Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Шығарма

Отбасы бақыты
Жоспар:
Ι. Ғажап әлем.
ΙΙ. Балалық арман.
ΙΙΙ. Ажырасу.
ΙV. Арманның орындалуы.

   Отбасы, шаңырақ  дегенде, бірден  жүрегіңе жылу ұялайды.Отбасыңдағы әрбір мүше үшін алаңдау, қуаныштарына ортақ болу, бір ерекше ғажап әлем деп санаймын.Отбасы бар адам- ең бақытты адам.Отбасы бақытын бастан кешу үлкен әлем.
   Бала кезімнен үлкен отбасым болғанын армандайтынмын.Алдағы болашағымды көз алдыма елестетіп, қуаныш сезіміне бөленетінмін.Өмірде бәрі ойлағаныңдай бола бермейтінін ол кезде білмедім.Өмір мен үшін ғажайып ертегідей болатын.Сол ертегі әлемінде өзімді сұлу ханшайым деп санайтынмын.Болашақ жарым өзімді қатты сыйлайтын, өзіммен мәңгі өмірдің ыстығы мен суығына көретін, ертегі әлеміндегі ханзада болады дейтінмін.Алайда жасқа жас қосылып, есейген шақта, оның бәрі бос қиял екені мәлім болды.Нағыз ханзада тек ертегі әлемінде екен.
  Мектепті аяқтап, қалаға оқуға түстім.Он жетіде болсамда, әлі бала едім.Оқудан ауылға өндірістік тәжірибеге аттандық.Ауылда білімімізді шыңдамақ болдық.Алайда сол жылы бір үйдің шаңырағына келін болып түстім.Өзім әлі баламын, бірақ  жүрегім мейірімге толы еді.Отбасы болғанда құдай қосқан қосағыммен бірге болып, бір қарттық шақты өткізем деп ойлаушы едім.Алайда адам маңдайға жазғанын көреді екен.Жолдасыммен жас болғанымнан болар, оның кемшіліктеріне талай жыл көз жұмып келдім.Қанша ренжітсе де, бәріне шыдаймын деп шештім.Бірақ, оның бір кемшілігі ащы суға құмарлығы.Сол ащы суды, өз отбасына айырбастағанын түсіну өте қиын.Өмірге сәби келсе түзелер деп, өз- өзімді алдаумен болдым.Дегенмен де екі сәбиіміз болса да, сол ащы судан арыла алмады.Балаларым ер жеткен соң, әкелерінің әлсіз жағын біле бастады.Бір күні екеуі де, атасы мен әжесінің үйіне біржола кететіндерін айтты.Сол кезде қатты қиналдым, жақсы – жаман болсын, әкелерін ғой деген сөзге құлақ аспады.Олардың осы істерінің дұрыс екенін, соңынан түсіндім.Үйде ұрыс-керіс, береке бомаса, балаға қандай тәрбие бермекпіз.Балаларымның  шешімін қолдап, жолдасымнан заң жүзінде ажырасып, біржола екі жаққа кеттік.Егер сол адаммен тұра берсем, екі баламның болашағына кері әсері тиер еді.Олар әкесінің қылығына ашуланып, екеуі де, жаман жолға түсер ме еді?- деген қорқыныш сезімнен арылғым келді.Әке орнына әке, ана орнына ана бір өзім боламын деп шештім.Арине жалғыз басты анаға, екі баланы жеткіздіру оңайға соқпады.Әке, шеше, аға, бауырларымның көп көмегі тиді.Ол кез қазір ойласам, бір қорқынышты түс сияқты.Алайда отбасы бақыты маңдайыма жазған екен.Қазіргі уақытта екінші рет тұрмыс құрдым.Отбасы бақытының не екенін түсініп келемін.Алла тағала үшінші рет ана болу бақытын сыйлады.Екі үлкен балаларым студенттер қатарында, ал кішкентайым екі жастан асып келеді.Біз шынымен де, бақытты отбасымыз.Жолдасым  өте мейірімді, салмақты жан.Ешқашан дауысын көтермейді, өзімді қатты сыйлайды.Адамға бар болғаны, өз шаңырағы, сүйікті жары мен балаларының қасында болғаны да жеткілікті екен.Нағыз бақыттың құшағындамын.Жолдасым әке орнында әке, сырлас досымдай болып кетті.Әкемнің жоғын білдіртпеуге тырысады, өйткені менің әкемнің қызы екенімді жақсы біледі.Отбасында ынтымақ, тыныштық, береке болса отбасы мүшелері бақытты бола алады.Сондықтан ашуға салмай, отбасы берекесін сақтауға тырысамын.Жолдасым балаларымды өз балаларындай жақсы көріп кетті.Туған балаларындай қамқор бола алады.Туған әкелерінен көрмеген жақсылықты көруде, сол үшін де, қуаныштан көзіме жас аламын.Адам отбасында бақытты болса болды, қалғаны қажымай, талмай еңбекпен келеді.Өз отбасым- басты бақытым!
       Отан- отбасынан басталады демекші, біздің отбасымыз шағын кішірек Отан.Отбасым үшін, ешқашан шаршағанымды білдірмеймін.Отбасым үшін еңбектенуден талмаймын.Отбасым үшін еш аянбаймын.Менің отбасым өмірімдегі ең маңызды, ең жоғары бағалайтын, ең ғажап әлем.Бала кезден ертегіні жақсы көрем.Сол ертегідей өмір сүруді аңсап едім.Енді міне, сол армандарым біртіндеп орындалуда.Қазіргі уақытта ертегі әлемінде өмір сүрудемін.Арманымдағы ханзадаға кезіктім, мені алақанына салып, мәпелейді.Әйел адамға көп ештене керек емес.Жан жолдасы сыйласа, балаларының киімі көк, тамағы тоқ болса жеткілікті.Ол сол отбасындағы ең бақытты жанға айналады.Үйдің ұйытқысы, ол- Ана.Жарының да, баланың да, жұмыстың да бабаын таба біледі.Үй тірлігінде, бала тәрбиесінде, жұмысын да қатар алып жүре алады.Ол үшін оның бар екенін сездіретін, қуанышын, қайғысын бөлісе алатын жан –жары болса, жеткілікті.Отбасының берекесін кіргізетін адал жары.Отбасын жоғары бағалаған адам, нағыз бақытты адам.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
8 ответов
0 голосов
6 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз
0 голосов
4 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов