Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Отбасы тәрбиесіндегі қарым-қатынас

Ботбаева Жанат Бердыевна

ОҚО, Түркістан қаласы, «Тұран» колледжі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары, педагогика және психология пәнінің оқытушысы

Отандық психологияда қарым-қатынасты психологиялық феномен ретінде қарастыратын бірнеше көзқарастар бар, соған байланысты бірнеше түсініктерге тоқталып өтсек. Б.Ф.Ломовтың ойынша, қарым-қатынас бір қалыпты және көржақты процесс, оның басты қызметі – тұлғааралық қатынас, алайда бұл сала әлі толық зерттелмеген.

Отбасы шағын топ ретінде аз қарастырылған. Көп тұжырымдарға сүйенетін болсақ, отбасы қатынасы ғылым жоқ сияқты. Іс-тәжірибеде әдістемелерді қолдану қиындық туғызады, себебі толық отбасын зерттеуге лайықты емес деген түсінік қалыптасқан.

Сонымен, отбасы жекелік және әлеуметтік өмірдің арасындағы делдалдық сипаттағы, маңызды (дене және рухани) қызметті атқара отырып, әлеуметтенуде мінез-құлықты алғашқы бақылаушы, құндылықтарына қарай қолдау көрсетішу, ішкі және сыртқы мәдениетте моральдық қалыпты сақтаушы, өмір сүруге эталоны болып табылады.

Отбасы – әлеуметтік жүйе, оны «Park & Buriel» деп тұтастай жүйе ретінде қарастыра отырып, «бала-ата-ана», «ері-зайыбы», «туыстар» (бір ата-анадан тараған әпке-іні) бөліктерін біріктіреді.

Отбасылық қатынастар бойынша құрылған отбасы анықтамаларының ішінде А.Г.Харчевтің «отбасы-бұл жұбайлар арасындағы, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, оның мүшелері бір-бірімен некелік және туыстық қатынаспен байланысады, ортақ тұрмыс пен өзара адамгершіліктің, жауапкершіліктің, қоғам қажеттіліктеріне негізделген әлеуметтік тәуелділіктің сипаты» деген тұжырымы дәлелді.

З.Фрейдтің психоаналитикалық теориясын жалғастырушы Э.Фромм бала мен ата-ана қатынасынан туындайтын мәселеге өзгеріс енгізді. «Әлеуметтік мінез» түсінігін шығарып, «жеке тұлғаның дамуы үшін арнайы жағдай мен мәдениет бірге қалыптасу қажет»,-дейді.

Әлеуметтік ықпалды отбасы – «ата-ана мен бала және ерлі-зайыптылар» арасындағы нақты тарихи жүйе; шағын әлеуметтік топ, мүшелері туыстық және некелік қатынаста байланысқан, өзара моральдық жауапкершілік алатын әлеуметтік институт болып табылады.

Отбасы мәселесі бойынша ретроспективті талдау жүргізе отырып, тәуелділікке ішкі және сыртқы фактор арқылы жетуге болады деп есептейтін Г.М.Андрееваның көзқарасынша, «топ немесе субъектінің әрекеті әлеуметтік әрекеттің жиынтығы». Ал Б.Ф.Ломова, А.В.Петровский, А.И.Донцова, В.М.Бехтерова жұмыстарында ол біріккен субъект ретінде қарастырылады.

Әрекетпен қарым-қатынас Б.Ф. Ломовтың пікірінше, өмірде бір – біріне ажырамайтын екі жақты әлеуметтік құбылыс бар. Ол, әсіресе отбасындағы бірлескен әрекетте өзара әрекеттің субъектілік белгісі болып табылады.

Қарым-қатынас дегеніміз – өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп ләззат лау, қайғы, қуанышта ортақтас болу, сенімді, кең ауқымды эмоция спектрін қамтиды. Қарым-қатынас барысында екі немесе бірнеше психологиялық жүйе не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық арасында келісім не өзара түсіністік, қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдісі іске асады.

Қарым-қатынас дейгейін құруда бір жағынан адами сезімді қалыптастырады, екінші әрекетін, мінез-құлқын реттейді. Жеке қатынас тек сезім мен ұнатудан тұрмайды, шынайы қимылда көмек, қолдау көрсету болып табылады.

Ғалымдардың пікірінше, отбасын құра алмау немесе ажырасудың басты себептерінің бірі-иллюзиялық сезім болып, ол ешқандай шынайы іскерлікті талап етпейтіні дәлелденді. Отбасында және ерлі-зайыптылар арасындағы өзара әрекеті және өзара түсіністікті диалогтік-бірлескен танымдық әрекет құрайды.

Американдық танымал отбасылық психотерапевт В.Сатир отбасы қарым-қатынас стилін бес түрге (жағымпаздық, айыптау, үнемшіл, шеттетілген, бейімділік) бөліп қарастыра отырып, өз тәжірибесінде оның төртеуін жеміссіз деп тапты.

Отбасы қатынасы жеке тұлға болып қалыптастыруда басты фактор болып табылатынын айта келе, Т.М.Трапезникова өз зерттеуінде ата-аналардың тәрбиеде екі модельді ұстанатындарын – «балаға назар бұру» және «отбасы қатынасында демократиялық стиль» дәлелдеп, одан бала қоршаған ортаға жеңіл бейімделіп, қызығушылығы, ақыл-ой көрсеткіші артатынын айтады.

В.В.Столин отбасылық қатынастың бұзылуына түсінік беруде, біріншіден, осындай мәселелер неліктен туындайды деген сұраққа жауап іздейді. Белгінің көрінбеуі (отбасылық қатынас стилі, құрылымы, мінез-құлқы дұрыс болмауы, ережеге сай келмеуі) қақтығысқа алып келеді. Екіншіден, қарым-қатынас дұрыс жолға қойылса, «психологиялық талдауда» қақтығыс қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыруға байланысты туындайды. Отбасы өміріндегі психологиялық ахуал бала дамуында эмоционалдық, шығармашылық белсенділікті қалыптастырады.

Соңғы кезде осы мәселеге қатысты ғылыми конференциялар жиі өтуде. Отбасының қоғамдағы орны, әйел мен бала мәселесі, отбасына жүйелі әлеуметтік қызметтің көрсетілуі, оның алдын алу шаралары қарастырылуда.

Батыс зеттеулерінде бала құрсақта жатқанда ананың өмірлік стрестерге уайымдауы нәрестенің (жеке тұлғаның) дамуына корреляция жүргізеді. Осыған орай, дағдарыс әсері балаға толық беріледі дейді.

Л.К. Постовалова назарда әлеуметтік-психологиялық тұрғыда суицидент отбасы диагностикасына, онда отбасының әсері екі жақты екеніне: біріншіден, суицидалды қақтығыстың қайнар көзі; екіншіден, адамда суицид қалыптасуына қарсы әсер ететін фактор ретінде қарастыруға аударады. Отбасы дамуына әсер ету, әлеуметтік жағдайдың немесе бір отбасы мүшесінің өзгеруі, ішкі қатынастарды белгілі қалыптан ауытқуына әкеледі.

Бізді, яғни жеке тұлғаны қызықтыратын мағыналық процестің бұзылуы «Мен не үшін өмір сүрем, егер де жақындарыммен түсінісе алмасам, оларға бақыт, пайда келтіре алмасам», «Өмірдің еш мағынасы жоқ» деген философиялық сұрақтар туындатады.

Э.Дювалль отбасы өмірлік циклінің қалыпты дағдарыс топтамасына келесідей сипаттар береді: қалыптасқан (0-5) баланың болмауы; баланың болуы, үлкені 3 жасқа келуі; бала-бақша жасындағы баланың болуы, үлкені 3-6 жас; мектеп жасындағы баланың болуы, үлкені 6-13 жаста; жеткіншек жасындағы баланың болуы, үлкені 13-21 жаста; балаларын өмірге «аттандырған»; ерлі-зайыптылар кемелденген шақ; кәрілікке жеткен отбасы.

Отандық психологиядан танымал Э.К.Васильева отбасы өмірлік циклінің қалыпты дағдарыс топтамасын бес кезеңге бөледі:

1. Отбасының құрылуы: некеге тұрғаннан алғашқы сәби дүниеге келгенге дейінгі кезең;

2. Баланың туу мен тәрбиеленуі: бір бала болсын, еңбек әрекетіне араласқанға дейінгі кезең;

3. Отбасында тәрбие беру қызметінің аяқталуы: ата-ана қамқорлығынан барлық балалардың кетуі;

4. Ата-ана және баланың біреуінің жеке отбасын құрмай, бірге тұруы;

5. Ерлі-зайыптылардың жеке немесе отбасын құрған балаларымен бірге тұруы.

Л.Я.Гозманның көзқарасынша, адам екінші адамға жағымды сенімді қатынаста болса ғана (адамға жоғары бағалау жағады) отбасының белсенді моделі жасалады.

Осы белсенді модельге Л.Каслердің теориясы да келеді. Оның пікірінше, бір адамның екінші адамды жақсы көруіне үш себеп бар дейді:

1. Әлем туралы өз түсінігі мен белгісін бекіту қажеттілігі.

2. Сүйіспеншілік арқылы өзін кінәлаусыз жыныстық қажеттілігін жүйелі қанағаттандыра алады.

3. Сүйіспеншілік қоғамдық қатынаста қалыпты мүмкіндікке жету болып табылады.

Сондай-ақ, Л.Я.Гозман эмоционалды қатынаста сүйіспеншіліктің үш қауіптілігі бар: эмоция екінші адамның белгілі бір затты болуы мүмкін, екінші адамды түсінбеуі және тұлғааралық қабылдаудың эмоционалды құрамы болып табылады.

Сүйіспеншілік тікелей біздің зерттеу затымыз емес, бірақ отбасында оның өмір сүру циклінде тікелей кездесе отырып байланысады.


ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Отбасы тәрбиесі – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы. Үкімет отбасына үнемі қамқорлық жасауда. Қамқорлық түрлері: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерьлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми-техникалық және көркем шығармашылық үйірмелерінің жұмысын кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу, отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаториялардың, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.

Отбасындағы басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру: баланың тәртібі, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу-әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру.

Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі- ұтымды ырғақ жасау. Күн тәртібі – өмір тәртібі, еңбек пен демалыстың парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптарды орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.

Күн тәртібін баланы жинақылыққа, тілалғыштыққа, дәлдікке, мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Күн тәртібін жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағының бірлігін еске алауы тиіс. Отбасында күн тәртібінің негізгі құрамды бөліктері – еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, ұйқы, т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет.

Отбасының өзіне тән ерекше қызметтері бар. Олар халықтың өсіу, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру, қажеттілік, шаруашылық қызметі, отбасы мүшелерінің өзара және туған-туысқандарымен қатынас жасау қызметі.

Отбасындағы тәрбие түгел іске асып отырмайды. Тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының басты себебі – тәрбиені жүргізіп отырған адамның педагогикалық көзқарастарының жеткіліксіздігі, адамның көңіл-күйі мен материалдық, әлеуметтік жағдайының нашарлығы, Отбасылық тәрбие тиімсіздігінің себептері:

· Отбасындағы өктемдіктің баланы өзін-өзі басқарудан, билеуден айырып, өз күшіне, мүмкіншілігіне сенуден қалып, оған қарсы қоярлық ішкі күш-жігерінің төмендеуі, сезімінің мұқалуы.

· Баланы өз еркімен жіберушілік, еркелік, бәрін кешірушілік. Баланың дешеніне көніп, жетегіне еру оны өзімшілдікке тәрбиелейді.

· Отбасында біріңғай талаптық болмауы, ересектер арасындағы алауыздықты пайдаланып, баланың екі жүзді және жағымсыз нәрсеге бейім болып өсуі.

· Ата-ананың баланы ұжымнан аулақтатып өсіруге тырысып, баланың қалыптасуына кері әсер етуі.

· Ата-ананың баласының іс-әрекетіне немқұрайды қарап, жауапсыздық танытып, баланың, кездейсоқ, күмәнді адамдар мен танысуға мүмкіншілік алуы.

Ойды түйіндесек, бала мен ата-ана қатынасында, яғни бала психикасының дамуында үлкендерге деген шексіз тәуелділік байқалады. А.С.Макаренко отбасы тәрбиесіне көп көңіл бөле отырып, жағымсыз отбасы беделін: қысым көрсету, алшақтық, педантизм, резонерство, ал жағымды сапалар: сүйіспеншілік, жақсылық және құрмет деген.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Ф.Бизақова, Ш.Мамашбаева. Отбасылық дағдарыс психологиясы // Фолиант баспасы Астана 2010.

2. Құрманалина Ш.Х, Мұқанова Б.Ж, Ғалымова Ә.У, Ильясова Р.К. Педагогика // Фолиант-баспасы Астана 2007.

3. Ж.Ахметов, Балаларды мәдениеттіліке тәрбиелеу жолдары. // Қазақстан мұғалімі, 18 ақпан, 1994.

4. М.И.Станкин Психология общение // Москва 2004.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов