Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Қарағанды облысы Балқаш қаласы жалпы білім беретін №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Шакирова Дина Караевна

Тақырыбы: «Отбасы құндылықтары»

Мақсаты: Отбасы құндылықтарын туралы түсініктерін кеңейту. Отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салт-сананы құрметтеуге бағыттау.

Ресурстар: слайд, тақырыптық бейнежазба, отбасылық құндылық ағашы.

Барысы:

Кезеңдер

Әрекет

Ресурстар

І. Кіріспе:

Қатысушылар орындарына орналасады.

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, Құрметті ата-аналар! Бүгінгі тренингкке қош келдіңіздер! Сіздермен бірлесе отырып, «Отбасы құндылықтар» туралы ойымызды ортаға салып талқылап көрейік. Түрлі тапсырмаларды талқылауға атсалысуларыңызды сұраймын.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ахуал:

Қатысушылар дөңгеленіп тұрады. Өздерін таныстырып, жақсы тілектер айтады.

Мысалы: Менің атым-Дина. 3 А сыныптың мұғалімімін. Сіздерге бүгінгі күнге сәттілік тілеймін.

Барлық қатысушылар айтып, орындарына жайғасады.

Негізгі бөлім:

Ата-ана тәрбиесін

Енді кезекте ТӘРБИЕ дегенді қалай сипаттар едіңіздер? Ойларыныңызды бірлесіп қағаз бетіне түсіріп көріңіздер.

ТӘРБИЕ

Қоғамдық тәрбие

Рухани-адамгершілік

Ата-әже тәрбиесі


Стикер, маркер, А 3 формат

Ал ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРына не жатқызуға болады? Оны мына ағашқа жазып жапсырып көріңіздер.

Құндылықтар:

· Сүйіспеншілік;

· Дұрыс әрекет;

· Қиянат жасамау;

· Ішкі тыныштық;

· Ақиқат;

Осы құндылықтарды біз отбасымызда, бала тәрбиесінде қолданып, жақсы бала тәрбиелеуімізге болады.

Балаларымыз біздің көшірмеміз. Себебі біз қандай болсақ, балаларымыз сондай болары сөзсіз.

ØБіз жақсы деп білген затты, балаларымыз да жақсы деп қабылдайды.

ØБіз жаман деген затты, олар да жаман деп қабылдайды.

Бала тәрбиесінде жоғарыда аталған құндылықтар болса, артымызды тәрбиелі де білімді ұрпақ қалғанын байқаймыз.

(СЛАЙД бала тәрбиесі туралы)

ПІКІР АЛМАСУ:

Келесі кезекте «Байлық пен Сабыр» видеосын қарап көрейік. Сондағы тақырыпты талқылап ойларыңызды ортаға салыңыздар.

Осы бейне жазбадағы 4 қарыз не деп ойлайсыздар? Ойларыңызды ортаға салыңыздар.

1. Ата-анасына беру;

2. Балаларына жұмсау;

3. Күнделікті өмірге қолдануы;

4. Келешекке дайындау;

Сонда біз осыларды жасай отырып, бала тәрбиесіне аса мән береміз. Балаларымыз көргенін жасайды. Келешекте бізді асырап, бағуды мойындарына алып, адамгершілік қасиеті қалыптасады.

«Жалғасын тап» ойыны

Берілген мақалдың жалғасын тауып айтыңыздар.

üАтаға қарап ..........., анаға қарап .............

üАнаның көңілі ..........., баланың ............

üАта-ананың қадірін ..................

üҰяда не көрсең, ...............

üБалалы үй ..........., баласыз үй ............

üАнаның сүті- бал, .....................

üАта- бәйтерек, .................

üАнаңа ауыр сөз айтпа, ............

üЖақсы әке - ...........................

«Өміріңе немқұрайлы қарама» әнін айтамыз.

Ағашы, стикер, маркер.

Слайд

Видео

Мақалдар жазылған слайд

Әннің сөзі мен музыкасы

Қорытынды:

Тренинг соңында қазақтың ұлы жазушысы

Мұхтар Әуезов

«Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі,

өнеге беретіндігінен..... Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін, жас буынды

жақсылап тәрбиелеу қажет» деген.

Слайд

Дөңгелек үстел:

«Отбасы құндылықтары!»

Өткізген: Шакирова Д. К

2016/17 оқу жылы

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ