Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Астана қаласы

№68 орта мектептің

Денешынықтыру пәні мұғалімі

Есенов Медет Мамырбекұлы

Тақырыбы: «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл»

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, денсаулықтың құндылығын, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену;
2. Ой – өрістерін, сана, сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту;
3.Адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
І. Мұғалім сөзі: Мен сөзімді Сара Назарбаеваның мынадай сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» және де «Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы» Т.Корлейль деген екен. Олай болса, құрметті оқушылар бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымызды тақырыбы: «Денсаулығым- бар байлығым». Бүгінгі тәрбие сағатымызда “Саламатты Қазақстан” атты жүрдек жолаушылар поездымен бірнеше аялдамаларға тоқтаймыз. Аялдамаларда сіздер көптеген анықтамалар алып, сұрақтарға жауап іздеп, өз ойларыңызды бөлісесіздер.
Аялдамалар:
I. “Мың бір хадис” аялдамасы
II. “Денсаулық зор байлық” cұрақ -жауап аялдамасы
III. “ Жағдаяттар” аялдамасы
IV. “Ұлы ғұламалар елі” аялдамасы
V. “Мені жалғастыр” ойыны
VI. “ Өмір театр” көрініс
VII. “Сөзтізбек” аялдамасы
VIII. Білгенге маржан

Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Біздің дінімізде де денсаулығымызды сақтау жолдары туралы айтылады екен. Мысалы, мына бір жолдарды тыңдап көрейік.
“Мың бір хадис” аялдамасы
1. Денім сау болсын десең –тамақты ішер алдында және ішіп болғаннан кейін қолыңды жу. Тамақтың берекесі де осында.
2. Тістеріңізді тазалап жүріңіздер, себебі ол пәктікке жатады. Пәктік иманға шақырады, ал иман жәннатта иесімен бірге болады.
3. Алла тағала пәк, ол пәктікті жақсы көреді, ол таза, тазалықты ұнатады. Үй жайыңызды, жүріп –тұратын жолдарыңды таза ұстаңдар. («Мың бір хадистен»)
Бұл аялдамалардың барлығы да бүгінгі ұрпақ тәрбиесі үшін маңызды мәселелер болып табылатынына біз сенімдіміз. «Дені саудың жаны сау», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»деп қазақ халқы айтпақшы қазіргі кезде келер ұрпақ жаман әдеттерге үйір, еліктегіш болып өсіп келе жатқаны кім - кімге де ақиқат. Оқушылар жаман әдеттер деп отырғанымыз қандай әдеттер?
. «Денсаулық – зор байлық» сұрақ жауап аялдамасы (Оқушылар жауабы.)
1.Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
Денсаулық дегеніміз- адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп,жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді.Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты. Денсулық салауатты өмір салты туралы ғылым.
3.Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?
Жеке бас гигенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу.
4.Таңертеңгілік жаттығу жасау не үшін қажет?
5. Денсаулыққа не зиян?/ Күн тәртібін бұзу, жеке бас гигенасын сақтамау, аз қозғалу, жағымсыз әдеттерге әуес болу /
Салауатты өмір сүру дегеніміз не? Ол әлуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу.
2.Біз не үшін тамақтанамыз? Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс.Дұрыс тамақтану-денсаулық негізі.Өмір сүру үшін тамақтанамыз.
5. Қазақстанның туын көкке көтеріп, намысымызды асқақтатып жүрген қандай спортшыларды білесіңдер?
Мұғалім: шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, жұқпалы аурулар, бұзақылық.
«Арақ - арыңа нұқсан, темекі тегіңе нұқсан»демекші балалар бұл зиянды әдеттерден аулақ болуымыз керек.
“Жағдаятты талдау” аялдамасы
1 жағдаят:
Бір күні сені жан досың бір отырысқа ертіп баратындығын айтты. Онда барғаныңда үлкен жиынның үстінен түстің. Сен бейтаныс адамдар ішімдік ішуге, шылым шегуге шақырады. Досың да солар жағында. Бұған дейін досыңның мұндай әдеттерін байқамапсың.
Осы жағдайда сен не істер едің, қандай да бір шұғыл шешім қабылдайсың ба? Өз шешіміңмен бөліс.
2 жағдаят: Сыныпқа жаңадан оқушы келді. Барлық сынып оқушылары онымен жақын араласып кетті. Сіз онымен дос та болып алдыңыз. Кейін сіз оның жұқпалы аурумен ауратының білдіңіз.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Бұл жағдайдағы сіздің іс - әрекетіңіз қандай?

3 жағдаят: Сенің өте жақсы көретін ағаңның аузынан ептеп сыраның иісі шығатынын бір – екі рет байқадың. Ағаңды қалай құтқарар едің?

4 жағдаят: Мектептен шығып үйге келе жатқаныңда темекі шегіп отырған бір баланы көрдің. Сен не істер едің?

5 жағдаят: Саған 11 - сынып оқушысы: «Маған күнде бір қорап темекі алып бер. Екеуіміз бірлесіп шегеміз. Мұны тек сен екеуіміз ғана білетін болайық. Әйтпесе......» деп жұдырығын көрсетіп, шарт қойды. Не істейсің?

“Ұлы ғұламалар не дейді?” аялдамасы

1- оқушы. 1997 жылдың қазан айында ел Президенті Н.Ә. Назарбаев “ Барлық қазақстандықтардың өсіп, өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы” туралы Қазақстан халқына жолдауын ұсынды. Арақ адам есін жояды, ұяттан бездіреді, арамдыққа және қылмысқа итермелейді. Сонымен қатар ішімдікке құмар адмның рухани байлығы азайып, адамгершіліктен жұрдай болады. Ішімдік барлық ішкі мүшелерді улап, әр түрлі созылмалы ауруларға шалдықтырып, небір талантты да дарынды жас жеткіншектеріміз арқтың кеселінен өз биігіне жете алмай өмірден кетіп жатқаны өкінішті-ақ. Міне, осындай өкініштердің алдын- алу мақсатында Президентіміз Н.Ә. Назарбаев 2030 жылға арналған еліміздің келешегін өркендету бағдарламасында назардан тыс қалдырған жоқ.

2- оқушы: “ Салауатты өмір салтына ынталандыру әрқайсысымздың Дене тәрбиесімен айналысқанымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған”. Қоғамымыз сау болсын десек, бүгінгі жас өспірімдер сау да салаутты өсуіміз керек.

3- оқушы: “ Салауатты өмір салты – бұл денсаулықты нығайту және дамытудың үйлесіділігін қамтамасыз ететін кешенді алдын – алу шаралары”. Бүгінде ерлердің -75%, әйелдердің – 34%, жас өспірімдердің 40% шылым тартса, ересек адамдардың 65% үнемі арақ ішеді екен.

4- оқушы: Лұқпан хакімнен «Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» деп сұраған екен. Сонда ол «Байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адам өзінің күш - жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты» деген екен.

Лұқпан хакім ерекше дарынды, зерек болыпты. Соның қалдырған жеті өсиеті бар.

Біріншісі - ерте тұру.

Екіншісі - орта тазалығын сақтау.

Үшіншісі - дене шынықтыру.

Төртіншісі - үнемі денені таза ұстау, ыңғайлы киіну.

Бесіншісі - үнемі сергек жүру.

Алтыншысы - артық тамақ ішпеу.

Жетіншісі - көп ұйқтап жалқау болмау

Осылардың барлығы денсаулықты сақтаудың негізгі кепілі болып табылады.

Ұзақ өмір сүргің келсе денсаулығыңды күт, спортпен шұғылдан

“Мені жалғастыр” ойыны

1. Зиянды заттардан ертең емес бүгін ...

2. Арақ - ...

3. ... – зор байлық.

4. ... саудың – жаны сау.

5. ...- бар байлықтан қымбат.

6. Ауырып ем іздегенше, ... ауырмайтын ем ізде.

7. Демі бардың ... Бар.

8. ... тартқан сабазын, көрер талай азабын.

9. Тас болу - өз еркіңмен ...

“Өмір театр” көрініс

(Сахнаға ақ сақалды дана қарт пен жас бала шығады.)

-Ата, мен шылым шегуді үйреніп жүрмін. Қалай ойлайсыз, бұл денсаулыққа пайдалы ма?

- шылым шегудің үш түрлі “пайдасы” бар, балам.

- Біріншіден, Шылым шеккен адам ешқашан да қартаймайды.

-Қалайша?

-Себебі, олар қартайып үлгермейді. Шылым шегетіндердің өмірі қысқа болады, олар жастай өліп кетеді.

-Екіншіден, олардың үйін ешқашан ұры тонамайды.

-Қалайша?

-Себебі, шылым адамның өкпесі таза болмайды да күндіз- түні күркілдеп жөтелумен болады. Ұрылар үй иесінің көкжөтелін естіп, үйге жақындай алмайды.

- Үшіншіден, шылым шегетін адамды ешқашан да ит қаппайды.

-Қалайша?

-Себебі, олар өте ерте мүгедек болып қалады да, таяққа сүйеніп жүреді. Ал қолында таяғы бар адамға ит жақындай ма, айналайын? ( Ақсақал қулана жымияды. Ал бала ойланып қалады.)

“Сөзтізбек ” аялдамасы

Денсаулықты сақтау үшін немен щұғылдану керек

2. Тазалық сақтау туралы ғылымды не дейді?

3. Гигиенаны ерте кезден бастаған елді ата?

4. Адамға ең керекті тағамдардың бірі.

5. Адам не жетіспегенде өмір сүре алмайды?

6. Денсаулықты әлсіретуші жағдайлардың бірі.

7. Дені сау адманың денсаулығын сақтау туралы қандай ғылым бар?

8. Адам денсаулығына ең керекті не нәрсе?

9. Американ ғалымы П. Брэг адмдарда болатын аурулардың 99 %- ы неден болатынын айтқан?

“Білгенге маржан” пайдалы кеңес

Дәрісіз емделудің оңай жолдарын оқушы халық емі туралы баяндайды. Бірнеше мысалдар келтіреді.

Қорытынды:

Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық.«Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ