Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Даткабекова Кенжегул Адамбайовна

“Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектебі”

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

7 «Ә» сынып жетекшісі

Сабақтың тақырыбы: Желтоқсан алауы – тәуелсіздік бастауы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға 1986 жылғы желтоқсандағы қанды оқиғаның

болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін, Отанымыз Қазақстан, туған

жер туралы түсініктерін кеңейту. Жаңа тақырып бойынша оқушыларға туған

топырағының сонау тереңде жатқан тарихын таныту.

Оқушылардың жаңа тақырыпты түсіне отырып, отанға деген сүйіспеншілігін

арттыру, олардың бойында патриоттық сезімдерін және елін, жерін, тілін, әдеп

ғұрпын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін ел

азаматы етіп тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік:Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен жеткен табыстары, рәсімдердің

қабылдануы, ТМД-ның құрылуы туралы білімділігін жетілдіру.

Дамытушылық:оқыту процесінде әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың

белсенділігін, қызығушылығын арттыра отырып, өздігінен іздену, ойлау

логикасын дамыту.

Сабақтың оқыту әдісі:өз бетінен іздендіру.

Сабақтың көрнеілігі:суреттер, букттер, тағзым кітаптар, газет-журландар.

Пін арқылы байланыс: тарих, әдебиет.

Тәрбиелік: Отан – Ананы құрметтеуге, ұлтжанды болуға, тәуелсіздік үшін

күрескен батырларды әрдайым есте сақтауға тәрбиелеу.

Түрі:Сахналық және ресми бейімдері.

Барысы:

Мұғалім: Армысыздар ұстаздармен оқушылар! Бүкіл қазақ елінде тойланып жатқан тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсан алауы тәуелсіздік бастауы» деген тәрбие сағатына қош келіпсіздер демекпін.

1-Жүргізуші:

Ассалаумағалейкум, халқым менің,

Жайнаған жүрегімде жарқыл ма едің?!

Тірлігің өз халқыңа жаңа тиді,

Ендігі тірлігіңнен тартынба елім.

2-Жүргізуші:

Кешімізді бастайық,

Ағайын туыс, халайық,

Замандас, сырлас, бауырлар.

Осы кешті бастайық!

1-Жүргізуші:

Кешімізді Қазақстан Республикасының әнұранымен бастаймыз

2-Жүргізуші:

Отан - менің ата- анам,

Отан – досым, бауырым.

Отан – өлкем, астанам,

Отан – туған ауылым!

1-Жүргізуші

Өлең: М.Мақатаев “Отан”

Орындаушы: Сәулебек Ақмарал.

2-Жүргізуші:

Ұшырмай көкіректен жыр кептерін,

Өлеңсіз аша алам ба сыр беттерін?

Армысың жиылған топ үлкен, кіші,

Армысың айналайын халқым менің.

1-Жүргізуші:

Ән: Қорқыт- қобыз

Орындаушы: Согиндикова Париза

2-Жүргізуші:

Қазақстан, Қазақстан – үлы анам,

Есіміңді естігенде қуанам.

Қазақстан – қиял жетпес биік тау,

Қазақстан – жазғы күнгі гүл алаң.

1-Жүргізуші:

Өлең: Қазағым менің

Орындаушы: Урин Балғын

2-Жүргізуші:

1990 жылдың 25 қазанында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Декларация Қазақстанда тұратын халықтарды топтастыру мен олардың достығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп белгіледі. Бұл күн – ұлттық мереке, Республика күні. Ата –бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап өткен Тәуелсіздікке қол жеткізгелі 25 жыл өтіпті. Еліміз талай-талай асқар биіктерді бағындырды.

1-Жүргізуші:

Тәуелсіз елдің рәміздері: мемлекеттік жалау, елтаңба, әнұран бекітілді. Қазақстан Руспубликасының Ұлттық ақшасы, теңге айналымға түсті.

2-Жүргізуші:

Мемлекеттік рәміздерді түсіндіру

image

Париза: ТУ

Желбіре туым желбіре,

Көргенде сені қуанам.

Мақтан қып сенің сәніңді,

Арманмен алыс аттанам.

Желбіре туым желбіре,

Әлемде жетсін шуағың.

Өзіңді ұстап қолыма,

Қасқайып төрде тұрамын.


ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Рабиға: ЕЛТАҢБА

Алтын қанат көмкерген,

Шаңырақ бар, уық бар.

Әсем бейне сен қыран,
Жай бейне емес ұғып ал.

Көгілдір түс аясы,

Бейбіт дала елесі.

Шаңырақ жұрт панасы,

Уықтан күн сәулесі.

Аңызға ұшқыр төзімді,

Пырақ халық арманы.

Жоғары да түсер көз,

Бас бармақты жұмуға

Ал, Қазақстан деген сөз,

Таныс барлық ұл, қызға.

маған, саған қымбатты

Ел таңбасы ол –Елтаңба

Ерасыл: ТЕҢГЕ

Шыныменен Алла рахым берді ме?

Қазағымның көз жасын ол көзді ме?

Мәңгілікке жасай берсін теңгеміз

Қолды жаймас, кезегіне келді ме?

Нұрлан: АТА ЗАҢ

Описание: d:\ \поур.план\9-c2-тоқсанәд,қаз57-мектепжазды\новая папка\кенжегүл\ғылыми зерттеу\20161213_140700.jpg

Табиғаттың шуағынан нәр алған,

Қазағымның өз заңы бар жаңарған!

Адамшылық қағидадан жаралған!

Шұғыласы әділ заңнан – таралған!

Жүрегіме зор қуаныш құясың,

Жарқын заңын,

Жарқылдаған күндей күліп шығасың.

Алтын заңым – Асыл Заңым –

Теңдесі жоқ қуатым!

Ақмарал: ҚАЗАҚ ТІЛІ

Описание: d:\ \поур.план\9-c2-тоқсанәд,қаз57-мектепжазды\новая папка\кенжегүл\ғылыми зерттеу\20161213_140945.jpg

Тілім менің, қолымдағы қаруым,

Тілім менің, бойымдағы дарыным.

Биіктікке тілмен ғана өрлеймін,

Тілім менің енші болмас бауырым.

Өз тілінде Абай, Мұхтар сөйлеген,

Мұқағали мұңын шаққан елменен,

Тілім менің қол жетпейтін құдірет,

Көңілімді көкке өрлетіп тербеген.

Ердәулет: ПРЕЗИДЕНТ

Описание: c:\users\жанерке\pictures\20161213_140809.jpg

Шықты тарап ой данадан,

Бері қарады жұлдыз беті.

Өзі қалап, сайлап алған,

Елімнің бар Президенті.

Аман бол алтын жүрек, дана басым,

Ел үшін өлімгеде бара аласың.

Буынның бүгілмесін ел алдында,

Ертең де еңбегіңді бағаласын.

Қуанышымызға қош келдіңіздер!

осы тойға біз бүгін

1-Жүргізуші:

Қуанышымызға қош келдіңіздер!

Осы тойға біз бүгін,

Өлеңмен шашу шашайық,

Дүбірлі той жасайық!

Ән: Қазақ қыздары

Орындаушылар: Париза мен Бексұлтан

2-Жүргізуші:

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім,

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді айта бергім.

Өлең: Үш бақытым

Орындаушы: Қодиркулов Нұрлан

Халқымыздың анасы

Атасы ол, данасы.

Көз жетпеске төсілген,

Қазақстан даласы.

Пейілдері кең болып,

Дәуіріне тең болып,

Өсер дәйім ұл – қыздар,

Шеттерінен ер болып

1-Жүргізуші:

Би: Сарбаздар

2-Жүргізуші:

Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,

Көрсең ашық Алатаудың күндерін.

Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген,

Ұлан байтақ Республикам бұл менің.

Өлең: Менің Республикам

Орындаушы: Яхшиликова Нұрай

1-Жүргізуші:

Би: қазақша би

Орындаушы топ: Қыздар тобы

2-Жүргізуші:

Естіген жұрт тамсанар,

Тамылжытып ән салар.

Бізде сондай балалар бар,

Енді соны тыңдаңдар.

Ән: жаса, Қазақстан!

Орындаушы: Согиндикова Париза

1-Жүргізуші:

Өлең: Туған жер

Орындаушы: Холиков Талибжон

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ