Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Шығарма
«Мен болашақ құтқарушымын».
Әлемде  қызықты  мамандықтар өте көп. Мамандықты таңдау-  әр адам үшін оңай іс емес,  сондықтан  адамның таңдаған мамандығы  өзіне  маңызды. Менің ойымша  адам  жүрегіне жақын іспен, мамандықпен  айналысу керек.  Сондықтан мен өз мамандығымды  жүрек қалауымен,  таңдаған мамандығымнан  тек өзім ғана емес, менің туған туыстарымда  қуаныш  алатындай етіп, және басқа  адамдарға  пайда болатындай етіп таңдау дұрыс шешім деймін.  Сондықтан, менің  өз таңдауым–құтқарушы  мамандығы.
           Мен болашақ құтқарушымын!  Құтқарушы болу үшін, жақсы қасиеттерге,  білімге, жағдайды  дұрыс бағалауға, сонымен қатар тез шешім қабылдауды, жылдамдықты, батылдықты, ептілікті, тәртіптілікті, жауапкершілікті талап етеді. Сонымен қатар бұл мамандық – батырлық  және ерлікпен де  байланысты. Құтқарушы кез келген  қиын жағдайда  адамға  көмекке келеді, бірақ  ең батыл, күшті  адамдар  құтқарушы бола алмайды,  егер де  бұл мамандыққа деген  қызығушылығы,  құштарлығын сезіне алмаса, басқа адамның  қайғы мен қасіретіне  дайын болмайды. Балалық шақ естелігі, әр адамның ең маңызды естеліктерінің бірі. Сондай  естеліктің бірі менің жүрегімнің ең түпкір  жерінде  маңызды орын алып отыр.            
Алты жасымда менің  құрдастарым  отпен ойнай отырып,  кепкен шөп отқа оранып, шағын  өртке тап болды.  Балалардың өздері қорыққандары сонша,  жан- жаққа қашуды ұйғарыпты. Бірақ мен  белгісіз себептермен  су тасуды шештім, менің сол кездегі бар мақсатым, отты сөндіру болды. Мені көрген құрдастарым, маған көмектесуді ұйғарды.  Барлығымыз бірігіп, оттың  әрі қарай  жанып кетуіне  жол бермедік.  Сол  кездегі  қуаныш сезімім әлі есімнен кетпейді. Кешкілік уақытта ата- анаммен үстел басында отырған сәтте, бұл жағдайды баяндап берген  кезде, ата- анамнан ұрыс естудің орнына,  мен  алғыс сөздерін  естіп қуанышқа бөлендім.  Мүмкін, осы балалық  іс- тәжірибием  болашақ мамандық таңдауымда  көп көмегін тигізген шығар.  Құтқарушы болу үшін бір арман- тілектің жеткіліксіз екені барша адамға мәлім. Құтқарушы болу үшін  ең бірінші денсаулығыңның  мықты болуы,  болашақ құтқарушы жылдам киініп, керек заттармен қаруланып,  көлікті жақсы жүргізуі, физика, химия пәнінің заңдылықтарын  білу қажет. Сонымен қатар өз ісіне адал, еңбекқор,  шыншыл, батыл,  ержүрек,  қорқынышты жеңе білетін адам. Бұл мамандыққа ие адамдардың өз ар- намыс  ережесі, біреудің өмірін құтқару үшін  өз өмірлерін тәуекел ететін міндеттері бар. Иә, әр адам  сағат сайын, күн сайын  өз өмірін құрбан етуге дайын емес. Сондықтан, бұл адам  қайырымды жанымен әрқашан ерлік жасауға дайын екеніне көзіміз жетеді.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов