Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Прочее образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
Туған жер – алтын бесік

Әр адамға кір жуып, кіндік кескен жері ыстық, әрі қымбат. Менің туған жерім – Қазақстан. Сан ғасырлық тарихы бар ұлан – ғайыр кең дала – қазақ даласы, менің далам! Осынау кең байтақ жерді бабаларымыз «ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» көзінің қарашығындай қорғап келіп, Абылайдай хандардың Наурызбай, Қабанбай, Бөгенбай батырларымыздың аттарының дүбірі, Төле, Қазыбек, Әйтекедей билеріміздің тауып айтқан даналық сөздері кең дала мен ел жүрегінде сақтаулы.
Туған жер ұғымы әрбір адамның жүрегінде ерекше орын алады. Шыр етіп дүниеге келген әр сәбидің оңы мен солын танып, ел қатарына қосылып, азамат атанғанға дейінгі тәлім – тәрбиешісі де, қайырымды әрі қатал сыншысы да – осы туған ортасы. Сол туған ортасына сыйлы, қадірлі болуды әрбір саналы адам армандайды. Ал кейбір санасыз адамдар өз елінде жүріп – ақ жағымсыз қылықтарға бой ұрады. Өз ортасын ойрандайды. Адам деген атты надан деген ұғыммен алмастырады. Бұлардың туған жерге деген салмағы жоқ. Ал туған жерге салмағы бар адамдар бақи тірлікпен қоштасқан соң да, тірілердің санасында жұлдыздай жарқырап, сәуле шашып тұра береді деп ойлаймын.
Ал жан – жануарлардың туған жерге деген сағынышы тіптен күшті. Оларды басқа жерге алып барса, жерсінбей қашады екен. Оны біз Қабдеш Жұмәділовтің «Сәйгүліктер» романындағы Қозыкүрең аттың үш мың қашықтықты артқа тастап, өз еліне келіп, зорығып көз жұмуы немесе Төлеген Айбергеновтің «Сағыныш» өлеңіндегі тұтқынға түскен аруананың ботасын шайнап өлтіріп, атамекеніне оралуы – осы ойымыздың айқын дәлелі.
Жер шарының қай ендігінде жүрсең де «адам» атты ардақты атқа кір келтірмей, атамекеніңмен рухани байланысыңды үзбесең ғана жолың болары хақ. Өйткені, сағынышыңды өзге топырақ, өзге ауа, өзге су оның орнын толтыра алмайды. Мағжан Жұмабаев ағамыз айтқандай, туған жерге жер жетпес! Туған жердің қадірін, сыртта жүрген адам біледі. «Сағынған елін аңсайды, сары ала қаз көлін аңсайды» деп дана халқымыз айтқандай, туған жеріңде асау тайдай елі үшін жанын пида етіп, жауға найза ала шапқан ерлерді аңсап ұрпаққа үлгі етіп көрсетеді.
Шықшы тауға, қарашы кең далаға,
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.
О шетімен бұ шетіне жүгірсең,
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма? – деп Қасым Аманжолов ақынымыз жырлағандай, кеңдігі туған елімнің кеңпейілдігі секілді. Қонақжайлылығы, мейірімділігі бейне бір осы далаға сыймай жатқан сияқты.
ответил от Batyirxanov
0 голосов

Оңтүстің Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы №39 «Мырзашөл» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 5-асынып оқушысы Беікқызы Ұлжан.

Туған жер - алтын бесігім

«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деген мақалды естіген сайын өз туған жеріме деген патриоттық сезімім бойыма ерекше күш-қуат береді. Менің әжем ылғи да «Балам, ел боламын десең бесігіңді түзе деген нақылды есіңнен шығарма. Туып-өскен елің мен жеріңе жетер әлемде жер жоқ. Туған жерің жұмақ мекенің. Оның әрбір тау-тасы, құмы мен суы, қыбырлаған тіршілік иесі сен үшін қадірлі болсын» деп жиі айтып отырады. Алғашқыда мұндай сөздерге мән бермеуші едім. Енді ойлап отырсам, әжемнің сөзінде бір шындық бар секілді. Қазақ елі Тәуелсіздік алған жылдардан бері қаншама ұлы істерге қол жеткізді. Кеңестер Одағы заманында басқалар үшін елеусіз халық болып келдік. Енді міне, қазақ деген халық бар екенін бүкіл әлем таниды. Шет мемлекеттерге экспортқа шығып жатқан туған еліміздің өнімдері, мұнай мен алтын, бағалы металдарымыз, атақты кен орындарының дамуы еліміздің өркендеуінің белгісі.Ғылым мен техника, өнеркәсіп саласындағы ел игілігі үшін жасалып жатқан шаралар, іске асырылып отырған стратегиялық маңызды істердің ел үшін тигізер пайдасы ұшан-теңіз. Қазақстандағы білім саласының үлкен өзгерістері де болашақ жас ұрпақ үшін тиімді. Қазақтай елдің елдігін, ұлы халық екендігін көрсететін білімді жастарымыз «Болашақ» бағдарламасымен шет елдерде білім алып жатыр. Республика көлемінде көптеген оқу орындары жоғары деңгейде білім беруде. Мектептердің өзінде де ұстаздарымыз шәкіртінің болашағы үшін барын салып білім нәрін бойымызға сіңіріп, үлкен өмірге дайындайды. Туған еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылуы мен үшін бақыт десем болады.

Менің туған ауылым жүз елудей отбасы мекендейтін сонау түкпірде жатқан кішкентай ғана қазақ ауылы. Жылдың төрт мезгіліне қарай түрленіп, жаңарып, жасарып отыратын осы бір шағын ауылды қатты жақсы көремін. Адамдары сондай кішіпейіл, бауырмал, ақкөңіл. Үлкенге ізет, кішіге құрметін көрсетіп, іші-бауырыңа кіріп кететін аңқылдаған ақкөіңіл нағыз қазақтар осы ауылға жиналғандай көрінеді маған. Қыста мүлгіген тыныштықта болса, көктем шыға жер дүниемен қоса құлпырып, ерекше бір жандана түседі. Есік алдынан бастап сонау егіс даласына дейін ерінбей тіршілік еткен ауыл адамдары, дихандар. Таңсәріден қыбырлап көкжиектің бозарған сызат-белдеуімен бірге ауыл тіршілігі басталатын уақыт осы кез. Сағым даласынан аңызақ желі есіп, бетіңді күн сүйген ыстық жазының өзіндік қызығы тағы бар. Түстіктің ең ыстық нүктесіне орналасқан бұл өңірдің халқы таңғы төрт-бестен тірлігін қамдап, күн көтеріле бере салқында бас сауғалайды. Еңбекқор дихан бабалар ғана таңнан кешке дейін бір тыным таппайды. Берекелі күз мезгілі қалай тез өтіп кететінін білмей де қаламыз. Артынша бұрқыраған аязды желін алып қылышын сүйретіп қыс келеді. Туған жердің күні де,түні де, қысы мен жазы да керемет қой!

Ғаламтордан небір нәубетті басынан өткізіп жатқан, қыран – топан соғыс өрті тұтанған, зұлматты күндерде балалық шағын көз жастарымен, ата-анасынан айырылып, жетімдікте, баспанасыз күй кешіп қиындықта өмір сүріп отырған өзім сияқты балғын жеткіншектерді көргенде ешқандай уайым-қайғысыз мамыражай бейбіт елдегі біздер қандай бақыттымыз деген ойға шомып, жарқын болшағы, кемелденген келешегі бар, өркениетке ұмтылған елімнің бүтіндігіне, төрт құбыламыздың түгел екендігіне, салт-дәстүріміз бен тіліміздің , дініміздің беріктігіне қуанамын. Өзімнің қазақ халқының қонақжайлылығы, дархандығы, кең пейілділігі қандай керемет болса елі мен жері де сондай кең, сонау Алтайдан Атырауға дейін, түстіктен Арқаға дейін созылып жатқан Ұлы даланың кішкентай бір перзенті екенімді мақтаныш етемін. Осы шағын шығармамды жазу үстінде «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас», «Туған жер алтын бесігің» сөздерінің мәні мен мағынасы өте тереңде жатқанына тағы да бір рет көз жеткіздім.

№39 «Мырзашөл» ЖОМ КММ

16.02.2017 жыл.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
4 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
спросил от Saiynbek_pro в категории Музыка
0 голосов
0 ответов