Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласының А.Байтұрсынұлы атындағы гимназия жанындағы шағын орталықтың тәрбиешісі Маликова Ақмарал Әліпбекқызы

Тақырыбы: Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз.

Мақсаты. 1. Жас жеткіншектер бойына халқының қадір-қасиетін сіңіріп, өз ана тілін жетік меңгеріп, ұшқыр да шешен сөйлеуге баулу.

2. Қасиетті ана тілін қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

3. Балалардыңтіл байлығын, ой-өрісін, ойлау қабіле

тін дамыту.

Блингивистикалық компаненттер: Ана тілі-родной язык. күз-осень

Инклюзивтік компаненттер: тіл мүкісі бар балалармен жеке жұмыс.

Іс-әрекет бөлімі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық бөлім

-Балалар оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын сәлемдесіп, бір-бірімізге деген жылы лебізімізді

« гүл сыйлау» арқылы білдіріп алайық.

«Гүл сыйлау»

Аспанымыз ашық болсын!

Таңымыз арайлап атысын!

Ауамыз таза болсын!

Суымыз мөлдір болсын!

Мейірімді болайық!

Ақылды болайық!

Бәріміз жақсы бала болайық!

Бәріміз дос болайық!

Қош келдіңіздер қонақтар!

Осы айтылған тілектердің бәрі періштенің құлағына шалынып, қабыл болсын дейміз.

Рефлекцифтік бөлім.

«Күн құрастыру» (Сұрақ – жауап)

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз орысша қалай айтылады?

-Күз мезгілінде қанша ай бар?

-Күзде ауа райы қандайболады?

-Бір аптада неше күн бар?

-Апата күндерін атап жіберейікші.

Қазақ қазақ болғалы,

Тіл үшін күрес көргені.

Көргені көп тілімнің,

Мүмкін емес өлмегі,-

демекші, толғауы тоқсан туған тілге арналады.

Туған тіл жайында толғамаған ақын, жазбаған жазушы жоқ шығар, сірә.

Аяулым: Қасиетің ана тіл азба сенің,

Өзің барда ескірмес тозбас елім.

Сен болмасаң ұлы Абай ақын болып,

Мұқағали отты өлең жазбас еді.

Азамат: Асан қайғы, Жиренше

Сөйлеп өткен қазақ тілі.

Жәнібек пен Қойлыбай,

Сыйлап өткен ғажап тіл.

Ата-анамыз әлдилеп,

Уатқан бізді баба тіл.

Нұрай:

Сол туған тіл атауы-

Ежелгі біздің қазақ тіл.

Осытілді жек көрген,

Дүниеден қалар құр.

Бағаласаң шынымен,

Баба тілі шын асыл.

Нұрболат:

Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Арнұр:

Өнер алыд қызыл тіл,

Ой толғаған сырлы тіл.

Қалауын тауып қар жаққан,

Тас тілетін алмас тіл.

«Анамнің тілі» әні хомен орындалады.

Тәрбиеші:

Тілім менің!

Ұлы Абайдай, Мұтардай пірім менің.

Тұнығым, рухани жан азығым,

Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.

-Енді балалар, бір ойын ойнайық.

«Ұйқасын тап» ойыны.

Ана тілін білмеген адам, ... .

-Ештеңе сезбейтін надан.

Түк сезбеген балаң, ... .

-Жақсылық көрме одан.

Достарыңмен тату бол, ... .

-Дұшпаныңа қату бол.

Ақындардың бірі бол, ... .

-Туған елдің ұлы бол.

Туған жердің гүлі бол, ... .

-Азамат бол ірі бол.

Тәрбиеші:

Түзде басқа тілде сөйлессек,

Қайтеміз біз туған тілде шөлдесек.

Ең бастысы, қасиетті қазақ тілі барша қазаққа біреу. Мемлекеттік тіл, туған тіл –Қазақ тілі жасасын. Тілімізді қастерлеп , биік тұғырынан түсірмейік балалар!

-Балалар, сендерге өз ана тілдерің ұнай ма?

-Өз ана тіліңді құрметтейсің бе?

Бүгінгі оқу іс-әркеті ұнады ма?

Күз

Осень

Үш ай

Күн салқын

Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Жеті күн

Ұнайды.

Құрмет тұтам,

Басқа тілден биік тұтам:

Ұнады.

Күтілетін нәтижелер:

Не білді: Ана тілдерін қастерлеп, биік тұғырынан түсірмейтінін білді.

Не меңгерді: Оқу іс-әрекетін жақсы меңгерді.

Не істей алды: Тіл туралы тақпақтар айтып, мақал-мәтелдердің жалғасын атйып, «Анамның тілі» әнін орындады.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов