Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Тараз қаласы №47 орта мектебі

Мектеп педагог психологы

Тайлюбекова Г.Т.

Психопрофилактикалық тренинг

Тақырыбы: «Салауатты ұрпақ – Тәуелсіз ел тірегі»

Қатысушылар: 8 сынып оқушылары

Өткізілетін орны: өзін – өзі тану кабинеті

Мақсаты:Оқушылардың алдына қойылған проблемаларды дұрыс түсінуін; әр жеке бала өз-өзіне психологиялық саулықты тілеуін, денсаулыққа зиян келтіретін заттардан, жағдайлардан алыс болу қажет екенін түсінуін бақылау, тренинг барысында көтерілетін проблемаларға оқушылардың ой-пікірлерін анықтау, балалардың ерік-күшін, өз-өзін сыйлауға тәрбиелеу.

Қолданылатын құралдар:таза бланктер, мамандардың аты әр партаға, хаттар, таза парақтар, баяу музыка.

Жоспары:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Кабинетте парталар «П» әріптің формасы тәрізді қойылып тұрады.

А) Сәлемдесу рәсімін жүргізу

Ә) Тренингтің тақырыбына, өткізу түріне оқушылардың назарын аудару

II. Негізгі бөлім:

1 –тапсырма

2 - тапсырма

3 – тапсырма: «Хаттарға жауап беру»

4 – тапсырма:Бейнекөріністі талдау. Бейнекөрініс «Нашақорлық»

5 – тапсырма«Проблеманы жою»

Қорытынды. Рефлексия.

II. Негізгі бөлім:

Психолог: - Құрметті, оқушылар, бүгінгі тренингті ойын түрінде өткіземіз. Дәлірек айтатын болсақ, «Пресс конференция» түрінде өтеді.

Біз сендермен бірге «денсаулық» деген сөзді жиі естиміз және оның мағынасын түсінеміз. Сонымен «денсаулық» не екенін дәлелдедік, енді «психологиялық саулық» деген не екенін ойлайықшы. (3-4 оқушылардың жауабын тыңдау)

Сонымен «Психологиялық саулық» дегеніміз ол:

- адамның жақсы көңіл-күйі;

- өмірінде жақсы эмоциялары басымды;

- қызығушылығы мол, достары көп;

- айналадағы адамдармен қарым – қатынасы жағымды;

- проблемалары аз болса да күресе алады және т.б.

Міне, балалар, барлық сұрақтарға жауаптар таптық, енді пресс-конференциямызға кіріссек болады.

Пресс-конференцияға әртүрлі саладан келген кісілер қатысады. Олар әртүрлі маман иелері, ата-аналар,оқушылар, журналистер, дәрігерлер, мұғалімдер және эксперт тобы. Осы рольдерді, балалар, өздерің атқарасыңдар.

1 топ – дәрігерлер

2 топ – мұғалімдер

3 топ – ата-аналар

4 топ – оқушылар

5 топ – журналистер

1 топ – эксперт тобы.

Міне, пресс конференцияның жүргізушісі бар, қатысушылар бар, ендеше бастаймыз!

1 – тапсырма:

Құрметті қатысушылар, алдарыңда жатқан таза парақтарды екіге бөліп, бір жағына адамның психологиялық саулығына жақсы әсер беретін, ал екінші жағына жаман әсер беретін жағдайларды, проблемаларды, мәселелерді жазыңдар. Уақыт 2 минут. Дайындалуға берілген уақыт тағайындалған соң, әр топ өздерінің ойларымен таныстырады, ал эксперт тобы қорытынды жасайды, қандай мәселелердің ең көбірек кездесетінін айтып жауаптарды қорытындылайды.

2 - тапсырма:

Біздің қоғамымызды құрайтын нысанның бірі – жастар мен жасөспірімдер. Сол себептен бүгінгі пресс конференциямыздағы ең негізгі сұрақтарды жасөспірімдермен байланыстырайық. Сонымен талдауға қоятын сұрақтар: (сұрақтарға оқушылар өз рөлдеріне байланысты жауап беру керек.)

Сұрақтар:


ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Біріншіден, адамның психологиялық саулығына зиян келтіретін проблемаларды алатын болсақ, айтып кеткен нашақорлық, темекі, арақ-шараптар ішу, қылмыс жасау, барлық жасөспірімдер зиян екенін түсінеді, ал бәрібір сол проблемаларға жақын болады, айналысады. Неге?

Қалай ойлайсыздар осы проблемалары бар жасөспірімдердің психикасы өзгереді ме, қандай болады?

3 – тапсырма:

«Хаттарға жауап беру»

Нұсқау:- Біздің пресс конференциямыздың ашылғанын біліп көп жасөспірімдер, үлкен кісілер бізге хат жазып өздерінің проблемаларымен бөлісіп, сіздерден кеңес, көмек беруді күтуде. Алдымен хатты оқиық, содан кейін жауап берейік.

1 – хат:«Сәлеметсіздер ме, құрметті пресс конференцияның қатысушылары! Менің атым Саят, жасым 15-те. Темекіні шеккеніме 3 жыл 8 ай болып қалыпты, анда-санда сыра, арақ та ішемін.Өзіміздегі қатты бір өзгерістерді байқамаймын, бірақ достарым айтады,бетіңнің терісі бұрынғыдай жақсы емес, даусым жағымсыз, мұғалімдер болса, сабаққа үлгерімің төмендеп кетті дейді. Өзім де байқаймын, ұмытшақпын соңғы кездерде, тез ашуланып кетемін. Қалай ойлайсыздар, темекі мен алкоголь пайдаланғаныма осы өзгерістер байланысты ма?». «Айтылған жаман әдеттерімнен қалай құтылуға болады?».

2 - хат: Сәлеметсіздер ме! «Менің атым Камила, жасым 14-да, бірақ осы жасқа дейін жақсы араласатын достарым жоқ. Мен танитын достар не темекі шегеді, не арақ ішеді, арасында есірткі қолданатындары да бар, сыныбымыздағы оқушылар да осындай жастармен достасады. Мен бұлардан осы күнге дейін аулақ болғам, сондықтан менімен ешкім бөліскісі келмейді, солар сияқты болсам ба екен?»

3 - хат:Сәлеметсіздер ме! «Мен 15 жасар баланың анасымын. Балам жақсы оқып, тәртіпті бала боп, еш уақытта ешкімді ренжітпейтін. Бірақ соңғы уақытта баламды мүлдем танымаймын. Сабағы төмендеп кетті, күні-бойы далада, үйге түннің бір уақытында келеді, мен танымайтын достар пайда болды, менімен де басқалармен де сөйлеспейді, ойларымен бөліспейді. Мінезі де өзгерді, тез ашуланады, қатты сөйлеп, ешкімді тыңдамай кетеді және де әрқашан ақша сұрай береді. Қалай ойлайсыздар, балама не болып қалды екен?». Осындай жағдайда не істеуге болады?

4 – тапсырма:Бейнекөріністі талдау. Бейнекөрініс «Нашақорлық»

5 – тапсырма«Проблеманы жою»

Қатысушылардың, әрқайсысы осы проблемаларға сәйкес бір затты тез арада суреттейді. Барлығы салып болғанда, әр қатысушы салған суретті жыртып, мыжып қоқысқа тастайды. Тастап тұрып, «Мен бұдан аулақ боламын, маған бұның қажеті жоқ» деп айту керек.

Енді пресс конференцияны аяқтап отырып, қорытындысын шығарамыз.

Эксперттің ойларын, басқа да қатысушылардың ой-пікірлерін, сұрақ-жауап әдісі арқылы білуі керек.

Сұрақтар:

1. Бүгінгі тренингтің тақырыбы қандай болды?

2. Өздеріңізге қандай қорытынды жасадыңыздар?

3. Сіздердің ойларыңызша кім рөлін жақсы атқарды?

Қорытынды.

Міне оқушылар әр адамның мәнді де, сәнді өмір сүру үшін денсаулықтың әсері ұшан – теңіз екен. Сондықтанда өмірлеріңіздегі ең жарқын жастық шақтарыңыздағы дендеріңіздің саулығына бүгіннен бастап қамқор болыңыздар. Өзіміз өмір сүріп отырған ортада өмірімізге қауіпті: наша, темекі сияқты зиянды улы түтінге әуес, құмар болмайық, Тәуелсіз елдің салауатты ұрпағы, тірегі сіздерсіздер. Сіздер Мәңгілік елдің салауатты ұрпағы болу жолында білімді де тәрбиелі болып, аянбай еңбек етулеріңізге тілектеспін.

Рефлексия.

1 – хат:«Сәлеметсіздер ме, құрметті пресс конференцияның қатысушылары! Менің атым Саят, жасым 15-те. Темекіні шеккеніме 3 жыл 8 ай болып қалыпты, анда-санда сыра, арақ та ішемін.Өзіміздегі қатты бір өзгерістерді байқамаймын, бірақ достарым айтады,бетіңнің терісі бұрынғыдай жақсы емес, даусым жағымсыз, мұғалімдер болса, сабаққа үлгерімің төмендеп кетті дейді. Өзім де байқаймын, ұмытшақпын соңғы кездерде, тез ашуланып кетемін. Қалай ойлайсыздар, темекі мен алкоголь пайдаланғаныма осы өзгерістер байланысты ма?». «Айтылған жаман әдеттерімнен қалай құтылуға болады?».

2 - хат: Сәлеметсіздер ме! «Менің атым Камила, жасым 14-да, бірақ осы жасқа дейін жақсы араласатын достарым жоқ. Мен танитын достар не темекі шегеді, не арақ ішеді, арасында есірткі қолданатындары да бар, сыныбымыздағы оқушылар да осындай жастармен достасады. Мен бұлардан осы күнге дейін аулақ болғам, сондықтан менімен ешкім бөліскісі келмейді, солар сияқты болсам ба екен?»

3 - хат:Сәлеметсіздер ме! «Мен 15 жасар баланың анасымын. Балам жақсы оқып, тәртіпті бала боп, еш уақытта ешкімді ренжітпейтін. Бірақ соңғы уақытта баламды мүлдем танымаймын. Сабағы төмендеп кетті, күні-бойы далада, үйге түннің бір уақытында келеді, мен танымайтын достар пайда болды, менімен де басқалармен де сөйлеспейді, ойларымен бөліспейді. Мінезі де өзгерді, тез ашуланады, қатты сөйлеп, ешкімді тыңдамай кетеді және де әрқашан ақша сұрай береді. Қалай ойлайсыздар, балама не болып қалды екен?». Осындай жағдайда не істеуге болады?
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
4 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
5 ответов