Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

5 Ответы

0 голосов

Қарағанды облысы Балқаш қаласының жалпы білім беретін №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Шакирова Дина Караевнаның Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген тәрбие сағаты.

Тақырыбы: «Тәуелсіз - елдің ұландарымыз!»

Мақсаты: Тәуелсіздігіміздің тарихы, батыр аға-апаларының ерлігі жайлы білу. Тәуелсіз еліміздің ертеңі өздері екенін сезініп, қастерлей білуге үйрету.

Көрнекіліктер: Тәуелсіздіккі арналған слайт, залды безендіру.

Барысы:

Мұғалім:Құрметті оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз- елдің ұландарымыз!» атты әдеби кешімізді бастаймыз.

1-оқушы: Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң тілімен. Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

2-оқушы:Мен- қазақпын, биікпін, байтақ елмін, Қайта тудым,өмірге қайта келдім. Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске, Айта бергім келеді, айта бергім!

3-оқушы:

Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам күллі әлемге танылды анық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым –Ата заңым қабылданып.

Мұғалім:Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар – намысынан туындап жатқан жоқ па?

Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде.

4-оқушы:

Жағасына жауының жетіп қолы,
Тартып алған тәуелсіз күшпен өткен.
Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы,
Олжа емес салбырап түскен көктен.

5-оқушы:
Қуаныш аралас қасіретпен,
Ерлік жолда қаншама ғасыр өткен.
Еркіндік, ерлігін сақтау үшін,
Талай ердің бұл жолда басы кеткен.

6-оқушы:
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым әріден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.
7- оқушы:
Жазалаушы қара құрттай қаптады,
Қазағымды қырып – жойып таптады.
Сонда елімнің ұл – қыздары ардақты,
Қарсы шығып ел сенімін ақтады.
8- оқушы:
Жалғыз Отан –адамның жүрегі ғой,
Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой.
Ел үшін Желтоқсанда құрбан болған,
Ербол, Қайрат – нағыз ердің бірі еді ғой.
9 – оқушы:
Сәбира, Ләззат сынды жауқазындар,
Жетілмей ерте солған гүл еді ғой.
Болашаққа даңғыл жол салып берген,
Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді ғой.
10-- оқушы:
Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн,
Ерттеп мініп ар – ождан сәйгүлігін
Ерлерім елдік үшін атой салып,
Еншілер қайтарған бәйгелі күн.

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДА ҚҰРБАН БОЛҒАН АҒА-ӘПКЕЛЕРІМІЗДІ

1 МИНУТ ҮНСІЗДІКПЕН ЕСКЕ АЛАЙЫҚ.

1-жүргізуші: Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты.

2-жүргізуші: Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен.

3- жүргізуші: Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Осындай нұрлы күнге қол жеткізгеніміз Желтоқсан оқиғасының нәтижесі.

МҰҒАЛІМ:

Осы Желтоқсан оқиғасы кезінде алаңға шыққан барлық жастарды аяусыз ұрып, соғып жатқанына төзбеген жігіттер мен қыздарды жазықсыз түрмеге қамады. Жазықсыз жазаланған Қайрат Рысқұлбековтың түрмедегі күндерінен көрініс.

ВИДЕО көрсету.

Көрініс: «Қайғыға түскен ғұмыр!»

Тергуші:Алып келіңдер, ана Қайрат Рысқұлбековті. «милициялар сүйрелеп алып келеді)

Тергеуші:Сен алаңға не үшін келдің?

Савицкиді өлтіргеніңді мойындайсың ба? Айт жаныңның барында.

Қайрат: Мен өлтірген жоқпын. Қазақ қыздарын ұрып-соғып жатыр дегенді естіп араша түсуге бардым. Мен жазықсызбын.

Тергеуші: Әкетіңдер, атыңдар!

Қайрат: Тоқта, айтар сөзім бар!

Күнәдан таза басым бар, 21-де жасым бар, Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар. Алам десең алыңдар! Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар. «Еркек тоқты құрбандық» Атам десең атыңдар!

Мұғалім: Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашан да еңкеюге тиісті емес жалауы!

1 - жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

2 - жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!

Оқушы

Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
оқушы
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

оқушы:
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

оқушы: Елімнің атын айтсам-Қазақстан!

Жерімнің атын айтсам-Қазақстан!

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Байлығым айтсам –Қазақстан!

оқушы: Қазақстан- бабамнан қалған мұра,

Сенбейсің бе? Даламнан бар да сұра!

Ел мен жерді дұшпанға таптатпаған

Батырларым демесем болар күнә!

оқушы: Туған тілім-бабам тілі -өз тілім!

Туған тілім-анам тілі-өз тілім!

Туған тілім-далам тілі-өз тілім!

оқушы: Туған тілде сыры терең жаным бар.

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

оқушы: Туған тілім-тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім,мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім,мен де бірге өшемін.

1-жүргізуші: Екпінімен еңбектің жарасқан ән,

Құлақ түріп даңқына алыс ғалам.

2-жүргізуші: Достық туы желбіреп қырмандарда,

Даламызда сан тағдыр табысты адам.

3-жүргізуші: Бостандықтың нұрымен арайланып,

Болашаққа алаңсыз қарыштаған.

Бәрі бірге: Ұлы достық отауы-ҚАЗАҚСТАН!

Оқушы: Шаттықтың бірге шалқып тасқынымен,

Жолықсын қонақтар әр ұлтпенен.

Оқушы: Үлгі алсын жас ұрпақ бүгін бізден,

Ежелгі ата-баба дәстүрімен.

Оқушы: Ынтымақ, достық, тыныштық,

Туыстық бізге тым ыстық.

Оқушы: Бейбіт өмір белгісі,

Күлімдеп шыққан күн ыстық.

Оқушы: Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

Оқушы: Болсын жер мен су ортақ,

Болсын бізге бәрі ортақ.

Қ-қадірлі

А- ағайын

З- заңғар

А- аталарымыздың

Қ-қанмен

С-сыйлаған

Т- тәуелсіздікті

А-аялап

Н-нық ұстайық!

Оқушы:

Кең байтақ туған өлкемҚазақстан!

Мен сені әрқашан да мақтан тұрам,

Алтын, дән, мыс, мырышы, мұнайымен,

Баршаны байлығымен таңқалдырған.

Төбеңде көк байрақты желбіретіп,

Жасашы, жасай берші ҚАЗАҚСТАН! «Қазақстан» әні

Т-білдіреді теңдікті,

Ә-әдептілік, әлдікті,

У-уайымсыз уақытты,

Е-егемендік елдікті,

Л-лағып, лепірме,

С- сенімділік секілді ең,

І- ілтипат пен ізет қой,

З- зиялылық тілек қой,

Д-достыққа шақырады,

І-ізгілікпен,

К-күн болып көктегі,

Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа!

«Атамекен» әні

1-жүргізуші: Егемен еліміздің болашағы біздің қолымызда!

2-жүргізуші: Тәуелсіздіктің тірегі білімде!

3-жүргізуші: Білімнің арқасында елімізді, жерімізді дамыта аламыз!

1-жүргізуші: Елдігімізді асқақтатып биікке көтерейік!

Хормен: Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Мұғалім: Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін.

Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.

Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық,

Тәуелсіздік күнін бүгін халқым бірге тойлайық!

Осымен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерей тойына арналған «Тәуелсіз - елдің ұландарымыз!» атты әдеби кешіміз өз мәресіне жетті.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

«Тәуелсіз елдің ұландарымыз!» тәрбие сағаты

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай (3-4 сынып) бастауыш сыныптар арасында «Тәуелсіздікке 25 жыл – 25 өлең» сайысы болды. Онда оқушылар тәуелсіздік туралы патриоттық өлеңді мәнерлеп оқуға қатысып, жеңіске жеткендері марапатталды.

Тәрбие сағатында оқушылар желтоқсан батырларын еске алып, олар жайлы көрініс қойып, өлең тақпақтарын айтты.

Қазақстан, Тәуелсіздік сөзіне талдау жасап, ойларын қорытындылады.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

НУРСЕИТОВА ЖАНАР АБДУЛЛАҚЫЗЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы

Т. Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясы

ІІ деңгейлі сертификатталған

бастауыш сынып мұғалімі

«Тәуелсіз елдің ұланымыз»

Мақсаты:Балаларға Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекесін таныстыру, өздерінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, өз елінің патриоты болуға, ел егемендігін сақтай білуге, елінің кірпіші болып қалануға баулу.
Тәрбиелік мәні: Өз ұлтының тарихын, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін білу
ұлтының намысын қорғай білетін, намысты қолдан бермейтін елінің адал ұлы болу.

Барысы:Мұғалім сөзі:

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар

Бүгінгі 2А сынып оқушыларының дайындаған "Тәуелсіз елдің ұландары" атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер.

Биылғы жылы елімізде айрықша атап өткелі жатқан Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мерекесі екені баршаға аян. 1991 жылы 16-желтоқсанда Тәуелсіз Қазақстан болып жарияланды.Ия,Тәуелсіздік бізге 1 күнде келген жоқ және 1 күнге келген жоқ. Сондықтан да оны мәңгілікке сақтап қалу - Тәуелсіз елдің ұландары сендердің қолдарыңда. Кезекті келешектің тізгінін ұстар бүгінгі шәкірттеріме берейін.

1-жүргізуші:
Армысыздар, бұл кештің қонақтары
Халқымның әрқашанда қонақ – бағы
Тәуелсіздікке арналған кешімізді
Бүлдіршіндер көруге шақырады.

2 – жүргізуші
Сәлем бердік, кешіміздің көрермені
Қазақтың, ол анық қой, өнер – кені
Бүгінгі мерекеге қош келдіңіз,
Алдарыңда болашақ өрендірі.

1-жүргізуші:
Бүгін тәуелсіздікке қол жеткен егеменді елміз. Бұл бізге оңайлықпен келген жоқ. Тамыры тереңде жатқан тарихи оқиғалардың нәтижесінде қол жеткізіп отырмыз. Ата – бабаларымыздың ұрпағын, елім, жерім, отаным деп кеткен арманына қол жеткізіп отырмыз.

2-жүргізуші:

Ол - өз елің, өзінің туған жерің, өз Отаның. Сондықтан біздің қазіргі жас ұрпақтарымыздың алдына қойған мақсаттары: елін сүю, елінің салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын сақтау өзінің кіндік қаны тамған жерін қадірлеу, құрметтеу.

1-жүргізуші:

-Аружан кезекті достарымызға берсек, келісесің бе?

2-жүргізуші:

-Әрине, Мұхтархан, олардың да Тәуелсіздік мерекесіне деген өз ойлары бар шығар, тыңдап көрелік.

1.Аян:

Біз қазақ мал баққан елміз

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз,

Елімізден құт береке қашпасын деп

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Найзамыздың ұшына үкі таққан елміз.

Жау аяғына басылмаған елміз,

Адалдықты әрқашан жасырмаған елміз

Еркіндікті ежелден аңсаған елміз.

2.Асылжан:

Кең байтақ көз жетпейтін менің жерім

Таулы орман жасыл жайлау көлім менің

Бүгін де бар әлемге даңқы жеткен

Тәуелсіздік Қазақстан менің елім.

3.Аянат:

Тыныш менің, Отаным
Ырыс менің, Отаным
Ардақтайтын Отанын
Мен Отаншыл баламын.

4.Мөлдір Есен:

Ақ ниетті – алтын күн
Асқақ арман – қыраны
Жалауы бұл - халқымның
Мәртебесі, мақтаны

Тәуелсіздік жолында
Талай – талай тер төккен
Билігім өз қолымда
Еркіндігім – Елтаңбам

5.Мұхтархан:

Көк туымыз желбіреп

Қалықтады аспанда

Әнұранымыз шырқалып

Шарықтады әр таңда.

Бәйтерегі орналасқан төрінде

Ақ ордам, арайлы Астанам

Қазағымды бар әлемге танытқан

Дара тұлға Елбасыммен мақтанам!

Әнұран орындалады.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Көрініс: "Әжесі мен немересі"

-Еліміздің әдемі әнұраны орындалғанда жүрегім елжіреп, сонау қиындық заман есіме еріксіз түсіп, осы күнге шүкіршілік айтып, Тәубе деймін!

-Әже, әже, маған ертегі айтып беріңізші.

-Е, балам, ертегіні күнде тыңдап жүрсің. Мен саған тарих болған жәйттен айтып берейін.

--Ия, әже, кәне айтып беріңізші.

-Балам, құлақ қойып тыңда, ендеше. Біз қазақ деген халық момын, қонақжай, намысшыл, ержүрек халықпыз ғой. Бірақ бір көтерілсе, қайтпайтын қайсар, өр халықпыз, шырағым.

Талай жылдардан ата-бабаларымыз еркіндікті, әділдікті аңсап келді. Дархан даламызға, кең-байтақ жерімізге көз тіккендерге қарсы шабуыл жасап, еліміз үшін қан төгіп, жерімізді сақтап келген.

Біз 70 жыл уақыт өзге ұлттың бодандығында көніп келдік. Бірақ "Шыдамның да шегі бар" демей ме дана халқымыз. Елімізді басқаруға өзге ұлт өкілін тағайындамақ болған шешімге түбейлі қарсылық білдірген қазақ жастары ереуілге шықты. Бұл -1986 жылдың желтоқсаны еді.

Қаһарлы күннің суығына қарамастан, жас студенттер алаңға жиналды. Олардың ішінен ерекше болып танылған Қайрат Рысқұлбеков еді. Ол ешбір қиындықтан қорықпай, абақтыда небір азаптарға шыдап бақты:

-Күнәдан таза басым бар

21-де жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар

Қайрат деген атым бар

Қазақ деген затым бар

Еркек тоқты құрбандық

Атамын десең атыңдар! -

деп, өзінің намысшыл қазақ баласы

екенін дәлелдеп, қазақ жастарының патриоттық сезімін оятып кетті. Одан басқа да жас өрендеріміз көрмеген азапты көрді. Алаңдағы жастарды жуан таяқпен соққыға жықты, қыздардың шашынан сүйреп, тепкілеп, аяусыз қиындықты көрген Ләззат Асанова, Ербол Спатаев ,Сабира Мұхамеджанова сынды жастарымыз еді.

-Е,е, балам, ( күңіреніп) биыл Қайратжан тірі болғанда 50-ге толған, ел ағасы болар еді. Не шара, Тәуелсіздік , еркіндік деп басын үлкен қатерге тікті. Қайрат ағаларыңның ерлігі еліміздің ұландарына үлгі болып қала берді.

-Әже, қамықпаңыз, мен де Қайрат ағам сияқты елге жанашыр боламын, деп сөз беремін.

-Е, балам, (күлімсіреп) ақылыңнан сенің. Ел үшін бәріне дайын болғаныңнан айналдым. Ондай азапты күндер қайта келмесін. Енді міне, сол жастардың ержүректілігі арқасында еліміз 1991 жылы 16-желтоқсанда әлемге танылған "Тәуелсіз Қазақстан" атанды. Уақыт шіркін, зымырап барады, еркіндік алған күнге де 25 жыл толыпты.Осы жылдар аралығында тұрақтылық пен жасампаздылықты мықтап ұстап келген Елбасымыздың арқасы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында еліміз қарыштап дамып келеді. Күні ертең сол "Тұңғыш Президент" күнін тойламақпыз.Қазағымның жері Мерекеге, берекеге толы болсын!

- Әже, сол мерекеге мен де дайынмын, Тыңдаңыз.

6.Ермахан:

Бақыттысың бодандықтан азатсың

Періштесің дәл еліңдей ғажапсың

Сол еліңнің ертеңіне намысты

Себебі сен ер мінезді қазақсың

-Міне, менің құлыным, қазақтың нағыз патриоты болады! Еліңді сүй, қорған бол, ботам!

Желтоқсан құрбандарын еске алайық: 1 минуттық үнсіздік.

7.Диана:

Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер,

Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел.

Бұл жер қалқам асқақ рух жарылысы өткен жер

Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер.

Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер.

Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер.

8.Ділназ:

Бостандығым тұңғыш рет

Ақ қанатын қаққан күн

Әже әлдилеп немересін

Басы айналған бақтан күн.

Тәуелсіздік ұлы күнім

Тұрсын жайнап төбемде

Сен жасай бер мәңгі бақи

Қуанышқа кенел де.

Тәуелсіздік мен білсем

Тай мейрамнан басқалау

Ел мен жердің байлығын

Төгіп шашып ластамау.

9.Толғанай:

Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн.

Мереке боп мәңгілік

Ел жанында қалған күн.

10.Мөлдір О:

Бұзып шығып бодандықтың торынан,

Тәуелсіздік шуағына шомылған.

Нар қазағым тілейтінім өзіне

Көгілдір ту құламасын қолыңнан.

11.Әділет:

Тәуелсіздік- бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға таққан тұмағы.

Тәуелсіздік- түнектерде тұншығып

Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы.


ответил от Surak_zhauap
0 голосов
12.Ақнұр:

Тәуелсіздік - арқамды сүйегім

Бейбітшілік, тыныштық - тілегенім.

Жаңа ғасыр көгіне жайып қанат,

Жайнап өсіп, жаңарып түледі елім.

13.Бейбарыс:

Тәуелсіздік сан жылғы ұлы арманын

Шапағаты айрықша сыйы алланың

Еркін жазып қанатты еркін самғап

Қасиеті қолына ту алғаның.

14.Алина:

Еркіндігім. Қасиетім. Қастерлім.

Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!

Кеше сенің ккелбетіңді арман ғып,

Боданына бұғауландық басқа елдің.

Ән.Толғанай. "Тәуелсіз Қазақстан"

Мұғалім: Білімімізді сынап көрейік.

1. Елбасымыз кім?

2. Елордамыз қай қала?

3.Тәуелсіздік қай жылы жарияланды?

4. Тәуелсіздік монументі қай қалада?

5. Бәйтерек қай қалада?

6. "Қазақ елі"монументінің биіктігі қанша метр?

7. Тудағы күннің суретінде неше күн шуағы бар?

8. Жастар 1986 жылы алаңға неге шықты?

9. Тұңғыш президент күні қай күн?

10. Отансыз адам......

15. Жарқын:

Ен даласын егін жапқан,
Бар баласы бақыт тапқан
Менің жерім, туған елім –
Күн сәулелі Қазақстан

16.Асылай:

Тәуелсіздігім - тәтті сый

Тәңірден келген ағайын!

Бар қазағым бақыттың

25-ші жылын тойласын!

17.Бекнұр:

Туған жерім тірегім

Сенде өстім түледім.

Бір сен деп үнемі

Соғады менің жүрегім.

18.Аружан:

Қазақстан тәуелсіздікті аңсап келді

Телегей теңіз аңсаған мансап келді.

Қазақтың бойтұмары ана тілін

Ту етіп айғақ етіп жар сап келді

19. Майра:

Тәуелсіздік- жарқырап атқан таңым

Қуанғаның, күлгенің, шаттанғаның.

Болашаққа үмітті ұялатып,

Әр жүрекке сәулелі жаққан шамың.

Ән. Диана "НұрОтан" .

20.Сабыр :

Көк аспандай туларың

Желбірейтін күні бұл.

Елім деген ұлдардың

Елжірейтін күні бұл

21.Сымбат:

Атамекен -ақ үйдің

Азат болған күні бұл.

Құндақтағы сәбидің

Қазақ болған күні бұл.

22.Мақсат:

Жұпар шашқан гүлімнің

Жаңа ашылған күні бұл.

Менің Ана тілімнің

Бағы ашылған күні бұл.

23.Альбина:

Алты алаштың баласы

Қауымдасқан күні бұл.

Бір-бірімен жарасып

Бауырласқан күні бұл.

Дүбірлетсін өңірді

Дүрілдетсін дүлділі

Қазақ деген елімнің

Құтты болсын бұл күні.

24. Нұрсұлтан:

Тәуелсіздік төріңде

Нұр құяды көңілге.

О, жас, ұлан еліңнің

Ертеңі үшін ерінбе!

1-жүргізуші:

-Ия, Аружан, Тәуелсіздік бұл арман, Тәуелсіздік бұл - тарих.

Біз тек бұл күнді қуанышпен мақтана айта аламыз.

2-жүргізуші:

-Дұрыс айтасың, Мұхтархан, Тәуелсіздік бұл -бақыт, Тәуелсіздік бұл -мереке.

Біздегі ендігі арман сол Тәуелсіздікті мәңгіге сақтап қалу. Ол үшін бізге татулық, бірлік керек.

Барлығы бірге:Болашағымыз - бірлікте!

Бірге:

-Ән мен күйді әуелеткен ұл-қызы

Қазақ елін біледі әлем жер жүзі.

Біз еркіндеп, біз Тәуелсіз алған күн

Желтоқсанның он алтыншы жұлдызы.

Ән. "Атамекен"Тұрсынбай Сабыр.

1-жүргізуші:

Аспан ашық, елі тыныш, Тәуелсіз Қазақстан жасай берсін!

2-жүргізуші:

Ақ шашты аналар, әзиз әкелер аман болсын!

1-жүргізуші:

Әрқашан сәбилердің шат күлкісі үзілмесін!

2-жүргізуші:

Біз Қазақстанда тұрамыз. Біздің Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан.

1-жүргізуші:

Құрметті қонақтар, Бүгінгі Тәуелсіздік мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз осымен аяғына жетті.

2-жүргізуші:

Көңіл қойып тыңдағындарыңызға рақмет!
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ