Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов

«Н.В.Нищева әдісі бойынша тіл дамытуға арналған 8 ойын түрі» жинағының қазақ тіліндегі баламасы

1. «Ит пен күшік»

Мақсаты: баланың белсенді сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыру (ит, күшік, оң жағы, сол жағы), сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын

(дара етістікті) қалыптастыру, қағаз бетін дұрыс пайдалана алу дағдыларын бекіту.

Ойын барысы: Логопед балаға ит бейнеленген суретті көрсете отырып, осындай итті өздеріне жасауды ұсынады. Ойын барысында өлең жолдарын пайдалануға болады. Кейін иттің бөлшектерін қарап, атап, осы бөлшектерден итті құрастыруды ұсынады. Логопед балаға қағаз кеңістігін сөзбен айта отырып (оң жағы, сол жағы, жоғары, төмен, алдында, артында) итті құрастыруына көмектеседі. Бала өз әрекетін сөзбен жеткізіп айтады, ал қиналған жағдайда логопедтің сөзін қайталайды.

Логопед өлең мәтінін мәнерлеп айта отырып, қимылдарын көрсетіп, балалармен бірге орындайды.

«Гав!Гав!Гав!»- (дөңгелене тұрып, қолдарын кеуде тұсына

бүгу, әр дыбысқа басын қозғау)

Қандай үлкен ит!

Құйрығы имек, тұмсығы қара, (қолдарымен құйрығын бейнелеу, сосын

мұрындарын ұстау)

Аяғының басы аппақ, (ырғаққа сай аяқтарын тарсылдату)

Бұл ит күшіктің әкесі. ( «төрт аяқтап» еңбектеп дөңгелене жүру)

2. «Түрлі-түсті түймелер»

Мақсаты: Баланың белсенді сөздік қорларын жаңа сөздермен (іш,бас, аяқ, тұяқ, құлақ, оң жақ, сол жақ) толықтыру, қағаз кеңістігін дұрыс пайдалануға және негізгі түстер (қызыл, сары, көк) туралы білімдерін бекіту.

Ойын барысы:Логопед балаға суретті көрсете отырып, осындай суретті өздеріне жасауды ұсынады. Ойын барысында өлең жолдарын пайдалануға болады. Сонымен қатар қонжықты, қонжықтың ішін, құлағын, басын көрсетуді ұсынады. Бала алдымен қонжықтың құлағын, аяқтарын санайды. Кейін аталған бөлшектерден қонжықты құрастырады.

Ойын барысында педагог бала назарын қонжықтың шалбарына аударып, қандай түсті екенін сұрап, нақтылайды. Сосын сары түймені оң жаққа, ал көк түймені сол жаққа орналастыруды айтады. Бала өз әрекетін сөзбен жеткізіп айтады, ал қиналған жағдайда логопедтің сөзін қайталайды.

Логопед өлең мәтінін мәнерлеп айта отырып, қимылдарын көрсетіп, балалармен бірге орындайды.

Қонжық

Томпақ әрі, сүйкімді, (дөңгелене қорбаңдап жүру)

Міне менің қонжығым.

Киіп апты әдемі, қызыл шалбарын. (шалбар киген қимыл жасау)

Міне басы, міне іші, (басы мен ішін ұстау)

Аяқтары көп, құлағы екеу, (төрт тағандап тұру, қолдарын

бастарына қойып, алақандарымен қонжықтың

Неткен сұлу менің қонжығым! (қорбаңдап жүру )

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

3. «Түлкі мен тышқан»

Мақсаты: баланың белсенді сөздік қорларын жаңа сөздермен (құйрық, көз оң жақ, сол жақ) толықтыру, сөздің грамматикалық құрылымын (дара етістіктер) қалыптастыру, қағаз кеңістігін дұрыс пайдалануға және негізгі түстер туралы білімдерін бекіту.

Ойын барысы:логопед балаға суретті көрсете отырып, осындай суретті өздеріне жасауды ұсынады. Ойын барысында өлең жолдарын пайдалануға болады. Балаларға түлкіні көрсете отырып, оны атауды сұрай отырып, түлкінің тышқан аулайтынын, ал тышқандар түлкіден қашатынын айтып түсіндіреді. Кейін аталған бөлшектерден түлкіні құрастырады. Балалар тышқанды түлкінің оңжағына, сол жағына, алдына, артына тығады. Бала өз әрекетін сөзбен жеткізіп айтады, ал қиналған жағдайда логопедтің сөзін қайталайды.

Логопед өлең мәтінін мәнерлеп айта отырып, қимылдарын көрсетіп, балалармен бірге орындайды.

Түлкі

Үлпілдеген, әдемі де құйрығы

Мақтанышы түлкінің. (аяқтарының ұшына тұрып, дөңгелене түлкінің

жүрісін салып жүру)

Ал түлкінің айлакер көзі (тоқтай қалып, басымен ырғақты қимылдар

жасау)

Тышқандардың қауіпі. (оң қолдары мен сол қолдарының шынтағынан

алақанға дейін «жүгірту», сол жерде ұстап алу)

imageimage

4. «Машина»

Мақсаты: баланың белсенді сөздік қорларын жаңа сөздермен (кабина, кузовы, доңғалағы) толықтыру, сөздің грамматикалық құрылымын (дара етістіктер) қалыптастыру, қағаз кеңістігін дұрыс пайдалануға және негізгі түстер (қызыл, сары, көк, жасыл) туралы білімдерін бекіту.

Ойын барысы:логопед балаға суретті көрсете отырып, осындай суретті өздеріне жасауды ұсынады. Ойын барысында өлең жолдарын пайдалануға болады. Балаларға осы суреттерді құрастырудан бұрын машинаның бөлшектерінің түстерін атауды сұрайды. Кейін балалар жүк машинасын құрастыратын бөлшектерді таңдап алады.

Логопед түрлі кубиктерді алып, балалар түстерді біледі ме, соны анықтап алады. Сосын балалар машинаны алдымен қызыл, оның үстіне көк кубикті, ал оның үстіне жасыл кубикті, алдына сары кубикті тиеуге тапсырма алады. Балалар тапсырманы орындап қана қоймай өз әрекетін сөзбен жеткізіп айтады, ал қиналған жағдайда логопедтің сөзін қайталайды.

Соңында қимылды ойын ойналып, логопед қимылдарын көрсетіп, балалармен бірге орындайды.

Машина

Мен машина жинай аламын, (қолдарына машина рулін ұстаған кейіппен, дөңгелене айналып жүру)

Артында кузовы бар. (қолдарын арттарына ұстап дөңгелене жүруді жалғастыру)

Доңғалағы мен кабинасы бар, (қолдарына машина рулін ұстаған кейіппен, дөңгелене айналып жүру)

Міне менде ең керемет машина. (дөңгелене айналып жүгіру).

imageimage

5. «Көбелек пен гүл»

Мақсаты: баланың белсенді сөздік қорларын жаңа сөздермен (гүл, сабағы, жапырағы) толықтыру, сөздің грамматикалық құрылымын (дара етістіктер) қалыптастыру, қағаз кеңістігін дұрыс пайдалануға және негізгі түстер туралы білімдерін бекіту.

Ойын барысы:логопед балаға суретті көрсете отырып, осындай суретті өздеріне жасауды ұсынады. Ойын барысын өлең жолдарымен жетелейді. Балаларға осы суреттерді құрастырудан бұрын гүлдің бөлшектерін (сабағы, жапырағы, гүлі) атауды сұрайды. Кейін балалар гүл құрастыратын бөлшектерді таңдап алады.

Логопед балаларға көбелектің бейнесін көрсетіп, онымен ойнауды ұсынады. Балалар көбелекті гүлдің үстіне, астына, жанына қондырады. Балалар тапсырманы орындап қана қоймай өз әрекетін сөзбен жеткізіп айтады, ал қиналған жағдайда логопедтің сөзін қайталайды. Соңында қимылды ойын ойналып, логопед қимылдарын көрсетіп, балалармен бірге орындайды.

Гүл

Тіке өскен жасыл сабағына (сұқ саусақпен ауада жоғарыдан төмен қарай тіке сызықтар сызу)

Хош иісті гүл өседі (саусақтарын шашыратып, қолдарын жоғары көтереді).

Ақ гүлдер, көк гүлдер, көп гүлдер (қол жұдырығын ырғақпен бірге айналдыру)

Міне осындай әсем гүлдер! (саусақтарымен «фонарик» жасап айналдыру).

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

6. «Шәйнек»

Мақсаты: баланың белсенді сөздік қорларын жаңа сөздермен (ауызы, тұтқасы, қақпағы) толықтыру, сөздің грамматикалық құрылымын (дара етістіктер) қалыптастыру, қағаз кеңістігін дұрыс пайдалануға және негізгі түстер (қызыл, көк, сары) туралы білімдерін бекіту.

Ойын барысы:логопед балаға суретті көрсете отырып, осындай суретті өздеріне жасауды ұсынады. Ойын барысын өлең жолдарымен жетелейді. Балаларға осы суреттерді құрастырудан бұрын шәйнектің бөлшектерін (тұтқасын, қақпағын, ауызын) көрсетіп, атауды сұрайды. Сонымен қатар шәйнектегі қонжықтарды дұрыстап қарап алу тапсырылады. Кейін балалар шәйнек құрастыратын бөлшектерді таңдап алады.

Балалар тапсырманы орындап қана қоймай өз әрекетін сөзбен жеткізіп айтады, ал қиналған жағдайда логопедтің сөзін қайталайды. Соңында қимылды ойын ойналып, логопед қимылдарын көрсетіп, балалармен бірге орындайды.

Шәйнек

Салмақты бастықтай ( дөңгелене тұрып, іштерін шығару)

Әдемі де, салмақты. (салмақты кейіп таныту)

Міне аузы, міне тұтқасы (оң қолымен мұрнын, сол қолымен аузын көрсету)

Ал қақпағы ұстау үшін ыңғайлы. ( жұдырық жасап төбелеріне қою)

Шәйнектің ішінде отыр екі қонжық жайғасып. ( оң қолдарындағы екі саусағын, сосын сол қолдарындағы екі саусақтарын көрсетіп, төбелерінде қонжықтың құлағын көрсету)

imageimage

7. «Ұлан»

Мақсаты: баланың актив сөздік қорларын жаңа сөздермен (бас, іш, қол, аяқ, мұрын, ауыз) толықтыру, сөздің грамматикалық құрылымын (дара етістіктер) қалыптастыру, қағаз кеңістігін дұрыс пайдалануға және негізгі түстер (қызыл, көк, сары) туралы білімдерін бекіту.

Ойын барысы:логопед балаларға суретті көрсете отырып, осындай суретті өздеріне жасауды ұсынады. Ойын барысын өлең жолдарымен жетелейді. Балаларға осы суреттерді құрастырудан бұрын баланың дене және бет мүшелерін көрсетіп, атауды сұрайды. Сонымен қатар балаға шалбары мен етігін кигізу тапсырылады. Сонымен қатар балалар тапсырмаларды орындай отырып, киімдері мен аяқ киімінің түстерін ажыратады.

Балалар тапсырманы орындап қана қоймай өз әрекетін сөзбен жеткізіп айтады, ал қиналған жағдайда логопедтің сөзін қайталайды. Соңында қимылды ойын ойналып, логопед қимылдарын көрсетіп, балалармен бірге орындайды.

Ұлан

Асықпай біз (қолдарын белге қойып, екі аяқпен секіру)

Киіндіреміз Ұланды.

Мына шалбар, мына етік (етік пен аяқ киімдерді киіп жатқан киіп таныту)

Сәбилерге, Ұланға.

imageimage

8. «Әтеш»

Мақсаты: баланың белсенді сөздік қорларын жаңа сөздермен (айдар ) толықтыру, сөздің грамматикалық құрылымын (дара етістіктер) қалыптастыру, қағаз кеңістігін дұрыс пайдалануға және негізгі түстер туралы білімдерін бекіту.

Ойын барысы:логопед балаға суретті көрсете отырып, осындай суретті өздеріне жасауды ұсынады. Ойын барысын өлең жолдарымен жетелейді. Балаларға осы суреттерді құрастырудан бұрын әтештің дене бөлшектерін (айдар) көрсетіп, атауды сұрайды. Кейін балалар әтеш құрастыратын бөлшектерді таңдап алады және олардың түстерін ажыратады.

Сосын логопед балаларға әтешке етігін киюге көмектесуді ұсынады. Етікті алдымен сол жағына, кейін оң жағына кигізеді.

Балалар тапсырманы орындап қана қоймай өз әрекетін сөзбен жеткізіп айтады, ал қиналған жағдайда логопедтің сөзін қайталайды. Соңында қимылды ойын ойналып, логопед қимылдарын көрсетіп, балалармен бірге орындайды.

Әтеш

Қодырайған әтештің, (өз денелерін жандарынан шапалақтау)

Айдары мен шашағы. (сол қолымен тұлымын, оң қолымен шашағын ұстау)

Қызыл етік киіп ап, (ырғақпен бірге аяқтарын тарсылдату)

Қаратады өзіне. ( қолдарын жандарына ұрғылай отырып, дөңгелене жүгіру.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов