Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Монтессори технологиясы бойынша ойын жаттығулары

спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Атырау қаласы,Ақжар селосы

№59 «Ақбөбек» балабақшасының
II санатты тәрбиешісі

Үмбетова Мәрзия Әйіпқызы

Монтессори технологиясы бойынша ойын жаттығулары.

Тақырыбы: «Қуыршақ Машаға қонаққа барамыз»

Мақсаты:Білімділігі: Балаларды саусақ ойындарын ойната отырып, өз-өзіне қызмет етуге үйрету.

Дамытушылығы:Саусақ қимылдарымен қолдың ұсақ моторикасы арқылы ойлау қабілеттерін және жұмысты өз бетінше орындауға ынталандыру, өз – өзіне қызмет көрсетуді дамыту.Сергіту сәтін жүргізу арқылы қимыл қозғалыстарын молайта түсу.

Тәрбиелігі:Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге сезіне білуге жәнеүлкендерге құрмет,кішіге ізет білдіруге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Әңгімелесу,сұрақ-жауап,ойын технологиялары,ақылды кесте технологиясы,денсаулық сақтау технологиясы,халық ауыз әдебиет үлгілері.

Көрнекілігі:Сырма,ілгек,жіптер,баулар,әр түрлі жапсырмалар,қақпақтар т.б.саусақ ойын құралдары,үй ағаш,поезд сұлбасы, гүлдер мен көбелектер және слайд.

Балалар алдымен оқу қызметін бастамас бұрын келген қонақтармен амандасып алайық.

Сәлеметсіздерме ,қонақтар!

Тосын сәт: Есік қағылады.Тәрбиеші балаларға өздеріңнің сүйікті кейіпкерлері Машадан ашық хат келгенін хабарлайды.

Балалар қызығушылық танытады.

-Сәлеметсіңдерме, «Балапан» тобының бүлдіршіндері. Мен сендерді бүгін ормандағы үйіме қонаққа шақырамын.Сендерге айтар көп жаңалығым бар.Келіңіздер асыға күтемін!

Сәлеммен Маша!

Балалар Машаның ашық хатын тыныштықпен тыңдайды.

Тәрбиеші: Балалар сендерге қояр бір шартым бар.Алдымен жұмбақ жасырамын.Егер жұмбақты шешсеңдер сендерді Машаға апарамын.

Жұмбақ жасыру:

Бір-біріне үйлер тіркесіп,

Жүреді олар бірлесіп.

Жарайсыңдар,балалар!

Балалар жұмбақтың шешуін табады.

Поезд

Олай болса балалар,бәріміз поезбен орманға саяхат жасап,Машаға қонаққа барамызба?

Д/ойын: «Өз түсіңді тап»

Ойын шарты:

Тәрбиеші балалардың қолына әртүрлі түстерді таратады.Қолдарындағы түстері бойынша поезға отыруды ұсынады.

Балалар қуана келіседі.

Балалар пішіндері мен түстері бойынша өз вагондарына отырады. Балалар поезға отырып ,әндерін орындап,орманға келеді.

Тәрбиеші балаларға орман ішін таныстырады.Барлығы орман ішінде келе жатып әдемі гүлдерді көреді.Тәрбиеші балалардан гүлдердің түстерін сұрайды.

Балалар гүлдердің түстері атап,олардың қасында ұшып жүрген көбелек екенін айтады

Балалар орман ішімен келе жатырып,жолда кірпіні кездістіреді.

Кірпі: Сәлеметсіңдерме,балалар!

Тәрбиеші: Сен неге көңілсізсің?

Кірпі: Маған балалардың көмегі қажет болып тұр.Мен мына ағаштағы алманы алалмай тұрмын.Себебі менің тікендерім жерге түсіп қалды.

Тәрбиеші: Балалар,олай болса бәріміз. Кірпіге ағаштағы алманы алып беруге көмектесейік.

Балалар қуана келіседі.

Қ/ойын: «Кірпіге көмектесейік»

Балалар, алдымен кірпінің тікендерін қадап (қыстырғыштарды)содан кейін ағаштағы алманы алып беруді ұсынады.Кірпі балаларға алғысын білдіреді.Жолда келе жатырған балалардың алдынан бұлақ шығады.

Тәрбиеші балаларға бұлақтан өту үшін тастан аттап өту керектігін айтады

Қ/ойын: «Кірпіге көмектесейік»

Балалар, алдымен кірпінің тікендерін қадап (қыстырғыштарды)содан кейін ағаштағы алманы алып беруді ұсынады.Кірпі балаларға алғысын білдіреді.Жолда келе жатырған балалардың алдынан бұлақ шығады.

Сөйтіп,ормандағы Машаның үйіне келіп жетеді.

Маша балалардың келгеніне қатты қуанады.

Сөйтіп,ормандағы Машаның үйіне келіп жетеді.

Маша балалардың келгеніне қатты қуанады.

Тәрбиеші:-Маша сәлеметсіңбе,біздің балаларымыз өзіңе жеткенше асық болды.Маша біздің балаларға қандай жаңалығың бар.Аю аған көрінбейдігой.

Маша:-Аю ағам күн салқындаған соңғы кезде көп ұйықтайтын болып жүр.Сондықтанда ішім пысқан соң сендерді шақырдым .Маған Аю ағамның дайындаған үлкен сыйлығы бар.Балалар бәрің көздеріңді жұмыңдар.

Балалар көздерін жұмады.

Ал,көздеріңді ашыңдар.

Маша Аю ағасының өзіне дайындаған ойын бөлмесін көрсетеді.

Тәрбиеші: Қандай керемет!Ойын бөлмесінде көптеген ойыншықтар бар екен.

Балалар ойыншықтарға қызыға қарайды.

Маша: Бұл жайғана ойыншықтар емес.Бұл ойыншықтар біздің саусақтарымызды жаттықтыруға көмектеседі.Кәне,ойын ойнайық.

Маша балаларды төрт топқа бөледі.

I-топ: Жапсырмалар жапсыру;

II-топ:Бауларды байлап,шешу;

III-топ:Сырмалаларды ағыту;

IV-топ:Ыдысқа су құю;

Тағы басқа әртүрлі ойындар.

Маша: Бұл жайғана ойыншықтар емес.Бұл ойыншықтар біздің саусақтарымызды жаттықтыруға көмектеседі.Кәне,ойын ойнайық.

Машаның ойыншықтары-мен балалар топқа бөлініп.бір-бірімен алмасып ойнайды.

Тәрбиеші: Маша осы сенің Аю ағаң ұйықтап жатыр деп едіңғой.Олай болса менің балаларым аюды оятып кетсін.Сонда сенің біз кеткеннен кейін жалықпайтын боласың.

Сергіту жаттығу:

Аю,аю тұршы,

Бетіңді жушы,

Тәрбиеші поезға отырғаннан кейін ормандағы саяхаттарын сұрақ –жауап арқылы қорытындылайды.

Балалар келген қонақтармен қоштасады. Балалар поезға отырып,көңілді әнмен балабақшаға қайтады.

Балалар қимылмен орындайды Балалар Машамен қоштасады .

Тәрбиешінің сұрақтарына балалар жауап береді.Балалар поезға отырып ,әнді орындап көтеріңкі көңіл-күймен балабақшаға қайтады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білді:Саусақ ойындарын түсіне білді.

Нені меңгерді:Балалар сырманы,ілгекті,бауды,жапсырманы тағыда басқа заттарды қалай қолдану керектігін меңгерді.

Нені жасай алды:Балалар сергіту сәтін,кедергілерден өтуді және жаттығуларды қимыл-қозғалыспен орындай алды.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов