Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Дидактикалық ойын : «Отбасы үшін бөлме құрайық»
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

№8"Ақбота" шипа-жай типті бөбекжай -балабақшасы.

Білім беру саласы:Әлеумет

Ұйымдастырылған оқу іс-қызметінің түрі: Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен танысу.

Дидактикалық ойын : «Отбасы үшін бөлме құрайық»

Орындаған:

№11 "Бәйтерек"екінші кіші топ

І-санатты тәрбиешісі:

Имангалиева Ардақ Сапиқызы.

Атырау 2017жыл

Ұйымдастырылған оқу іс- қызметі

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің түрі:

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы:Дидактикалық ойын : «Отбасы үшін бөлме құрайық»

Білімділік мақсаты:Өзінің отбасы,отбастарында бір-бірінің қалай көмектесетіні туралы сұрақтарға жауап беруге үйрету.Отбасы үшін бөлме жасау,жиһазды қою,ыдыс-аяқты орналастыру,еңбек әрекетін дамыту.

Дамытушылық мақсаты:Сөздік қорын байыту,байланыстыра сөйлеуге үйрету,ойлау қабілетін дамыту.Тапсырмаларды орындау дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты: Ата-аналары өз балаларын өте жақсы көретіні,оларға көмек көрсететіні жайлы түсініктерін кеңейту.Отбасы мүшелерін құрметтеу және қамқорлық танытуға тәрбиелеу.Қамқорлыққа,мейірімділікке,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Технологиялық қамтамасыз ету:Үлгі суреттер,ойыншықтар,ыдыс –аяқтар,жиһаз,слайд,музыка,үлестірмелі құралдар.

Билингвальды компонент:Отбасы-семья ,жиһаз-мебель.

Сөздік жұмыс:

Әдіс-тәсілдер:

Әңгімелеу,сұрақжауап,түсіндіру,көрсету,қортындылау,мадақтау.

1.Себепті қызығушылығын ояту кезеңі. Балалар,қане барлығымыз сәлемдесейік.

Біз бүгін отбасы жайлы әңгімелейміз. Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын бізге ең жақын адамдар. Олар ата,әже,әке,ана,аға,іні,қарындастарымыз. Біздерге үлкендердің көмегі және сүйіспеншілігі қажет. Ал-ата-аналар,әсіресе ата-әжелер өздеріне көп көңіл аударғанды жақсы көреді. Үлкен кісілер демалыс пен тыныштықты ұнатады.

«Біздің әулет»өлеңін оқу

Атамнан басталар,

Әжемнен қосталар.

Отбасым мыналар

Ең жақын адамдар:

Әкем мен анам бар,

Бір туған ағам бар,

Бір туған апам бар.

Бәрін жақсы көремін,

Еркелеймін, еремін.

Релекасация. (баяу әуен қосылып тұрады.)

-балалар ,көзімізді жұмып,әрқайсымыз өз отбасымызбен бірге пойызбен Астанаға саяхатқа барайық. (суретпен жұмыс)

Сергіту сәті: «Нешеуміз? »

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық екеуміз.

Бас бармағым-әкем,

Балан үйрек-анам,

Ортан терек –ағам,

Шылдыр шүмек-мен,

Кішкене бөбек-сен, Балалар ,осы «отбасы» деген сөзге әрқайсымыз өзіміздің жақсы көретін сөзімізді қосып айтайықшы:отбасы тату болсын,бір-біріңді ренжітпеңдер,

сыйлаңдар.мен өз отбасымды жақсы көремін.мен анамды жақсы көремін.

Қорытынды:балалар бүгін біз кімдер туралы айттық? «ата-бәйтерек,бала-жапырақ», «әкеден ақыл,анадан мейір», «ағасы бардың жағасы бар,інісі бардың тынысы бар»-дейді дана халқымыз.сондай ынтымағы бар,тілегі бір отбасында өмір сүру-әр адамның зор бақыты.

Әрқайсымыздың отбасымыз аман болсын!

Деніміз сау болсын !Әрқашан отбасымызда береке-бірлік болсын!

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов