Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Отбасы -өнеге бастауы

Ботбаева Жанат Бердыевна

ОҚО, Түркістан қаласы, «Тұран» колледжі директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары, педагогика және психология пәнінің оқытушысы

«Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі-өнеге көрсетуде. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсат-міндеттерімен байланысты болуы керек»

Воспитание не ограничивается только разговором, беседой и советом. Воспитание начинается дома, нужно показывать воспитательный процесс индивидуальной личности. Воспитание подростка в семье должно быть связано с жизнью народа, целью и обязанностями окружающей среды.

А.С.Макаренко

Отбасы - қоғамның алғашқы ұяларының бірі. Отбасында баланың айналасын қоршаған дүние жайлы алғашқы түсінігі, ұғымы, көзқарасы, сезімі, әдет-дағдылары бой көрсетіп, қалыптасады.

Отбасы мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасы, тұрмыс салты, мәдениеті, т.б қоғамның әлеуметтік экономикалық құрылысына байланысты.

Ойлау, ес, ерік, зейін және басқа да психологиялық процестер жеке адамға туа біткен қасиеттер ғана емес, олар жүйелі тәрбие нәтижесінде, айналасындағы адамдармен қарым-қатынастар жасау арқылы өмір тәжірбиесінен, т.б әсерінен қалыптасады.

Жеке адамның дамуына биологиялық және әлеуметтік процестерде бір-бірімен тығыз байланысты әсер етеді.

Қазіргі қоғамдағы отбасы жаңа қоғамдық қарым-қатынастар негізінде құрылып, дамып келеді. Әрбір жаңа отбасының ынта жігері, ой санасы қоғамның бағыт-бағдары іс-әрекетімен етене жақын. Отбасындағы бала тәрбиесі – қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі болып табылады. Сондықтан ата-ана қоғам және мемлекет алдын баланың ой-өрісі жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті.

Қазіргі отбасында бал саны жағынан алғанда қарама-қайшылықтар бар. бұл ата-аналардың тәрбиелік қызметінің төмендеуіне әкеліп соғуда. Бірқатар әлеуметтік зерттеу жұмысттары қазір қалада тұратын отбасылардың 70-85 процентінде 1-2 баладан ғана барын көрсетед. Белгілі педагог А.С. Макаренко бірнеше бала тәрбиелеу жалғыз бала тәрбиелеуден әлде қайда жеңіл екенін айтып кеткен.

Баланы білімді әрі саналы азамат етіп өсірудің басты жолы – мектеп пен отбасының, жұртшылықтың бірлесе жұмыс істеуі деп білу керек. Баланың дұрыс өсуіне қажетті жағдайлар жасау, оның орта білім алуына, мамандық, кәсіп таңдауына көмектесу, еңбекке дағдыландыру, оны қоғам мен өз мүлкіне ұқыпты қарауға үйрету ата-ананың қоғам алдындағы басты борышы.

А.С.Макаренконың жұртшылықпен ата-аналар алдында оқыған лекцияларын талдайтын болсақ, олардан мынадай қорытындылар жасауға болады.

1. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсат міндеттерімен байланысты болуы керек. Ата–ана өздеріне, өзара қарым – қатынастарына, жүріс-тұрыстарына талап қоя қараулары керек. Ата-ана балаларын өздері еңбек ететін мекемелермен кәсіп орындармен, қызметтерінің қыр-сырларын таныстырып, өз кәсіптері туралы олармен пікір алысып отыруы тиіс. Ата-ана балаларының оқудағы, еңбектегі жетістіктеріне қуанып, олқылықтарына олармен бірге алаң болуға тиіс, балаларының жасұлан ұйымдарындағы қоғамдық қызметтерімен танысып, хабардар болып отырулары керек.

2. Ата-ана баланың үйде атқаратын жұмыстарын (үй жинау, пәтер жөндеу, кітаптарды шаңнаң тазарту, ауланы күту, т.б) шама-шарқына қарай бөліп, міндеттерін белгілеп қоюы қажет.

3. Отбасы өмірін жан-жақты әрі қызықты етіп ұйымдастырудың бала тәрбиесінде алатын орны зор. Ата ана үй шаруашылығын бір жүйемен жүргізіп, отбасы тәртібін сақтайды, заттармен бұйымдардың өз орнында тұруын, әсем қалпында болуды қадағалайды, Отбасы қаражатын қажетіне қарай бөледі. Бұл істергеде балаларды қатыстырып отыруға тиіс. Үйде әр-бір отбасы мүшесінің өзін-өзі күту дағдыларын қалыптастырады (жұмыстан, оқудан келісімен киімді ауыстыру, үйде гигиеналық тәртіп сақтау, т.б)

Жалпы күн режимімен (ұйықтау, еңбек ету, демалу) сақтау; әрбір отбасының мүшесінің үйде еңбек ететін, сабаққа дайындалатын орындарын ұйымдастыру;

Ұқыптылық ережелерін (дүкенге барсаң, қалған ақшаны қайтар, бір жаққа шықсаң, қайда баратыныңды айт, жазып қалдыр, тамақтанғаннан кейін дастарқанды жина, ыдыс аяқты жуу т.б ) үйрету;

4. Отбасы мүшелері өзара дұрыс қарым-қатынаста, тату-тәтті болуы тиіс. Үлкенмен кішінің достық, сыйластық қарым-қатынаста болуы – баланың адамгершілікке тәрбиелеудің басты шарты.

5. Болашақ азаматтың балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік шақтары ата-ананың қасында өтеді. Сондықтан баланы әр-бір жас кезіндегі ерекшеліктерін ескере, оның қалыптасу ерекшеліктеріне сергек қарай отырып, ой-өрісінің дамуына дұрыс бағыт беру керек.

Осы айтылған педагогикалық талаптарға сүйене отырып, бала тәрбиесінің кейбір ерекшеліктеріне тоқтала кеткен орынды.

Мектеп жасына дейінгі балаларды қалыптастырумен олардың ой-өрісін дамытудың алғашқы факторы-отбасындағы адамгершілік қарым-қатынастары қоғам талаптары сай құру болып табылады.

Төменгі сынып оқушыларының ой-өрісін дамытатын іс-әрекет оқу. Жақсы үлгерім оқуға деген ынта-ықылас, білуге, үйренуге құштарлық-баланың өз қатар құрбыларының, мұғалімдерімен ата-анасының алдында абыройлы етеді, беделін көтереді.

Жас өспірім балалар өздері ересек адам болып, есейдік деп есептейді. Олар бұл кезеңде өздерінің қабілет-мүмкіндіктерін көрсетуге талпынады, қатар құрбыларымен сырластыққа, достастыққа ұмтылады.

Осы айтылған психологиялық, педагогикалық ой тұжырымдарды ата-аналар өз баларының жас ерекшеліктеріне қарай пайдалана білсе, онда бала тәрбиелеу ісінде елеулі жетістіктерге жетері сөзсіз.

Ата-аналар арасында балаларын кішкене кезінде тек тамақтандырумен, күтумен, үйықтатумен ғана шектеліп қалатындары бар. Ондай ата-аналар балаларының ақыл ойларын дамытуға, сабақ үйгеруіне, жолдастарымен мұғалімдері ғана көңіл аударатын болады деп ойлайды. Ал бұл дұрыс емес. Баланы бүгінгі өмір талабына сай азамат етіп өсіру үшін оған жас кезінен дұрыс тәрбие беру керек.

Ата-анасы, өз баласын неге қызығатынын, нені жақсы көретінін, неден қаймығатынын, неден қорқатынын, қандай нәрсеге немесе затқа, іс-әрекеттерге ынта ықыласын барын, қандай іске бейім, әрі икемді екені біліп, аңғарып отыруы тиіс.

ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Бала мінезін, қабілетімен ықыласын зерттеп, бақылау, оны тек өз басына тән ерекшеліктері білу және осыларға байланысты оның бойында бар жақсы қасиеттерді одан әрі дамыту-тәрбие ісінде ерекше орын алуға тиіс.

Демалыс күндері ата-ана баласын табиғат аясына алып шықса, немесе киноға, театрға, спорттық ойындарға апарса, кейде балалар жолдастарының үйіне қонаққа барса, олармен қарым-қатынас жасап тұрса, үлкендер онымен әр-түрлі тақырыптарға әңгімелессе, онда баланың ой өрісі кеңейеді.

Отбасында баланың дұрыс өсуіне көп көңіл бөлу керек. Ол үшін баланың бойын салмағын, жалпы организмнің дамуын әр-бір жас кезеңіне сәйкес физиологиялық мөлшерімен салыстырады. Сондай-ақ бала организімінің барлық ауруларға қарсы күшінде білу керек.

Бала жұқпалы ауруларға шалдықса, онда ол бала психикасына із қалдырды ма, нерв жүйесі зақымдандыма жоқ па, соны білген жөн. Өйткені бала миы аурудан зақымданса, оның мінез құлқы өзгерері даусыз.

Денсаулығының нашарлығы немесе бір кемістігінің болуы көп жағдайда бала ақыл ойының, эмоциясының қалыптасуына, сабақ үлгеруіне әсер ететінін ата-ана естен шығармағаны жөн. Мысал келтірелік. Төменгі класта оқитын Ермектің жолдас-жораларынан шеттеп жүретіні бар. Өйткені ол түнде ұйықтап жатып төсегіне зәрін жіберіп қояды екен. Сосын шешесі таңертеңгісін оның төсегін қарап ұрысады, көрпе-төсегін елге көрсетіп далаға шығарып жаяды екен. Бұған бала ұялып-қысылады, бірақ істер амалы жоқ. Төсеке зәр сындырып қоюына ол кінәлі емес, өйткені жасында суық тиіп қатты ауырған. Оның үстіне 4 жасында қыста ойнап жүріп құдыққа түсіп кеткен, сөйтіп бір жарым сағаттай мұзды суда тұрған, соның салдарынан жұлынына да салқын тиген. Сол кезден бастап бала төсегіне зәр сындырып қоятын болған. Мұндай жағдайда әке-шешенің міндеті балаға ұрысу емес, қайта оны дәрігерге көрсету, дәрі-дәрмек беріп, емдеу. Бала төсегіне зәр жіберіп қоймас үшін оған кешке қарай сұйық тамақты, суды аз беру керек.

Ата-ана жас өспірімнің денсаулығын ескере отырып, оның мамандық таңдауына да көмектескені жөн. Көптеген балалардың ұшқыш, жүргізуші, токарь, құрылысшы болғысы келеді. Бірақ олардың игеруге денсаулықтары келмейді. Өйткені бір баланың жүрегі нашар болса, екіншісінің көзі нашар, реакциясы төмен, өте сылбыр, т.б. физиологиялық ерекшеліктері болуы мүмкін. Сондықтан мүмкіндігінше, бала денсаулығындағы кемшіліктерді жеңе білуге, жоюға дайындау қажет. 11-12 жасқа келгенде бала өзін қоршаған ортаға байсалды қарап, әрбір құбылыс пен жағдайға өзінше талдау, қорытынды жасауға тырысады. Айналасындағы адамдарға әсіресе әке-шешелеріне зейін қойып, соларға еліктей бастайды, олардың қимыл-әрекеттеріне, сөздеріне сын көзбен қарауды шығарады. Өздерін еркін ұстамақ болады, өз ақылын ересектерден кем санамайды, сөйтіп кейбір жайларда оларға қарсы сөйлей бастайды. Осы кезеңде ата-ана баласына әлі кішкентай деп қарамай, кейбір мезгілде оның айтқандарына құлақ асқандары, онымен ақылдасқандары, сырласқандары да дұрыс.

Баланың өз қатар-құрбыларымен жолдастық қарым-қатынасы да оның дамуына, қалыптасуына көп көмегін тигізеді. Кейбір бала мінез-құлқының ерекшелігіне байланысты қатар-құрбыларымен араласпайды.

Егер бала жеке жүруді ұнатса, уақытының көпшілігін тек кітап оқуға, химиялық, физикалық эксперименттер жүргізуге, т.б. қызықты істерге жұмсаса, онда оны құптауға болады. Бірақ мұндай әдет баланы кейін жолдас-жорасыз қалдыратынын, сөйтіп ол өмірде қиындық көретінін де ескерген жөн. Сондықтан ата-ана баланың әуестенетін ісіне, ынта-ықыласына зиянын тигізбей, оның өз жолдастарымен қатынас жасауына да көмектескендері дұрыс.

Баланың қатар-құрбылары мен жолдас-жораларының көп болуы да ата-ананы ойландыруға тиіс. Ондай балалар көп жағдайда адамдармен тіл тапқыш, ұйымдастырғыш болуы мүмкін. Олай болса бала бойындағы бұл қабілетті дамытуға тырысу керек. Дегенмен кейбір бала әр жастағы балалармен достасқысы келіп, оларға барын беріп, өз дегеніне көндіріп алуға тырысады. Мұндай жолмен келген жалған достықтан, өзімшілдіктен пайда жоқ екені белгілі. Олай болса ата-ана бала бойындағы мұндай мінезді жоюға ерекше көңіл аударғаны жөн.

Ұл мен қыз баланың достасуы, бір-бірімен жақын жүруі де ата-ананы ойландырары даусыз. Дегенмен мұндай достыққа бірден қарсы болмау керек. Алдымен байқап, достықтың себебін анықтап алуға тырысқан жөн.

Жалпы бала тәрбиесінің қыры мен сыры көп, ұланғайыр мәселе. Ол ата-анадан білімділікті, парасаттылықты, ұстамдылықты талап етеді.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Ф.Бизақова, Ш.Мамашбаева. Отбасылық дағдарыс психологиясы // Фолиант баспасы Астана 2010.

2. Құрманалина Ш.Х, Мұқанова Б.Ж, Ғалымова Ә.У, Ильясова Р.К. Педагогика // Фолиант-баспасы Астана 2007.

3. Ж.Ахметов, Балаларды мәдениеттіліке тәрбиелеу жолдары. // Қазақстан мұғалімі, 18 ақпан, 1994.

4. М.И.Станкин Психология общение // Москва 2004.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
4 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Ұстаз
0 голосов
2 ответов