Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов
Жоспар

1. Кіріспе ................................................................................. 3 бет

2. Негізгі бөлім

2.1. Оқыту үрдісіндегі ойынның маңызы ................................. 5 бет

2.2. Ойын элементтерін пайдаланудың педогогикалық ерекшеліктері....6 бет

2.3. Мектеп жасына дейінгі балаларды рухани – адамгершілікке тәрбиелеудегі ойынның маңызы....................................................................9 бет

3. Қорытынды ...........................................................................................17 бет

1 Кіріспе бөлім

Зерттеу жұмысында көрсетілген өзекті мәселе. Еліміздің әлеуметтік- экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім, беру жүйесін дамыта отырып әлемді білім кеңестігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан дүниесінің дамыуына, көзқарасы мен шығармашылық әлеуетінің танымдық біліктілігі мен мәдени құндылығының жоғары деңгейде дамуына жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасауда. Бұл жағдайда мектептің мақсаты – баланың табиғи күштерімен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасап, толық қамды, қоғам құруғаөзінің бар мүмкіндігі. Қазіргі кезде дүние жүзілік білім кеңестігінде, соның ішінде мектептегі білім беруде де, білімің жаңа сапалы деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған позитивты тенденциялар қалыптасып жатыр. Олардың ең бастысы: адами капиталды қалыптастыру құралы ретінде білімге деген жаңа бағыттарды, жолдарды дамыту. Бұл ретте мұғалімге жүктелер міндет жетерлік. Н.В. Савиннің тұжырымдауы бойынша, мұғалім–оқушының танымдық іс-әрекеті жақсы ұйымдастырушы, балардың табысына қатты ынта қоятын, олардың рухани өсуіне мүдделі, ықтиярлы да қамқор адам. Ал нәтиже бағдарланған білім моделінде «мұғалім – оқуды ұйымдастыру шарты ретінде оқу процесін шығармашылықпен құрастыруға жауапты»- деп көрсетілді. Яғни процесін ұйымдастыруда «оқушыны қалай оқытуды» емес, «оқушыны қалай үйрету» қажеттілігін ойластыруды талап етеді. Сондықтан «оқушыны қалай үйрету» жолдарын табу бүгінгі педагогикалық зерттеліп жатқан үлкен мәселенің бірі болып табылады. [1-47б] Мұғалім мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым – қатынасы сыйластық, ізеттілік орнатып, жүрек жылуының болуын қамтамасыз етеді. Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылатын ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруге көмектеседі. Өйткені сыныптағы оқушылардың сабақтан гөрі ойынға қызығыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар сыныптарда қолданылады. [2-41б] Зерттеу орны: Ойын –балалар әрекетінің негізгі түрі. Сондықтан ол бала өмірінде тәрбие мен білім берудің шешуші шарты болып табылады. Бала өзін қоршаған ортаны адамдар арасындағы қарым – қатынасты білуі мен сезінуі ойын негізінде жүзеге асады. Тіл дамыту сабағында ойын элементтерін пайдаланып, оқушылардың қызығушылығын арттыруға жұмыстанып ортырамын.

1.Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдармен күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек.

2.Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілгені жөн.

3.Ойынға сыныптағы балалар түгел қамтамасыз етілуі керек.

4. ойынның жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуымен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуге, ойлана білуге жетілуі керек.

Мақсаты: Балаларға білімді ойын арқылы үйрету. Ойын арқылы білім шыңдап, ой – өрісін кеңейту. Ойын арқылы балаға көптеген мәліметтер беру. Ойын арқылы баланың ақылын, дүниетанымын кеңейту. Ойын арқылы баланың сабаққа қызығушылығын, ынтасын дамыту.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Негізгі бөлім

2.1. Оқыту үрдісіндегі ойынның маңызы.

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан – жақты дамыған сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне түсетін ескрсек, білім негізгі бастауыштан басталатындықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әріпысықтауды көздейді.Бұл ойындар олардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықлас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау, зерде үрділерін дамытады.Міне, сондықтан да ойын оқу-іс әрекетінде жетекші роль атқарады.(№9.2005) «Ойын» ұғымына түсініктеме берсек бұл адамның мінез – құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірбиені қалыптастыруға арналған жағдаяттарнегізіндегі іс әрекеттің бір түрі. Ойын – бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланылатын ойын–сабақ,ойын–жаттығу,сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар. Ойын мектепке дейінгі балалар әрекетінің негізгі түрі. Сондықтан ол бала өмірінде тәрбиенің шешуші шарты болып табылады. Бала өзін қоршаған ортаны өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды адамдар арасындағы қарым-қатынасты баланың білуі, сезінуі ойын негізінде жүзеге асады. Баланың таным түсінігі іс-әрекеті ойыннан бастау алады да, болашақ өмірінде жалғасын табады. Ойын үстінде бала жеке тұлға ретінде дамиды, адамдармен қарым – қатынасты, әрекетті өзі реттеп, ұжымдық ойлаудың алғашқы тәрбиесін алатындығы дәлелденген.Ғалымдар балалар ойыны стихиялы, бірақ ересек адамдардың қоғамдық және еңбек әрекетінен туындағаны заңдылық деп есептейді.[2-25б]

Кеңестік педагогА.С.Маракено «Баланың ойынға деген құмарлықты қандыра білуіміз керек. Ойнау үшін тек қана уақыты болып қан қоймай, сонымен баланың өміріне ойынды бере және сіңіре білуіміз қажет. Оның барлық өмірі ойыннан тұрады» - деген пікірін өз еңбектерінде атап өткен.

Балаларды ойынға қалыптастыру қажет. Өскелең ұрпаққа қоғамдағы мәдениеттің сәтті берілуі балаларға ересек тарапынан ұсынылатын ойындар мазмұнына да байланысты болады.

Қоғамдағы тәжірибені жемісті меңгеру үшін, әрекет ету үрдісінде тек қана баланың өзінің белсенділігі болуы қажет екендігін ескере кеткен жөн. Егер тәрбиеші алынған тәжірибенің белсенділігін сипаттап, ескермесе онда ойынды үйретудің әдістемелік тәсілдері мен ойынды басқару өз деңгейінде практикалық мақсатқа жете қоймайды. Ойын кезінде жан-жақты тәрбиелелердің мақсаты әр жас кезеңде ойын әрекетінің психологиялық негізін құрастырған жағда йда ғана табысты іске асырылады. Бұл ойынның дамуы баланың психикасын үделі өзгертумен және ең алдымен балаға тұлғасының барлық жағынан дамудың фундаменті болып табылатынын оның интелектуалдық ортасына байланысты. Ойында психикалық үдерістер:м қабылдау, ойлау, ес, сөйлеу, т.б. қалыптасады.[2-30б]

2.2. Ойын элементтерін пайдаланудың педогогикалық ерекшеліктері.

Баланың кез – келген әрекеті белгілі бір міндеттерді шешуге бағытталған педагог –тәрбиеші ұмытпауы тиіс. Негізгі міндеттеріне өзгертуге мүмкіндік беретін шешімдіжәне сонымен бірге алға қойған ақсатқа жетуді жеңілдету аралықтарын алады.Балалар, шелекті тәжірбиелік міндеттер оқудан өзгешеленіп тұрады. Ойын міндетінің мазмұны баланың тәжірбиесімен білімімен ерекшеленеді. Бала өз әрекетиінен тәжірбие алады, көптеген нәрселерді тәрбиешілер мен ата – аналардан алады. Әр түрлі білімдер, әсерлер баланың рухани білімін дамытады, осының барлығы ойында көрініс береді. Ойын міндеттерін шешу заттың әрекетінің көмегімен ойын тәсілдерін шынайы танып, қорытудан көрінеді. Бала қуыршаққа кесемеен су берді, сосын оны кубикпен алмастырады және содан кейін жай ғана қолын қуыршақтың қолына алып барады. Бұл баланың жоғарға интелектуалдық деңгейде оның міндетін шешкенін көрсетеді. Іс жүзінде бұдан басқаша да болуы мүмкін, тәрбиеші жинақталған ойын әрекетіндегі баланың ойлауының мәнін түсінбей, барынша тәжірбиелікке ұқсас, ұжымдық әрекет етуді талап етеді талап етуі мүмкін. Бірақ, бұл біріншіден, баланың күнделікті өмірде не болып жатқандығының барлығын ойынға енгізіп, онда оның ең негізгі ерекшелігі-қиалдауы жойылып кететіндігін ескерткеніміз жөн. Мен өзімнің өткізген сабақтарымда ойынды жиі қолданамын. Ойын үстінде балалар, сабақты тез меңгереді. Сабаққа қызығушылығы артады. Ұжымдық қатынасқа бейімделеді.[ 8-6б]

Оқушылардың жалпы оқу деңгейін көтеру және олардың өміріне қажетті білімін, біліктілігін, әдетін, тәртібін, әлеуметтік өмір тәжірбиесін қоалыптастыру мақсатында әртүрлі пәндер енгізіледі. Олардың әрқайсысының өз бағдарламасы бар, екені бәріне мәлім. Сондай пәннің бірі – тіл дамыту пәні.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Ойын түрінде берілген жаттығулар оқушылардың ой-өрісін, санасын, логикалық ойлау дәрежесін дамытады. Ойлаудың жүйелі жүруіне математикалық халық есептерінің тигізер көмегіүлке. Ол халқымыздың атадан балаға мұра болып келе жатқан рухани алтын қазынасы. Бұл есептер оқушылардың дүние танымын байытуға, есепке деген құштарлы,ын арттыруға, сол арқылы ойын ұштауға себебін тигізеді. Ұжымды меңгерту үшін оның негізгі сипаттамасын білу қажеттігі баланы баулиды. [5-33б]Жасөспірімдердің жан-жақты дамуына жағдай жасау жалпыданжекеге қарай яғни жеке тұлғаны дамытудың баланың тіл мүкістігін танып түзетудің баланың жеке қасиеттерін ашып, өзара қарым – қатынаста қолданылатын сөз байлығын молайту болып табылады. Мұғалім тәрбие мен білім беруді аса жауапты міндет етіп қойып отру керек. Оның үстіне мектепте оқылатын пәндердің мазмұны заман талабына сай күрделеніп келеді. Бала қысқа мерзімді жалпыланған білім көлемін меңгеру керек. Сондықтан баланың ойлауын дамыту, олардың бойына логикалық ойлау операцияларын қалыптастыру және тиімді жауап іздестіру мәселесі қазіргі таңда мұғалімдердің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Ол үшін біз баланы жұмбақтар шешуге, жаңылтпаш айтуға үйретуміз керек. [6-12б] Тілдің негізгі элемент-сөздік қор. Оқушыларды оқыту барысында оқушының тілін дамытып, сөз байлығын арттыру ең маңызды жұмыстардың бірі болуы тиіс. Саусақ ойыны: Әсерлі көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен саусақ ойынын балаларға түсіндіріп, әр қимылы көрсетілуі керек. Қуырмаш: Қуырмаштың ережесін қайталап өту. Балаларды тұрғызып бір – бірінің алақандарына жатқызу, оң қолдың алақанына бір бала, сол қолдың алақанына бір бала жасайды. Бала жаттығу жасап тұрып оң, сол алақан деген сөздерге көңіл бөледі. Баларға хормен айтқызу.

Қуыр- қуыр қуырмаш Тауықтарға бидай шаш. Бас бармақ (бас бармақты жұмсады) Балан үйрек (сұқ саусақты жұмсау) Ортан терек (ортанғы саусақты жұмсау) Шылдыр шүмек (төртінші саусақты жұмсау) Кішкене бөбек (кішкентай саусақты жұмсау) Біріншіден: ол оқушының тіл байлығын молайтып, кеңейтеді. Екіншіден: үйренген сөздерді қатесіз сауатты айтуға бейімделеді. Үшіншіден:Сөзді үйрену арқылы оқушының тіл нормасында сөйлеп үйренеді -Сен бар, қозы мен лақты бақ(кішкене саусақты ашады) -Сен бар, Бұзауыңды бақ (басбармақ саусақты ашады)

-Сен бар, ботаны бақ (ортаңғы саусақты ашады) Жұдырықты жұмып, Ал, сен, от жақ Отқа қазанды қой Қазақша ет сал, Жұмысың біткен соң Жатта дем ал. Ешкіде сүтбар, қойда айран бар, Сиырда құрт, ірімшік бар, жылқыда қымыз бар, түйеде шұбат бар, деп әр саусақты көрсетеді. Осындай тақырыпта төрт түлікпен аалынған тағамдар туралы айтқызып, суреттерін көрсеу. Ойнатуға байланысты баланың сөздік қорын, тілін дамыту, ертегілер мен санамақтар ойында кездесетін жаңа сөздерді үйрету. Мағынасын ұғындыра отырып, оларды жасайтын сөздер мен сөйлемдерді меңгерту, ойын ауызша және жазбаша сауатты қатесіз жеткізе білуге дағдыландыру. Сөз бен сөзді байланыстыруға, дұрыс сөйлеуге үйрету, сөздерді үйретудегі ең маңызды міндет. –Балалардың ауыз екі сөйлеуде қолданатын сөзер қорын толықтырып отыру. Жаңа сөздерді есте сақтауға көмектесіп, көрнекіліктер пайдаланғанның маңызы зор. Мысалы:1) Тақтаға сурет іліп одан сөз айтқызып оны буынға бөлу. 2)Заттың суретін көрсете отырып, сөз, сөйлем құрату. 3)Суреттер арқылы баланың тілін, ойын, қабілетін дамыту. 4) Суреттер арқылы түсін, түрін, пішінін біліп айта білу. 5) Көрген суретті есте сақтау. Есте сақтау арқылы қағаз бетіне түсіру. Табиғат құбылыстары мен жан-жануар суреттері арқылы тілдік қорын дамыту.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ