Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
АЗАТТЫҚТЫҢ АҚ ТАҢЫ

БаймуратоваЖулдыз Абеновна

Алматы облысы, Іле ауданы, М.Түймебаев ауылы, №20 мектебінің мұғалімі

Қазақстанның тәуелсіздік алғанына жиырма бес жыл. Жиырма бес жылда еліміз ауыз толтырып айтарлықтай үлкен жетістіктер биігінен көрінді. Әлемнің өркениетті мемлекеттері Қазақстанды танып білді. Олармен аралас-құралас болуға, еркін жүріп, еркін тұруға, қалаған оқуына түсуіне, сол арқылы сол елдің мәдениетін, әдебиетін толығырақ айтқанда, рухани дүиесін өн бойына сіңіруге, жақсы жақтарын қабылдауға жан-жақты мүмкіндік туды. Сонымен қатар «Біз Қазақстандықтармыз» деп кеуде кере шаттануға да бүгінгі уақыт үрдісі бізге мүмкіндік туғызып отыр. Өйткені, Республика тұрғындарының әлеуметтік – тұрмыстық жағдайы жыл санап емес, күн санап жақсарып келеді. Экономикамыз тұрақтанып, ірі-ірі өнерәсіп орындарымыз жұмыс істей бастады. Жұмыссыздық азайды. Бірлік пен ынтымақтық, достық, бір-бірімізді шет қақпай етпеу ертеңімізге деген құлшынысты арттыра түсетіні сөзсіз. Тәуелсіздіктің арқасында мыңдаған қазақ өзінің тарихи отанына оралды.

Тәуелсіздік елімізге өз жемісін, сыры мен сипатын, салтанаты мен сүйіспеншілігін сыйлауда. Ата-бабамыз ғасырлар бойы арман еткен тәуелсіздік бізге құт болып кіріп, көкжиегімізді кеңейтіп, іргемізді бекітті. Қазақ халқының өз қолы, өз аузына жетті. Енді ел мен жер өзіміздікі. Міне жиырма бес жыл бойына көк байрағымыз көкке желбіреді, ән ұранымыз шалқыды, елтаңбамыз күн көзіне шағылысты. Күні кешегі кеңестік өктемдік, «Тар жол- тайғақ кешу» келмеске кетті. Осындай тәуелсіздіктің алғашқы қиын кезең өтпелдерінен ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елді сабырлы, салиқалы саясат ұстанып, жиырма бес жылда өркениетті елдер тамсанатындай жағдайға жеткізді. Шындықтың көзіне тура қараған Елбасы – тек төрт-бес жыл ғана емес, ұзақ бағыт-бағдарды болжай білуімен күллі қазақстандықтардың тарихи тағдыр қалыптастырған отанымызда татулық пен ынтымақты өмір сүріп, болашағы жарқын тәуелсіз мемлекеттің іргесін берік қалап, өзара түсіністікте көршілермен тату қарым-қатынасқа қол жеткізіп отыр.

Тәуелсіздіктің тағы бір жемісі деуге негіз боларлықтай іс бұл – ауыл мәселесі. Елбасының қолдауымен ауылдық жерлерде жол құрылысы, ауыз су, мектептер мен ауруханалар салу кезең-кезеңімен орындалып, оңды шешімін тауып келеді.

Тәуелсіздіктің төл қаласы Астана Сарыарқа кіндігінде бой көтерді. Астанада сәні мен салтанаты көрген адамды таң қалдырарлықтай ғимараттар салынуда.

... Астана, арман қала бой көтерген,

Бойыма сені көріп қайрат енген.

Сарыарқа жер кіндігі болса егер,

Сен ару сол кіндікте тербетілеген, -

деп ақын жырласа, жырлағандай-ақ, бүгінгі Астана қасиетті Қазақстан, киелі қазақ жері гүлдену, құлпыру үстінде. Оның бүгіні ді, ертеңі де жарқын, жасампаз. Бүгіні мен, ертеңін бағамдайтын, бағдарлайтын «Қазақстан-2050» стратегиялық даму бағдарламасы – қазіргі біздің, ертеңгі болашақтың бағдарламасы. 2017 жылы Астанада өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесі үшін жиналатын әлем жұртының біздің жиырма бес жылда осындай өлшеусіз жетістікке қол соғатындай серпілісте болатынында шек жоқ.

Қорыта келгенде, жерінің қазына байлығы мол мемлекетімізде түрлі ұлт халықтары «Біз Қазақстандықпыз» деп, тарихтың төл жер иесі қазақ халқының кеңпейіл қонақ-жайлылығына қуанып та, мақтанып та айта алады. Бүгінгі елімізде қалыптасқан жүрекке серпіліс берер оң өзгерістер болашаққа деген сенімімізге нұр ұялатады. Ал біздер, ұстаздар қауымы балаларды білім нәрімен сусындатып, ертеңгі елдің тірегі тәуелсіз Қазақстанымызды әрқашан өркендетуге өз үлесімізді қоса береміз деген сенімдеміз.

Қазақстан Республикасының 25 жылдығы жасасын!

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
8 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
4 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ