Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Отбасы-алтын діңгек (тренинг)

Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру, ата-ана өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауғада қызығушылықтарын дамыту, баламмен дұрыс тіл табысуға, сөйлесу мәдениетін үнемі қолдануға ой салу.

Түрі: Тренинг

Әдісі: Сұрақ – жауап, пікір алысу, ой қозғау, топтастыру, ойй түю

Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер, шар, суреттер, үлестірмелі парақшалар, мультимедия.

Жүру барысы

I. Ұйымдастыру

II. Психологиялық дайындық

Шаттық шеңбері. Ата-аналар бір-біріне ізгі ниеттерін білдіреді.

III. Топқа бөлу.

Ата-аналар өздеріне ұнаған түстерді таңдап, сол түс бойынша топ құрады.

1- Топ Көк түс

2- Топ Жасыл

3- Топ Қызыл

Топтың атын қорғау.

Көк түс – аспан әлемі

Жасыл түс – жалындаған жастықтың белгісі

Қызыл түс – алаулаған оттың белгісі

Мұғалім: Құрметті ата-аналар бүгінгі «Отбасы-алтын діңгек» деп аталатын тренингімізге қош келдіңіздер!

Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те, қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз ата-ана. Бала үшін үй-ішнен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. «Әкеге қарап ұл өсер,шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен –ақ нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтанда әке де, шеше де, балаларының жан дүниесіне үңіліп мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балаларымен әңгімелескенде олардың пікірімен санасып отырғаны орынды.

Сіздермен бүгінгі бас қосудағы мақсатымыз отбасындағы бала тәрбиесін жолға қою, білімге деген ынтасын арттыру.

Алдымен келісім шартқа отырайық.

Келісім шарт

1. Тыныштық сақтау

2. Пікірді тыңдау

3. Өз ойын ашық айту

4. Тың пікір, ұсыныстар айту

5. Бір-бірін құрметтеу

І-гейм. «Отбасы – алтын діңгек»

1- сұрақ Балаңызға үлгі болатындай бойыңыздағы бір жақсы қасиетіңізді айтып берсеңіз? (әр ата-ана өз қасиетін айтады)

ІІ. «Ассоциация» жазу

Сіздер әр отбасының ұйытқысыздар. Өнегелі отбасы дегенді қалай түсінесіздер? (үш топ өз ойларын жазады, соны қорғап айтады)

Өнегелі отбасы

ІІІ. «Ой-өрісіңді тексер»

Тәрбиеге байланысты айтылған сөйлемді аяқтап жазу. (Үш топқа парақшалар таратылады)

1-топ.

1. Егер баланы үнемі сынап отырса……….

(оқуға құлқы болмайды)

2. Балаға үнемі күлсе……………………………

(бұйығы болып өседі)

3. Баланы қолдап отырса……………………….

(білімге деген ынтасы артады)

2-топ.

1. Балаға сенім артса………………………..

(өз ісіне сенімді болады)

2. Бала төзімділікте өссе……………………

(адал болып жетіледі)

3. Бала қауіпсіз жағдайда өссе……………

(ертеңіне сенімді болады)

3-топ.

1. Бала кекшілдікте өссе……………………..

(ол қатыгез болып өседі)

2. Бала адалдықта өссе………………………

(әділ болып жетіледі)

3. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе………..

(бұл әлемде махаббат табуға үйренеді)

IV-гейм. «Біздің жанұя»

Қоғамда жанұяның төрт типі болады екен. Соны өздеріңіз білгілеріңіз келе ме? Ендеше өз жанұяларыңызды қай типке жатқызасыздар?

1. Әмірлі (авторитарлық)

2. Демократиялық (егемендік)

3. Бетімен жіберушілік

4. Рақымшыл жанұя

Сіздің жанұя, жанұя типтерінің қайсысына жатады? (іштей ойланып, сіздің жанұя сіз таңдаған типте болғаны сізді қанағаттандыра ма?… Өзгерткіңіз келмей ме?… Қалай өзгертер едіңіз?…. Кімнің көмегі қажет?…. ) Ұсынысыңыз, қосар пікіріңіз болса рефлексия парағына жазып қалдыруға болады.

Рефлексия парағы

Қай типті таңдадыңыз?

Өзгерткіңіз келе ме?

Кімнің көмегі қажет?

ИЯ

1. Отбасының

2. Писхологтың

3. Мұғалімнің

4. Тағы кім?

V-гейм. «Қошамет көрсету»

Сергіту сәті ретінде өтеді. Қойылған сұраққа қимыл-қозғалыс арқылы жауап беру.

1-топ.

Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламалардан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап жүресіз ба?

Жауап: «Иә» десеңіздер қолдарыңызды шапалақтаңыздар.

«Жоқ» десеңіздер аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.

2-топ.

Балаға тәрбиені беруде ата-ана тарапынан бірдей ықпал бола ма?

Жауап: «Жанұя» десеңіздер жымиыңыздар

«Қоршаған орта, қоғам» десеңіздер қолды алға созыңыздар.

3-топ. Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыздар?

Жауап: «Әке» десеңіздер орындарыңыздан тұрыңыздар

«Шеше» десеңіздер иіліп сәлем етіңіздер

«Екеуі» десеңіздер билеңіздер

Түйіндеу

«Баланы не үшін өмірге әкелдіңіз?» (ата-ана ойы)

- Бұл өмірде ұрпағым қалсын деп;

- Қартайғанда асырасын деп;

- Өлсем арулап жерлесін деп;

- Немере сүйсем деп; т.с.с.

VІ-гейм. Білім сапасын көтерудегі ата-ананың ролі.

Өмірге әкелген ұрпағыңыздың қандай білім алғанын қалайсыз, ол үшін сіз мұғалімге қандай көмек бере аласыз?

Ата-ана

Мұғалім Оқушы

Талдау мақсатында ата-аналарға шығармашылық жұмыс жасату.

Сіздердің алдарыңызда күннің шуағы, гүл күлтелері мен жапырақтары, құстар,жасыл шөптер жатыр. Соған сіздер білім сапасын арттыру мен тәрбие алу үшін ата-анаға, мұғалімге, оқушыға қандай талаптар қоятындарыңызды жазасыздар. Әр суретті орындарына орналастырғанда көктем бейнесі шығады. Көктем мезгілі табиғаттың оянатын кезі. Сондықтан да, құрметті ата-аналар, бізде ұйқымыздан оянып, жаңаша ойлауға, жаңаша тәрбиелеуге ат салысайық.

Қорытынды

«Тек қана ата-аналармен бірге , жалпы күш біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін» деп В.А.Сухомлинский айтқандай, біз мұғалімдер сіздермен біріге отырып болашақ ұрпағымызды рухани-адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелей аламыз.

Осы тренингтің нәтижесі мынадай:

Нәтиже

Ата-ананың қиялы ұшқырланады

Ата – ананың ой-өрісі кеңейеді

Өз пікірін ашық айтуға үйренеді

Мұғалімді құрметтейді

Баласының тәрбиесіне деген жауапкершілігі артады

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
4 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Ұстаз