағымынан қалмай жаңалыққа құштар адам ғана алдыңғы баспалдақтарды баса алады. Сондықтан білімді болсаң алар асу алда деп ойлаймын. Білегіңе сенбе, біліміңе сен.Сені алып шығар , алға жетелер күш-білім.Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,-дейді. Ендеше, егемен елдің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз мемлекеттің саналы ұрпағы саналатын шәкірттеріміздің ізгі сарайын біліммен қаруландырып, білімнің биігінен көріну-мен үшін үлкен бақыт.

Қорытындылай келгенде, болашақ жастар, біздер өз тілімізді ардақтай отырып, заман талабы тудырып отырған үш тілде еркін сөйлеп, әлемнің кез-келген жерімен еркін байланысқа түсіп жатсақ, еліміздің ертеңі көркейе түсері сөзсіз. Көп тілді оқыту-жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашады, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты-қажеттілік. Олай болса, бүгінгі талапкерлерге әлемдік кеңістікке қанат қағып, шет тілін меңгерсем деп талап білдіргендерге ақ жол тілейік.


Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейдің ағылшын тілі мұғалімі

Сәдуова Ақбөпе Қайратқызы

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ