WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫНДА Ж¥МЫС ІСТЕУ
WordPad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. WordPad құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі қаріпті қолдануға, сонымен қатар графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады.
WORDPAD БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСУ
WordPad мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз: Пуск => Программы => Стандартные => WordPad. (Жіберу => Бағдарламалар => Стандартты -> WordPad.. Редакторды іске қосқаннан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал-саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы. Терезенің көп бөлігін бос кеңістік жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі. Терезенің тақырып жолында қркат аты және WordPad. бағдарламасының аты көрінеді. Құрал-саймандар тақтасында, пішімдеу тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар. Әрбір батырманың, міндетін білу үшін, маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төрт бұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.
WORDPAD - та құжат құру
WordPad құжат кұру үшін, төмендегі негізгі сатыларды орындау керек:
- Қаріп және оның өлшемін таңдау
- Мәтінді енгізу және редакциялау
- Мәтінді пішімдеу
- Құжатты сақтау және ашу
- Осы сатыларды қарастырайық:
1. Қаріп және оның өлшемін таңдау:
Мәтінді термес бұрын қажетті тілді таңдап аламыз. Қаріп түрлерін кұрал-саймандар тақтасындағы Қаріп батырмасын шерту арқылы, ал өлшемін Қаріп өлшемі батырмасы арқылы өзгерте аламыз.
2. Мәтінді енгізу және редакциялау:
Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжытылып отырады.
Мәтінді теру кезіндегі кейбір пернелердің қызметі:
Enter - жаңа жолға көшу
Shift - бас әріптерді теру
СарsLоск - бас әріптер режиміне ауысу
Васкsрасе - меңзердің сол жағындағы символарды өшіру
Delete - меңзердің оң жағындағы символдарды өшіру
3. Мәтінді пішімдеу:
Мәтіннің әлпетін өзгерту және шеттері бойынша тегістеу әрекеттері орындау мәтінді пішімдеу деп аталады. Ол үшін пішімдеу тақтасындағы Ж- жартылай қалың, К - курсив, Ч - асты сызылған батырмаларын шерту арқылы жылдам өзгертеміз.Мәтінді тегістеу үшін Пішімдеу құрал-саймандар тақтасындағы сол жақ шеті, оң жақ шеті, ортасы бойынша тегістеу батырмалары қолданамыз.
4.Құжаттарды сақтау және ашу:
WordPad мәтіндік редакторында құжатты сақтау үшін Файл - Сохранить как командасын орындаймыз. Сақталған құжатты ашу үшін: Файл - Открыть командасын орындаймыз.
Жаңа құжат құру үшін: Файл - Создать командасын орындаймыз. Жаңа құжат терезесінде құжат түрін таңдап ОК шертеміз
IV. Компьютерде тапсырмалар орындау:
1 – тапсырма.
Мәтінді теріңіз. Мәтін өлшемі – 20, орта бойынша туралауда орында.
«Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі»
2 – тапсырма.
Мәтіннің өлшемін – 16, түсін – жасыл, сол жақ туралауда, түрін – жартылай қарайтылған курсивті қылып пішімдеңіз.
«Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені, еменнің иілгені - сынғаны»
3 – тапсырма.
Мәтінді теріңіз, оны белгілеп алып асты бір сызықпен сызылған, әрі қарайтылған, орта бойынша тураланған етіңіз. Мәтін өлшемі – 14, түсін – көкпен өзгертіңіз. Осы құжатты «Білім» атымен сақтаңыз.
V. Сергіту кезеңі.
1.Саусақ жаттығуларын жасау
2.Көз жаттығуларын жасау
3.Йық жаттығуларын жасау
VI. Ауызша тапсырма.
Қателерді анықтау
Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықта.
Мен компьютермен жұмыс істегенде міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін терезелерге қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, колонкаға құжаттарымды сақтаймын. Жауабы: 7 қате
VII. Полиглот.
VІІІ. Сабақты бекіту: (Терезе қатарларын құрастыр)
ІХ Бағалау
Х. Үйге тапсырма: Word Pad мәтіндік редакторында жұмыс жасау.
«Word Pad» сөзіне сөзжұмбақ, ребус құрап келу.