Тақырыбы: «Ана-отбасы жүрегі, мейрімділік тірегі»
Мақсаты: Көктемнің алғашқы күнімен сәйкес келетін осы қасиетті сөздің мағнасын ашу. Аналарды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Түрі: сыныптан тыс шара
Көрнекілік: үнтаспа, бейнежазба, презентация, сөздер жазылған плакаттар, гүлдер, шарлар.
(сыныптағы барлық ұл балалар ақ көйлек, қара шалбар,8 ұл- сары бабочка, сары шлаяпа, 8 ұл-қызыл бабочка, қызыл шляпа)
Абильмансур
Құрметті ата-аналар, оқушылар. Көгілдір көктемнің алғашқы күнімен бірге келетін жайдары да нәзіктік мерекесі болып саналатын 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге арналған «Ана-отбасы жүрегі, мейрімділік тірегі» тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Көктемгі даланың сәні, адамның жыр-әні болған жауқазын, яғни қыр қызғалдақтарын ортаға шақырайық.
Би: «Қызғалдақтар»
Ербол
Анашым-осы қасиетті сөзді естегін әрбір жанда жүрегінде мейірім, көзінде шаттық болары сөзсіз. Жер беті ешбір анасыз құлпырған емес. Әлемнің бар гүлін сыйласақ та, аспандағы күнді сыйласақта сіздерге аздық етеді. Бірақ кішкене сәби жүрегімізден сыйлаған осы бір ақ тілекті қабыл алыңыздар.
Арлан
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар.
Дәмер
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,
Лунара
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын апалардың баласы бар
Ержан
Ана деген – бастауы ұлылықтың
Ана деген - рәмізі сұлулықтың
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
Жігер
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Аида
Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары, -
Нурдаулет
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
Оразмұхаммед
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.
Абильмансур
Ана-осы үш әріпті қасиетті сөзде барша ғаламның табынушысы, барша елдің ардақтысы барын кім білген. Мейіріммен ізеттілік, кішіпейілділік пен инабаттылық та осы сөздің құшағына сыйған. Неткен керемет десеңші! Жүзіңді әжім шалмай, шашыңа ақ түспей, ардақты аналарым ортамызда жүре беріңіздерші. Анамыздың шашына ақтың түсетінін көрейік.
Автор-Қыдырәлі
Миша анасының басынан үш тал ақ шаш көрді.
Миша-Дәмер
-Мама, басыңда үш тал ақ шаш бар екен,-деді.
Автор:
Мамасы езу тартып күлді де қойды. Бірнеше күн өткен соң Миша шешесінің басынан төрт тал ақ шаш түскенін байқады.
Миша:
-Мама, басыңда ақ шаш төртеу болыпты. Бұрын үшеу ғана еді ғой. Неге тағы біреуі ағарып кеткен?
Анасы-Лунара
- Ауырғаннан, ананың жүрегі ауырса, шашы ағарып кетеді.
Миша:
-Жүрегің неден ауырады?
Анасы:
-Есіңдеме, сен өте биік ағаштың басына өрмелеп шықтың ғой. Мен оны терезеден көріп тұрғанмын. Сенің жіп-жіңішке бұтақ үстінде тербеліп тұрғаныңды көріп, жүрегім ауырып кетті. Содан шашым да ағарды.
Автор:
Миша ұзақ ойланып отырды. Содан соң шешесіне келіп, оны құшақтап.
Миша:
-Мама, егер мен жуан бұтаққа отырсам, шашың ағармас па еді?
Автор:
Құрметті достар, ананың жүрегі ауырып, қабағын түйетін әрекеттер жасамайық. Ана жүрегі біздің әрбір жаман әдеттерімізден ауырады. Сондықтан жақсы оқушы, жақсы бала болайық.
Ербол
Анашым- тербелеген өмір бесігінің айнасы, қуанышымыздың айғағысыз. Сіз қуансаңыз барша әлем қуанады, сіз жымисаңыз әлемдегі барлық жабық есіктер ашылады. Сіз мен үшін баға жетпес асылсыз. Барша аналар сіздердің қабақтарыңызға ешқашан қайғы кірмесін. Тек қуаныштан ғана күліңіздер дегім келеді. Келесі ақ тілекті өлеңіміз өздеріңізге арналады.
Ән: «Құттықтаймын мама, туған күніңмен!»
Нұрзат
Шашымды өріп тараған,
Қабағыма қараған
Үлкен кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.
Айғаным
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.
Ибраһим
Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.
Жанель
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір - бірден
Аналарға сыйлаймыз.
Ернар
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар.
Али
Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.