Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Сырым Датұлы бастаған ұлт азаттық қозғалыс туралы ашық сабақ керек. Сабақ жоспары
спросил от Batyirxanov в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов
ЖОББ Шипов мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Жангирова Улбике Изтелеуовна
Қысқа мерзімдік жоспар

    
Күні
    16.09.2015 ж.
Сыныбы    11
Сабақтың тақырыбы    Сырым Датұлы бастаған ұлт азаттық қозғалыс (1783-1797 жж)
Мақсаты

    Көтерілістің себептері, қозғаушы күші, басталуы, жеңілу себебі мен тарихи маңызын ашу
Күтілетін нәтижелер

    АСырым Датұлы бастаған қозғалыстың  негізгі себептері мен қозғаушы күшін ашып көрсетеді.
В. Сырым Датұлы бастаған көтерілісшілер, патша әскері және оларды қолдаушылар арасындағы негізгі шайқастардыайтып, ол жерлерді картадан көрсетеді.
С. Көтерілістің жеңілуінің  негізгі себептерін талдап айтады.

Керекті жабдықтар

    Қазақстан тарихы 11 сынып,авторлары:  Т.Тұрлығұл, С.Жолдасбаев, Л.Қожакеева, Г.Жусанбаева,  электрондық оқулық, әдістемелік құрал, ресурс парақтары, бланкілер және фломастер, электронды оқулық, карта, тірек- сызба, бағалау парағы, рефлексия парағы, хронологиялық кесте.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері    Уақыты    Мұғалім әрекеті     Оқушы әрекеті
Кіріспе

    

    Амандасу. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу. Топқа бөлу.
Үй тапсырмасын «Коктейль таяқшалары» әдісі арқылы сұрау    Оқушылар түстер арқылы жұпқа бөлініп отырады.

Оқушылар қолдарына «Коктейль таяқшаларын» алып үй тапсырмасын жұптарына айтады.

Тұсаукесер

    

    Оқушыларға «Сырым Датұлы бастаған көтеріліс» жөнінде электрондық оқулықтан мәліметтер көрсету.
     
Оқушылар видеороликті тамашалап болып тақырыпты ашады.
Негізгі бөлім

        Төрт жұпқа тапсырмалар  беремін.
І жұптың  тапсырмасы:  ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысындағы патша үкіметінің отарлық саясатының күшеюіне нақты мысалдар келтіріңдер.
ІІ жұптың  тапсырмасы: Орынбор өлкесінің басшысы О.Игельстромның көтеріліс барысында  Сырым бағытына қолдау көрсетуінің мәні неде?
ІІІ жұптың тапсырмасы: Көтерілістің қозғаушы күшіне, жеңілу себептеріне, тарихи маңызына талдау жасаңдар.
ІҮ жұптың тапсырмасы: Хандық кеңеске қатысты рубасыларының, сұлтан топтарының, Сырым Датұлының қарым- қатынасына баға беріңдер.
Тапсырма орындалған соң «екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалатамын.

Қосымша тапсырма:
Көтерілістің жеңілу себептерін талдап көрсету және бұл көтеріліс қандай жағдайда жеңіске жетуі мүмкін едіү
    

Жұптар  берілген тапсырма бойынша оқулықтан және 8 сыныптың оқулығынан және интернеттен  мәліметтерді толықтырып жинап өз ойларын дәлелдейді. Шағын топтар  бір бірінің жұмысын «екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісімен бағалайды.

Оқушылар берілген мәліметтер арқылы өз ойларын айтады.

Қорытынды

    
    Тест сұрақтарын беру.
Сабақтың басында берілген табыс критерийлерімен оқушылардың  өзін-өзі бағалауын ұйымдастыру.
Оқушы бағалауын тыңдап, өзім қорытындылап бағалаймын
Оқушы бағалауын тыңдап, өзім қорытындылап бағалаймын.
Үй тапсырмасы:  Сырым Датұлы көтерілісі кезеңіндегі  маңызды оқиғалардың хронологиясын жазу.

Сабақ соңындағы рефлексия: «Бағдаршам» әдісі
    Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді. Жұптар өзара тесттерін тексереді.
Әр оқушы табыс критерийлеріне қаншалықты жеткенін талдап, өзін-өзі бағалайды.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Сабақты қаншалықты түсінгендіктерін оқушылар стикерлер арқылы көрсетеді.

Табыс критерийлері
№    Тапсырма     Өте жақсы    Жақсы     Орташа
1    Отаршылдыққа қарсы Кіші жүз қазақтарының наразылығы қашан басталғандығын білемін.            
2    Сырым Датұлы бастаған көтерілістің негізгі себептері мен қозғаушы күштерін айта аламын.            
3    Сырым Датұлы бастаған көтерілісшілер, патша әскері және оларды қолдаушылар арсындағы негізгі шайқастар туралы айтып картадан көрсетемін.            
4    Көтерілістің жеңілу себептерін талдаймын.
ответил от Batyirxanov
0 голосов

Сырым Датұлыбастаған ұлт-азаттық көтерілісі

(1783-1797 ж.ж.)

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Сырым Датұлы басқарған ұлт-азаттық көтерілістің шығу себебі,барысы,маңызы,нәтижесі туралы әңгімелеу.

Тәрбиелік мәні:Қазақ тарихындағы осы оқиғаны пайдалана отырып,оқушыларды патриоттыққа,елжандылыққа,саяси сауаттылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ой қозғау арқылы оқушылардың есте сақтау,ойлау,қабілетін дамыту алған білімдерін қажетіне сай пайдалана білуіне үйрету.

Сабақтың түрі: Сатылай комплексті талдау технологиясы.

Сабақтың әдісі: Баяндау,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,Қазақстан картасы,тірек-сызбалар,суреттер, «Венн» диаграммасы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Үйге тапсырма

Үй тапсырмасын сұрау.Қазақтардың Ресей империясының үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық қозғалысы « XVIII-XX ғ.ғ.»

1.Қазақ даласындағы қандай ұлт-азаттық қозғалыстарды білесіңдер?

2.Ұлт-азаттық қозғалыстардың кезеңдерін атаңдар?

3.Көтерілістер мен ұлт-азаттық қозғалыстарды басшыларын атаңдар?

Жаңа сабақ:

Сабақтың жоспары:

1.С.Датұлы басқарған көтерілістердің алғышарттары.

2.Көтерілістің басты мақсаты.

3.Көтерілістің қайта басталуы.

4.Көтерілістің жеңілуі,тарихи маңызы,нәтижесі.

Көтерілістің басшысы Сырым Датұлы 1742-1802 жылдар аралығында өмір сүрген.Зерттеулерге қарағанда Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданында дүниеге келген.Қазақ халқының өте тапқыр,көрнекті шешендерінің бірі.Сырым Датұлы Ресей патшасының,оның осы өңірдегі хандары мен сұлтандарының қарапайым халыққа көрсетіп отырған озбырлығына наразы болды.Орынбор ггенерал-губернаторына жазған хатында: « Сіздер түрлі әдіспен қолға түсірген ноғай,башқұрт халықтары секілді бізді де езбекші екендеріңіз белгілі». Сондықтан да мен патша үкіметімен,хан-сұлтандарға наразы шаруаларды төңірегіме топтастырдым.Салық бермесін,ханға сенбесін,сұлтандарға ермесін халық өзін-өзі қорғасын деген ұранмен патша үкіметіне қарсы шықтым.


Кіші жүдегі хандық биліктің әлсіреуі

Сұлтандардың патша үкіметіне қарсылығы

 Патша үкіметінің Қазақ жерін отарлауы

 Кіші және Орта жүздердің Уфа басқармасына бағындырылуы

 Жер мәселесі

 1782 жылғы 27 желтоқсандағы Жаңа жарлық бойынша:

1.Қазақ жерінің қазақтарға жалға берілуіне тыйым салу.

2.Жалға алынған жер үшін қазақтар ақы төлеумен қатар аманат қалдыруға тиіс болды.

Көтерілістің басты мақсаты

Орал казак әскерінің қазақ жерін басып алуын тоқтату

Нұралы ханның ашық түрде

патша үкіметін қолдауы.

Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына

келтіру



1785 ж.17 ақпанда Смирнов басқарған топ қазақ

ауылдарын талқандады.

 1785 ж. 17 наурызда Колпаковтың басшылығымен Адай,

Беріш руларына қысым жасалды

1785 ж.назаров басқарған Орал казактары Табын руына

 шабуылдауы


1785 жылы тақтан түсті

1786 жылы Уфаға жер аударылды

1790 жылы сонда дүние салды

Кіші жүздегі Қазақ шаруалары көтерілісі кезіңдегі басты оқиғалар:


ответил от Surak_zhauap
0 голосов

1782 ж. 27 желтоқсанда жаңа жарлықтың пайда болуы.

1783 ж. Орал казак әскері арасындағы күрес

1785 ж. Смирнов,Колпаков,Назаров басқарған топ қазақ ауылдарын талқандау

1785 ж. Кіші жүз старшындарының Нұралы ханды тақтан тайдыру туралы шешімі қабылданды.

1790 ж. 21 қазан мен 5 қараша императрица ІІ Екатерина бейбіт ауылдардың тыныштығын алмау туралы нұсқау шығарды.

1797 ж. Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін С.Датұлы Хиуа тағына өтіп кетті.

1802 ж. Хиуа жерінде дүние салды.

Көтерілістің жеңілу себептері:

1801 ж. Патша үкіметі Жайық жағалауына өтуге рұқсат берді.

Көтерілістің нашар ұйымдастырылуы.

Қару-жарақтың аздығы.

Көтерілісшілердің әр кезеңде мақсаттарының өзгертуі.

1.Патша үкіметіне қарсы күресті тоқтатып,отарлауға қарсылық көрсетпеу.

2.Қазақ руларының басын біріктіріп,патша үкіметіне қарсы күресу.

Көтерілістің нәтижесі:

1801 жылы патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге,мал жаюға рұқсат берді.

Жаңа сабақты бекіту: Қазақтардың 1773-1775 ж.ж. Е,И.Пугачев бастған шаруалар көтерілісі мен Сырым Датұлы басқарған 1783-1797 ж.ж. көтерілісті салыстыру. ( Венн диаграммасы. )


Орыс-қазақ шаруалары бірікті.

С.Датұлы бастаған көтерілістің шығуын тездетті.

Ортақ белгісі.

Көтерілістің басты қозғаушы күші қарапайым шаруалар.

Отарлық езгінің күшеюіне қарсы.

Қазақ жерінде патша үкіметінің әскери бекіністерді көптеп салуы.

Сырым Датұлы басқарған көтерілісі

Нәтижесі: Еділ, Каспий, Ертіс, Жайық өзендерінің бойында көшіп қонуға рұқсат алды.

Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс болып,14 жылға созылды.

imageЕлдің шығысындағы ірі халықтық сипат алды.

imageРесей империясына қарсы ашық күрес жариялады.

Қорытынды:

Бағалау: Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды мадақтап,бағалау.

Үйге тапсырма: Сырым Датұлы туралы реферат жазу

Ақжайық аграрлық техникалық колледжі

Бекітемін:

Ақжайық аграрлық техникалық

колледжі директорының оқу ісі

жөніндегі орынбасары _________________Д.С.Шарипова

Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі

(1783-1797 ж.ж.)

Тарих пәнінің оқытушысы: Хасенов Т.Ю.

2013-2014 оқу жылы

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов