Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Сабақтың тақырыбы:Мүсін өнері
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Оқушылардыңмүсінөнерітуралытүсініктерінкеңейту.
ә) тәрбиелігі: Мүсінөнерініңайырықшатуындыларынкөрсетеотырып, оқушыларғаэстетикалықтәрбие беру.
б) дамытушылығы: сұрақтарарқылыоқушылардыңдүниетанымын, шығармашылыққабілеттерінбайқау, дамыту.
Типі:Жаңасабақтытүсіндіру
Әдісі:Сұрақ - жауап, топпенжұмыс, түсіндіру.
Көрнекілігі:Слайд, мүсінніңжасалужолыкөрсетілгенсуреттер, сөз жұмбақ

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар:интерактивтік тақта, ермексаз, сүлгі, картон, т.б

Пәнаралық байланыс:Мүсін өнері тарих пәнімен байланыстыру.
Сабақтың барысы:
Жоспар:
1. Мүсін өнерінің шығу тарихы.
2. Мүсін өнерінің түрлері
3. Мүсін өнерінің маңызы және қоғамда алатын орны.
4. Жаңа терминдерге түсінік беру.
5. Қорытынды(сөз жұмбақ шешу)
І Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен амандасу, сабаққа жалпы дайындықтарын тексеру, сыныпта жоқ оқушыны белгілеу.
ә) Бір - біріне мейірімділік, жылулық, жақсылық тілеу.
ІІ. Білімді жан - жақты тексерту
Бүгінгі сабағымызды сайыс түрінде өткіземіз.Сыныпты үш топқа бөліп аламыз. Осы үш топқа бейнелеу өнерін қаншалықты білетіндерін тексеріп сұрақ қоямыз.Өткен тақырыпқа байланысты топтарға сұрақ қойып, жауап алу.

І-ші топ - Мүсіншілер

ІІ-ші топ – Хакімжан Наурызбаев шәкірттері

ІІІ-ші топ – Бояулар әлемі

І топ.1.Бейнелеу өнерінің қанша түрі бар? (кескіндеме,графика,мүсін, сәулет өнері, сәнді қолданбалы өнері, дизайн өнері).

2.Кескіндеме өнерінің басты құралы не? (түс).

3.Табиғат әлемінеде кездесетін түстер екі топка бөлінеді, ол қандай?(жылы және суық түстер).

4. хроматикалық түстерді атаңдар. (қызыл, сары, көк, жасыл т.б)

ІІ топ.1.Пейзаж дегеніміз не? (Табиғатты бейнелеу)

2.Ахроматикалық түстерді білесіңдер ме? (ақ, қара, сұр)

3. Алматыда Қазақтың Ұлттық көркемсурет галереясы қай жылы ашылды? (1935жылы)

4.Акварель бояуы қандай болады? (мөлдір, нәзік)

ІІІ топ. 1.Алматыда Қазақтың Ұлттық көрекемсурет галереясы кімнің атымен ашылды?(Ә.Қастеев)

2. Анималистік жанр дегеніміз не? (аңдардың, жануарлардың бейнесін салу)

3. Перспективаның түрлерін ата? (жазықтық, ауа, сызықтық, жарық, көлеңке)

4. Майлы бояу немен езіледі? (маймен)
ІII. Жаңа сабаққа дайындық
Оқушыларға бүгінгі сабақта қандай тақырып өтетінімізді түсіндіру
Құрал жабдықтарын түгендеу.
Картон, су, пластилин, қол сүртетін сүлгі.
IҮ. Жаңа сабақ
Мүсіннің шығу тарихы Қазақстан аумағында ежелгі мүсін өнері ескерткіштері тас дәуірінде пайда болған.Бұл тас мүсін – Балбал тастар.Оны жасауға сопақ пішінді тастарды іріктеп алған. Олар: Орталық Қазақстан, Жетісу өңірінде көп кездеседі. Ертеректегі тас мүсіндер жалпақ, әрі көлемді болып келеді. Одан кейінгілері жұмырлы мүсін болып келеді.
Мүсіндеу өнері - көркем өнердің бір түрі. Мүсінді «скультура» деп атайды. Ол сөзді ең алғаш ежелгі Римдіктер ойластырған. «Скульпо» деген латын тілінде «кесу, қашау» деген мағынаны білдіреді. Мүсіндеудің негізгі объектісі - адам. Мүсіндеудің түрлері: Жұмыр және рельеф(бедерлі). Жұмыр мүсіндеу үш өлшемдеуден тұрады. Олар кеңдік, биіктік, жуандық шығармашылық жұмысты айтамыз
Рельеф: - мүсіндеу өнерінің кең тараған түрі.
Рельеф дегеніміз - тек бір жағынан қарағанда жазықтық бетінен жақсы көрінетін мүсінді айтады. Рельеф 2 түрге бөлнеді: Барельеф- деп,жартылай сомдалған нәрсе жазықтық бетінен аз ғана шығып тұрса Баральеф болып табылады.Горольеф- жазықтық жартысынан көбірек дөңестеу шығып тұрған мүсінді айтады
Мүсінші деп - сазбалшықтан қашап жасайтын адамды айтады
Мүсіндеу техникасы - жабыстыру ою - шекіме, гольванопластика, металдау құю жатады.
Алғашқы қазақ мүсіншісі Хакімжан Наурызбаев 1951 жылы Харьков көркем сурет институтын бітіргеннен бері портрет портрет және монументальді сәндік мүсін төңірегінде жұмыс жасайды.
Мүсіндеу әлемді пластикалық бейнеде меңгерудің кеңістік бейнелеу өнері.
Мүсіндік бейнелеу объектісі - көбіне адам, ал кейде хайуанаттар, жансыз заттар болып келеді.
Монументтік мүсіндеу - бұл ұлы адамдарға немесе тарихи оқиғаларға орнатылған, асқақ келісті де мәнерлі өз бойына үлкен жалпы адамзаттық идеяны жинақтаған ескерткіштер.
Қондырғылы (станокты) мүсіндеу көбіне портрет ретінде ұсынылады.
Қондырғылы мүсіндеуде бір топ адамдарды немесе бір адамның тұлғасын бейнелейтін жанрлық мүсіндеу едәуір орын алады.
Мүсін әртүрлі материалдардан фарфордан, ағаштан, сүйектен тастан мүсіндері түрлі - түсті болып келеді.
Анималистік жанр -(лат. Жануар ) хануанаттар дүниесін бейнелеу өнері
Анималист мүсінші – Жануарларды бейнелейтін мүсінші.
V. Практикалық жұмыс:Оқушылар биыл «қой» жылы болғандықтан қойдын мүсінің жасаймыз. Ермексазды алып жұмысты бастаймыз. Бірінші ермексазбен денесін домалақтап мүсіндеу.Екінші мойынын, басын, аяқтарын жасаймыз. Жұмыс аяқталған соң «Өрісте жайылып жүрген қошақандар» атты көрме ұйымдастырамыз.

VІ . Сабақты қорыту.Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, сұрақ қою арқылы түсініктерін тексеру. өз жұмыстарын қалай қай әдіспен мүсіндегенін сұрап бағалау. Оқушылардың жұмыстарын салыстырып қателерін айту.

Сөз жұмбақ

1 Бұл қандай тастар (Балбал)

2 Мүсіндеу өнерінің кең тараған түрі (Рельеф)

3 Оқып отырған құралымыз (Бейнелеу)

4 Алғашқы қазақ мүсіншісі (Наурызбаев)

5 Мүсінді қандай матералдардан жасайды? (Сүйек)

6 Жануарларды бейнелейтін мүсінші? (Анималист)

7 Көркем өнер бір түрі? (Мүсіндеу)

8 «скульпо» латын тіліне қандай маған береді? (кесу)

VІІ. Үйге тапсырма. Жануарларды мүсіндеу

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов