Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

4 Ответы

0 голосов

Психологиялық Тренинг

«Мықты отбасы – мықты мемлекет»

Мақсаты: Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым- қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімдерін көтеруге көмектесу және балабақшамен тығыз байланысын арттыру. Балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу сапасының жоғарылауына ықпал ету.

Әдістер: Пікір алмасу, сұрақ-жауап, сауалнама психологиялық жаттығулар.

Көрнекіліктер: Плакаттар, жұлдыздар, үнтаспа, бейнетаспа, шарлар, гүлдер,

көбелек, құстар, тілек ағашы, түрлі- түсті таратпа қағаздар,

эмблема т.б.

Барысы:

Психолог: Қош келдіңіздер, құрметті ата-аналар, әріптестер! Бүгінгі біздің

отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингмізді

бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі

қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойыңызды

түйіндеп өмір жолында пайдалану.

Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген бастап сәттен, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, аса қасиетті алтын бесігі. Бала қанша жерден балабақшада тәрбиеленгенімен, оның өмірінің көп бөлігі әке – шешесінің қасында өтеді.

Баланың болашақ өмірге алғаш қадамы отбасынан басталатыны бәрімізге аян. Бала жақсы әдетті де, жаман әдетті де содан алады. Ұлы педагог Макаренко ата-аналарға бір сөзінде былай деген екен. «Сіздің жеке мінез құлқыңыз – жеткіншек тәрбиесіндегі бірден- бір шешулі құрал. Сіз қалай киінесіз, басқалармен қалай әңгімелесесіз сіз қалай күлесіз міне, мұның бәрі бала үшін маңызы бар». Ата-аналар балаларын өнегелі сөзімен жеке басының тәрбиесімен тәрбиелейді. Әр бала жылы сөйлегенді, аялағанды, еркелегінді, ертегі-әңгіме тыңдағанды, ойын-ойнағанды ұнатады. Бұл баланың бойындағы ерекшеленіп тұратын негізгі қасиеті. Ал халқымыз баланың ой - өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған.

Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе татулық, бірлік жоқ ортада, бала қиын жағдайға тап болары сөзсіз. Көпке топырақ шашпасақта «Бір қарын майды, бір құмалақ шірітеді»- дегендей, қоғамызда бала тәрбиесіне ат үсті қарайтын ата- аналар кездесіп қалады. Соның бір дәлелі ретінде мына бейне материалға көз жүгіртіп өз ойымызды айтайық. (Бейне баянды бірге тамашалау).

Бейне баян арқылы пікір алмасу.

- Қалай ойлайсыздар ата-анасының осы іс- әрекеті балаларына қандай әсер тудыруда?

- Мына баланың әкесінің ісі дұрыс па, ер азамат қандай болу керек?

- Нағыз әке қандай болуы керек?

- Осы жерде бала тәрбиесі туралы, ойлап тұр дей аласызба?

- Ал баланың анасы қандай қателік жіберіп отыр?

- Осыны көрген баланың мінез – құлқы қандай болады, теріс тәрбиеге бой алдырады деп ойламайсыз ба?

- Теріс жолға бет бұрса байтеректің бір бұтағы теріс өсті дей беріңіз.

Бейне көріністі ары қарай жалғастырайық.

- Бала бұл әрекетке неге барды деп ойлайсыз. (Алладан шарапат күткеннен басқа қайран жоқ)

- Есі кірген ана ақылының арқасында – балалары өзі көрген қатыгездікпен қиындыққа душар болмауын ойлап санасын сабырға жеңдірді. Өнегелі отбасында тәрбиелі бала өсіріп, жаңаша өмір салтын өнегелі құндылықтармен байланыстырып саналы азамат даярлауды басты мақсат ете білді.

.(Ата- аналар пікірін тыңдау).

Рефлексия. Ертегі терапиясы.

Жас келіншек данышпаннан ақыл сұрап келеді.

- Данышпан ата, менің баламның туылғанына бір ай болды. Баламды қалай тәрбиелесем болады: қатал ма, әлде мейірімділікпен бе?

Данышпан келіншекті қолынан ұстап жүзім сабағының жанына алып барады: - мына сабаққа қарашы. Егер сен жүзім сабағына аяушылық танытып қиып отырмасаң, сабақ жайылып кетеді. Сабақтың өсуіне бақылауды жоғалтсаң, сен тәтті де, әрі дәмді жемісті жей алмайсың. Егер сен сабақты күн сәулесінің түсуінен қалқаласаң, күнделікті сабақ тамырын суарып отырмасаң, онда ол солып, тәтті әрі дәмді жемісті жей алмайсың- деген екен.

Сол айтпақшы ақыл- мен іс үйлескенде ғана тамаша жеміс алып, тәттілігін сезінуге болады. Яғни, нені егіп баптасаң соны орасың. Сондықтанда бала тәрбиесіне көз жұмып қарамайық.

Тыныштық сәті.

(Баяу музыка үнімен өткізіледі. Ата-аналар көзін жұмады.)

Терең демалайық! Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіп көріңіздер. Ол қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Қандай тамаша! Қане, сұлулықты тамашалап көрейік! Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік әкелсін! Ішкі дүниеміз тап - таза, жап – жарық болып кетті. Міне, керемет жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! Түрлі түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек бұл сіздің балаңыз. Бұл жай гүл емес сүйіспеншілік гүлі. (Көздерін ашқанда алдарында өз балалары тұрады.)

Балалар: Күндей жайнап күнде біз

Құлпырамыз, бәріміз

Күн боламыз,

Күн боламыз

Гүлге шуақ шашамыз.

Гүл боламыз,

Гүл боламыз

Жайқаламыз,

Гүлдей жайнап өсеміз.

Қайырлы күн қонақтар!

(Әр бала өз ата- анасының жанына барады.)

Жарысымызды бастамас бұрын әділқазы алқасын сайлап алайық:

1. Ж.К. Қуанышқызы- балабақша меңгерушісі

2. М. Нұртаза- шаруашылық меңгерушісі

3. М. Айжігіт- балабақша тәрбиешісі

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Тренинг бағдарламалары:

1. Топқа бөлу

2. Жаттығу. Есімдер аллиетерациясы

3. Жаттығу: Өз балаңызды жақсы білесіз бе?

4. «Интонация» жаттығуы

5. Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы»

6. Мақал - мәтелді жалғастыру

7. Ситуациялық сұрақтар

8. Өз жұлдызыңызды табыңыз

9. Шебер қолдар.Тренингтен алған әсерін жеткізу.

1. Топқа бөлу. Түстер таңдау. Ата-аналар стол үстіндегі түрлі- түсті қағаздарды таңдап алады.

Түстер сөйлейді. (түстер туралы кеңестер беріледі).

· Қызыл түс – энергия түсі. Ол адамды іс- әрекетке итермелеп үнемі жігерлендіріп отырады. Бұл түсті жоғары сезімді, жігерлі, күшті, мінез- құлқы батыл, мықты адам таңдайды.

· Қызғылт сары түс – шығармашылық, белсенділік түсі. Осы түсті таңдап алған адамдар жауапкершілігі мол, өз шешімдеріне мықты.

· Сары түс – ақыл-ой, логикалық және аналитикалық түс, адамдармен тез араласуға көмектеседі. Бұл түсті таңдап алған адамдар іскер, мінез – құлқы мықты, жаратылыстану пәндеріне жақын.

· Жасыл түс – адамның өз өзіне деген сенімділігін арттырып, жүрген ортасына белсенді болуына ықпалын тигізеді. Таңдап алған адамдар мейірімді, ақ көңіл, табиғатты сүйеді.

· Көк түс – байсалдылық, қанағатшылдық белгісі, жолдастыққа берік философияға, психологияға жақын.

· Көгілдір түс – сенімділік үйлесімділік, тыныштық түсі. Бұл түсті таңдаған адамдар - өз-өзіне сенімді, рухани байлығы мол.

· Қоңыр түс - таңдаған адам еңбекшіл, мейірімді, қолдарынан бәрі келеді.

· Қара түс – таңдаған жан ақ көңіл, шыншыл.

· Ақ түс - таңдаған адам өз мақсатына жетеді, дарынды, мәдениетті, өнерлі.

Таңдаған түстің екінші бетінде отбасылар аты жазылған. 8 отбасы бір- бірімен жарысқа түседі.

1. «Шаңырақ» отбасы

2. «Шаттық» отбасы

3. «Береке» отбасы

4. «Бірлік» отбасы

5. «Ынтымақ» отбасы

6. «Достық» отбасы

7. «Ырысты» отбасы

8. «Мерейлі» отбасы

2. Есімдер аллиетерациясы. Ата – аналарға қойылатын сұрақтар:

- Есімінің кім?

- Қандай мағына береді?

Балаларға қойылатын сұрақтар:

-Есімің кім?

- Өз атыңыздың алғашқы әріпінен басталатын бойыңыздағы жақсы қасиетті атап өту.

3. Жаттығу. «Өз балаңызды жақсы білесізбе?»

Мақсаты: Ата-анамен баланың ортасындағы қарым- қатынасты анықтау.

1. Балаңыздың жақсы көретін түсі қандай?

2. Қандай тағамды сүйіп жейді?

3. Балаңызды еркелеткенде қалай атайсыз?

4. Сүйіп тыңдайтын ертегісі?

5. Балаңыздың туған күні?

6. Тәрбиешісінің толық аты- жөні?

7. Балаңыздың сүйікті киімі?

Ата – аналар ортаға шығып, берілген сұрақтарға тез жауап береді.

4. «Интонация» жаттығуы.

Мақсаты:Ата- аналардың коммуникативтік мүмкіндіктерін диапазонын

кеңейту. Топтың әрбір мүшесі балаға арнап бір мақтау фразасын

айту керек. Мысалы: «Жарайсың! Сенде барлығы дұрыс» Бұл

фразада, қатысушы бет әлпетін және интонациясын әртүрлі етіп

кемінде 3 рет қайталауы керек. Топқа қай фразасы сәтті және

қайсысы сәтсіз болғанын анықтайды.

Психолог: Әрбір ата- анаға балаларымен қарым- қатынаста мәнерлі және әсерлі интонациясын табуға көмектеседі.

Талдау: 1. Кімнің фразасы болды?

2. Кімнің фразасы сәтсіз болды?

5. Шығармашылық жұмыс. «Отбасылық құндылық ағашы»

Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Бірнеше берілген құндылықтарды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру. Тамыры сіздің ең негізгі құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек.

1. Мықты денсаулық

2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік

3. Ауызбіршілік

4. Ортақ қызығушылық

5. Бір – бірінің жұмысына араласпау

6. Қамқорлық

7. Тәртіп

8. Бос уақытты бірге өткізу

9. Сенімділік

10. Ата – ананың сөзі заң

11. Ата – ана отбасының үлгісі

12. Әлеуметтік жағдай

13. Отбасылық қарым- қатынас

14. Махаббат

15. Мейірімділік

16. Шынайлылық

17. Сырт көзге үлгі болу

18. Береке

19. Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет.

20. Көп бала

Соңында үлкен Бәйтерек ағашы шығу керек. Шыққан суретті қорғап шығамыз.


ответил от Surak_zhauap
0 голосов

6. Мақал – мәтел жалғастыру

1. Еркек үйдің киесі,

Әйел үйдің иесі.

2. Балалы үй базар,

Баласыз үй қу мазар

3. Жақсы әйел жаман еркекті ер қылады,

Жаман еркек жақсы әйелді жер қылады

4. Ұлың өссе, ұлы үлгілімен ауылдас бол, қызың өссе, қызы үлгілімен ауылдас бол

5. Інісі бардың тынысы бар,

Ағасы бардың жағасы бар

6. Атаның көңілі балада,

Баланың көңілі далада

7. Қызым саған айтам келінім сен тыңда

8. Әке асқар тау,

Ана – бұлақ,

Бала – жағасындағы құрақ

7. Ситуациялық сұрақтар

Ата- аналар үстел үстіне үлестірмелі қағазды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.

1. Балаңыздың өнері қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса не істер едіңіз?

2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады деген сияқты таусылмайтын сауалдар қойса жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасызба?

3. Сізге балабақшадағы тәрбиешіден «сіздің» балаңыз басқа балаларды ұрады деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата-аналардан біздің баланы ұрады деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

4. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс- әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың» - деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс- әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

5. Балаңыздың тәртібі жайлы білгіңіз келіп, балабақшаға келіп тұрсыз. Тәрбиешісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?

6. Балаңыз қандай да бір теріс іс - әрекеттер көрсетсе, сіз қандай шара қолданасыз?

7. Балаңыздың көзінше жанұя мүшелерінің біреуімен сөзге келіп қалдыңыз. Іс насырға шауып барады. Не істейсіз?

8. «Ұлың өссе, ұлы үлгілімен ауылдас бол. Қызың өссе қызы үлгілімен ауылдас бол» деген сөзді қалай түсінесіз? Көршіңіз қыңыр адам қалай қарым – қатынас жасайсыз?

8.Жаттығу. Медитация. «Өз жұлдызыңызды табыңыз»(әдемі әуен ойнап тұрады)

Нұсқау:Жұлдызды түнді елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кіші,жарық және күнгірт. Біреу үшін бұл біреу немесе бірнеше жұлдыздар,ал біреулер үшін сансыз көп, жарық шашып бірде алыстап, бірде қол созым жерде жақын орналасқан. Жұлдыздарға қарап ең керемет жұлдызды таңдаңыз. Сіз міндетті түрде сол жұлдызға жетесіз. Аспаннан алып оны алдыңызға қойыңыз.

а) ата-ана алдарындағы жұлдыздан өзіне біреуін таңдап алады.

ә) жұлдызға болашақта балаңызды қандай адам ретінде елестетінін жазады.

б) тақтаға іледі

Психолог: Осы сабақтың алдында біз балалармен бірге «Отбасы» тақырыбына тренинг сабақ өткізген едік. Сол сабақта «Бала сіздерден не күтеді және сізге деген көзқарасы қандай? Сұрағына жауап алған едік. Мынау «Тілек ағашы». Балаларыңыздың тілек- мақсаты осында жазылған. Өз балаларыңыздың ұсынған жүрегін алып, оқысаңыз болады.

9. Шебер қолдар.Қорытындылау.

Мақсаты: Тренинг туралы пікірлерін ортаға салу. Тренингтен алған

әсеріңізді қалай жеткізесіз? Ата – аналарға әртүрлі құрал –

жабдық беру, өз ісін қорғап айтып, әсерін жеткізеді. Тренинг

барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса айта

кетулеріңізге болады.

- Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.(ата-аналардың, балалардың өнерін бағалап, саралап, марапаттау).

- Міне, біз сіздермен жанұядағы ата- ана мен балалар арасындағы қарым –қатынастың түрлі жақтарын тануға жан – жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз.

Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның бала шағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.

Міне, іс жүзінде осындай ынтымақ бірлігінде ойдағыдай нәтиже беріп отырсыздар. Балаға жауапкершілік пен қарап отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуларыңызды бере біліңіздер!

Сіздердің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

ответил от Surak_zhauap
0 голосов
тренинги  это  очень  хорошо    в плане  роста в  бизнесе
ответил от нина

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ