Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

«Қош келдің Жаңа жыл!» атты мерекелік іс- шараның сценарийі

спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов

«Қош келдің Жаңа жыл!» атты мерекелік іс- шараның сценарийі

Мақсаты:Көркем әдебиет пен ертегідегі кейіпкерлер бейнесін пайдаланып, балалардың бойына мерекелік көңіл күй тудыру. Көңілді ойындар ойнату, достық қарым – қатынасын ояту,аудиторияға мерекелік көңіл күй сыйлау.

Көңіллді музыка

Сникерс:

Ой чупа чупс сен мында қайдан жүрсің?

Чупа чупс:

(жылап) Мен аяз атаның дорбасынан түсіп қалдым сосын балаларды іздеп таптым аяз ата осында келе жатқан.

Сникерс:

Жылама чупа чупс, менде аяз атаның дорбасынан түсіп қалдым енді біз біргеміз сондықтан бәрі жақсы болады.

ЧУПА ЧУПС:

Алақай Ендеше балалар! барлығымыз бірге аяз ата мен ақшақарды күтейік.Біз оларды күткенше бір ойын ойнасақ қайтеді?

ЧУПА ЧУПС:СНИКЕРС тоқтай тұр, ойын ойнамас бұрын балалармен танысып алайық.

1ОЙЫН ТАНЫСУ.

2ҚЫЗДАРАЙ,ҰЛДАРАЙ

Қызыл ММденс : Ахахах,ой ай не болып жатыр ,мен емес мен емес ,тууууууф.

Сникерс:Ой не болып жатыр?Мен барып қарап келейін

(ММдэнстерді ертіп әкеледі)

СНИКЕРС:Бұл біздің достарымыз ғой,адасып қалыпты.

САРЫ ММДЕНС:Біз сендермен бірге болайықшы әйтпесе адасып ,қайда барарымызды білмей қалдық.

Қызыл Ммдэнс: Ол сен шығар қайда баратыныңды білмейтін,ал мен бәрін білем.

САРЫ ММдэнс:Егер сондай білгіш болсаң неге бізді аяз атаға ертіп апармайсың.

Қызыл Ммдэнс:Жарайды ,жарайды сенбейді екенсіңдер

СНИКЕРС:Достар ұрсыспаңдар,оданша көңілімізді көтеріп би билеп ән айтайық.

САРЫммдэнс: Ия сол дұрыс болар.

3.рэп

4.ОЙЫН ква,кви,

5.би(утя)

СарыММдэнс:Сен бәрін білгіш едің ғой қане шақыршы аяз атаны

Қызыл ММдэнс:Ал көріңдер Абра кадабра бум абра кадабра бум

(Сиқырлы музыка Хатабыч шығады)

ҚызылММДЕНС:Бұл аяз ата ма?мен не шынымен аяз атаны шақырдым ба?

Ессс ессс есс ! Көрдіңдер ме менің қолымнан келді.

ЧУПА ЧУПС: Сіз кімсіз қадірменді ақсақал?Балалар бұл кім екен сендер білесіңдер ме?

Хатабыч:Меен сиқыршымын!!

СНИКЕРС: ЕЕ сіз аяз ата емес екенсізғой.

ЧУПА ЧУПС:Ол хатабыч екен.Ертегіден келген сиқырлы ата.Ата сіз бізге Аяз ата мен ақшақарды шақыруға көмектесіңізші.

ХАТАБЫЧ:Жарайды,бүгін балалар жаңа жыл мерекесі екен,шақырып берейік.

(сақалын сипап Шары вары ап 2 рет)Музыка қорқынышты қарабасшығады.

ЧУПА ЧУПС: (қорқып )Мынау қап қара ғой.Балалар мынау аяз ата ма ? сақалы бар бірақ оның түрі неге қара?кім бұл өзі?

6.Қарабастың әні

Қарабас:Мен Қарабаспын ұсқынсыз Дарабаспын.Менсіз шырша жағылмас!Осындай қорқынышты ,мен бәріне таныспын.

Сары ММдэнс: Не істеп қойдың бәрін бүлдірген сенсің.

Қызыл ММдэнс: Кешіріңдерші баларлар ,достар!

Сары ММдэнс:Хотабыч қарабасты қуып жіберуге көмектесіңізші?

Қарабас: Мен неге кетемін,осы жерде қаламын.

Кәмпиттер:Жоооқ жооқ саған жаңа жылдың сыйқын бұзуға бермейміз

ХАТАБЫЧ:Қарабас келісейік егер сен қазір балалардан жеңіліп қалсаң,сен жаңа жылдың сыйқын бұзбай кетесің

Қарабас: Мен жеңіліп қалсам?(күледі)

Хотабыч : Бәстесейік!

Қарабас: Жарайды!Бәстесейік!

7.(Арқан тартыс Ойыны)КОМЕККЕ БАЛАЛАР КЕЛЕДІ ҚАРАБАС жеңіліп қалады да кетеді,кеткен кезде:Мен әлі келемін!дейді

СНИКЕРС КӘНЕ ОЙЫНЫМЫЗДЫ ЖАЛҒАСТЫРАЙЫҚ

8. ойын( мультик)

9.қар мұз боран

ХАТАБЫЧ:Уфф кетті ау.Кәне тағы бір рет көрейік.

(Сақалын жұлып шары вары ап деп2 рет айтады)Музыка Мыстанға

Мыстан:АААА,бұлар менсіз той жасамақшы.Маған не билет берген жоқ,не телефон шалған жоқ.Ой,осылар телефон соғып қалады ғой,ұялы телефонымды қолымнан тастаған жоқпын.А-ха жарайды.Мен сендерге әлі көрсетемін бәлем,тоқтай тұрыңдар

Сникерс: Балалар мынау кім?

Мыстан: Шақырмайды мыналар,ұялмайды.Ал мен болсам уатсапта,вконтактыда,тіпті фейсбукты қосып қойып,сендердің шақырғандарыңды күтіп отырғам.

Сұлулықты мендегі көре алмайды

Мына менің жаныма ере алмайды.Хей.

Қас қиықтай қасым,бұйра менің шашым

Құлпырамын тотыдай,150 -де жасым - 2рет

Қарақаттай көзім,әсем әнді сөзім

Бүкіл орман ішінде,нағыз сұлу өзім -2рет

Уахахаха.

Ал менің қолымнан көп нәрсе келетінін білесіңдер ме?Мен сендерді қатырып тастайын ба?

ХАТАБЫЧ:Мыстан бұның жөн емес сен оданша бізді сынап көрсейші.Егер біз сені жеңсек онда сен кетесің,ал егер сен бізді жеңсең онда сен бізді қатырасың?

МЫСТАН:Уахахаха!сендер?мені?Ойбай ау мені ешқашан ешкім жеңген емес!

СНИКЕРС: Бірінші бізді сынап көрсейші?Солай емес пе балалар? Бізде жеңілген емеспіз!

МЫСТАН: Ал көрейік!Мен сендерге жұмбақ жасырамын,егер тапсаңдар жауабын онда сендерді қатырамаймын!

10. (Жұмбақтар)Мыстан жеңіледі кетеді .Келемін деп кетеді


ответил от Surak_zhauap
0 голосов
ЧУПА ЧУПС:Ақсақал біз оларды жеңдік ал бірақ Аяз ата мен ақшақарды шақыра алмадық енді не істейміз!

ХАТАБЫЧ:Достар мойымаңдар!Менде соңғы сиқырлы сақал қалды.Бірақ ол үшін бәріміз бірге 3 рет аяз ата ақшақар деп шақырайық!келістікпе?

ММДЕНС: Ал олай болса бастайық .

(Музыка аяз ата ақш шығады)

АЯЗ АТА:Асулармен алысқан

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан

Армысыңдар балалар!бармысыңдар балалар мен сендермен жаңа жылды қарсы алу ушін ну ну ормандардан,асқар асқар таулардан келдім

АҚШАҚАР : Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн

Қанаттана кең алқапқа тарайды

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күткен, сағынған.

Сәлеметсіңдерме балалар,жаңа жыл мерекесі құтты болсын!

Көңіл күйлерің қалай? Бәрекелді!Біздің аяз атамыз кішкене жолдан шаршап қалыпты аяз атамыз дем алып алғанша мен сендермен бір ойын ойнаймын!

11.Ойын топ-топ

(Қой көңілсіз ашулы шығады)

АЯЗ АТА: ОО!Армысың қадірменді қой! Неге көңілсізсің?

Қой: Қалай көңілді болайын менің жылым кетіп бара жатыр енді мен өз орнымды маймылға беруім керек

АЯЗ АТА: Ойбай ау сен мұңайма сенің жылың бізге көп қуанышты сәттер әкелді сенің жылыңды біз абыроймен өткіздік!Сондықтан мұңайма!

ҚОЙ: Ал егер мен маймылға өз орнымды бермесем!

АҚШАҚАР: Олай болмайды!балалар айтыңдаршы онысы дұрыс емес қой?

Қой:Жарайды жарайды!Мен сендермен келісем!Бірақ бір өтінішім бар.Мен сендермен бірге жаңа жылды қарсы алсам болама?

СНИКЕРС О Алақай!Барлығы татуласты Аяз ата ,ақшақар да келіп қалды қандай керемет!

ЧУПА ЧУПС Біздің мерекемізде біреу жетіспейтін сияқты.

СНИКЕРС Ия

қызылММДЕНС Ия,ия келер жыл маймыл жетіспейді.

АҚШАҚАРОнда не тұрыс бәріміз маймылды іздеп мерекемізге ертіп әкелейік!

СНИКЕРС: Ал маймылды іздеп табу үшін менде сиқырлы компас бар!

МмДЕНС Қанеки бәріміз бірге сапарға шығайық

(үнді,гангам стайл,африка)

ЧУПА ЧУПС Мінеки біз Африкадамыз!Достар қалай ойлайсыңдар мұнда маймыл өмір сүре ме екен?

(Маймыл шығады билеп)

Маймыл: Сәлеметсіңдер ме балалар

Күнтізбеде қалыпты

жалғыз ғана бір парақ

Дайындалдым жыл бойы

Жолға шығар келді уақ

Шақырымды жүздеген

Басып өту мен үшін

Жаңа жылдың түнінде

Жасыл шырша түбінде

Кездесем деп сендермен

мен осы күнді 11 жыл күттім ,енді менің де кезегім жетті !қандай керемет!

ҚОЙ: Қош келдің Маймыл ал енді сенің кезегің келді сенің жылың көп қуанышты сәттерге толы болсын!

МАЙМЫЛ: Жаңа жыл жаңа табыстар мен бақытқа толы болсын!Олай болса қанеки достар менімен бірге бір ойын ойнайық. ол ойынның аты

12. көңілді маймылдар

Аяз ата: Қәнеки достар бәріміз бірге қол ұстасып шыршаны айнала ән айтайық!

(хоровод құрылады,ән айтылады,қорқынышты муз,мыстан мен карабас келеді)

ЧУПА ЧУПС: Ааа бұлар тағы да келген ба?жаңа жылдың шырқын бұзайын деген ба?

Аяз АТА: Жоқ мен оларға жол бермеймін мен қазір оларды қатырамын!1 2 3.

Осы уақытта олар кешірім сурайды

(аяз ата кешіреді,бәрі бірге шыршаны айналып ән айтып,ойын ойнайды буги буги .аяз атаның қолғабы)

Аяз ата: Ал балалар жана жылдарын құтты болсын,сабақтарыңды жақсы оқыңдар ,бізге жол жүру керек,бізді сендер сияқты балалар күтіп жатыр!Келесі жылда кездескенше!Сау болыңдар!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы

«Көкшетау аласы, Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжі» МКҚК

Тақырыбы:«Қош келдің Жаңа жыл!»

Дайындаған: Аменова Ғ.Б.

2016ж.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов

Тақырыбы: «Қош келдің - Жаңа жыл!»

Мақсаты: Балаларды жаңа жылмен, оның ерекшеліктерімен таныстыру. Мерекеге сәйкес көңіл – күй туғызу.Шырша әсемдігін, қыс келбетін сезіну, әсер алу қабілеттерін жетілдіру.Сөйлеу тілін дамыту. Көрнекілік: Қыс туралы суреттер, ойыншықтар ілінген шырша, орындық,музыка орталығы. Жүргізуші: (Жүргізушінің даусы тыс жерден шығады)

-Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық кешіміз, ән де бар, би де бар, ойын да бар, асығыңдар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Басталады. Басталады. Жаңа жылдық карнавал! Кешіміздің иелерін қарсы алайық!(қол шапалақтау, Аяз Ата және Ақшақар, балалар кіреді)

Уа, халайық жарандар, Көмейіме жыр кеп тұр

Айналаға қараңдар! Жаңа жылды қарсы алып,

Жаңа жылдың бұл тойын, Өткізейік дүрмекті.

Салтанатқа санаңдар. Уа,халайық той бүгін

Қызық көріп,шат болып, Бақыт, шаттық мол бүгін

Шаттық күліп тараңдар. Қарсы алайық Жаңа жылымызды

Уа, халайық құрметті, Ұзатып сап ескі жылды.
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар , ата-аналар, балалар! Міне, көптен күткен қыс мезгілі де ортамызға келіп жетті. Жер үсті аппақ қарға оранды. Қыс айында бәріміз асығып күтетін тамаша бір мереке бар. Ол мереке – Жаңа жыл мерекесі! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, отбасында береке, бірлік, татулық, жылылық, қуаныш болсын! Шағын орталық балалары дайындаған ертеңгілікке қош келдіңіздер! -Балалар бүгін бізде қандай мереке? Балалар: -Жаңа жыл! Жүргізуші: Жаңажылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөз мектеп әкімшілігіне беріледі. -Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық.Келіңдер сән құрып, қол ұстасып тұрып,ән салайық. Ән: «Аппақ,аппақ жапалақтап» Би: «Өзбек биі» Жүргізуші: Балалар, ортамызда әсем не? Балалар: Шырша! Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпағын айтып береді.

Бала: Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа жыл кешімізге

Жаңа табыс тілейік ісімізге

Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін

Мына отырған барша жан бәрімізге Бала: Жаңа жылым жол болсын,

Басқан қадам оң болсын.

Төрлет, төрлет жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын! Ән: «Жаңа жыл жыры» Би: «Қамажай» Бала: Кел, Жаңа жыл! Төрле - төрле жеріме

Құт – береке боп келгейсің еліме!

Үміт артып армандарға аяулы

Шаттығыңа бөлегейсің мені де Бала: Аппақ тонға оранып, Келеді алыс сапардан,

Базарлықты мол алып. Аяз ата қуанып. Бала: Кел, Жаңа жыл, жеттің бе тағы айналып

Дастарханды отырмыз саған жайып

Сені күтті жыл бойы жақсы үмітпен

Талай ұлыс, талай ел, талай халық Ән: «Аяз Ата» Би: «Көбелектер» Бала: Келген сайын көңілді өсіресің

Ұлы болсын басталған осы көшің

Төгіп – шашпай тасытып кетсең екен

Қазақ деген шаңырақтың несібесін!

Бала: Жаңа жылда жаңа белден асамыз

Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз

Бейбітшілік ұранымен,жеңіспен

Жаңа жылда жеңіспен алға басамыз. Бала: Өлең де әзір,ән әзір,

Ойын да әзір бәрі әзір.

Кел Жаңа жыл біздерге,

Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл! Ән: «Аяз ата» Би: «Орыс биі» Бала: Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайық,

Ай жүзіндей айшықтанып арайың.

Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,

Жаңа жылың құтты болсын ағайын! Бала: Азаймасын ән мен жыр.

Ел көңілін көтерсін,

Құтты болсын жаңа жыл!

Құттықтаймын сіздерді!

Ән: «Жасыл шырша жанында» Би: «Флешмоб» Ән: «Жаңа жыл жыры» Би: «Аяз ата» Ән: «Жасыл шырша жанында»

Жыл басы кім болады? (музыкалық ертегі)

Алаңның ортасында ұйықтап жатқан қоян. Қоян есінеп, ұйқыдан жаңа оянғандай жан-жағына қарап, біреулерді іздейді.Ешкімді көрместен өзімен-өзі билей жөнеледі. Бидің әуенін естіп, орманың түрлі жануарлары жиналады.Олар қоянға қосылып билейді, Бидің аяғында жануарлар сағаттың дыбысын тыңдап түрып қалады. «Бұл не? Ия бұл келе жатқан жаңа жыл, біз жылды қарсы алу үшін шақырылған екенбіз ғой...»

Жүргізуші: Жыл басы тек мен болам Жылды қарап тұрайық

Деп хайуандар таласты Ойын-сауық құрайық

Өз-өздері мақтанып, Ең бұрын көрген батырды

Уаждары жарасты. Жыл басы деп ұғайық Ормандағы жануарлардың әрқайсысының жыл басы болғысы келеді. «Неге мен жыл басы болмаймын? Мен кімнен кеммін?» деген өзара талас басталды. Маңғаздана асықпай басып,ортаға алдымен сиыр шығады. Сиырдың әні: - «Мө»деп мөңіредім Көгалда тұрағым

Молшылық төңірегім Дайын тұр құрағым

Жыл басы боламын деп,- Сүтімен, етімен

Ертерек келіп едім. Адамға ұнадым.

Жылқының әні: - Алысқа шауып барамын Әсем десең, әсеммін

Адамның бабын табамын Сылаң қағып өсемін

Пайдасы мол жылқымын Кең далада көсіліп

Жыл басы мен боламын Самал желдей есемін. Түйенің әні: - Түйе, түйе, түйемін Жан- жағыма қараймын

Жануармын киелі Күн мен түнді санаймын

Кім таласар бойыма Мен өзімді даланың

Жыл басына иемін Кербезіне санаймын Барыстың әні: - Ырр,ырр, Барыспын, Барыспын Күшіме сенемін, сенемін

Бәріңе таныспын, таныспын Бәріңді жеңемін, жеңемін

Айналама сыйлымын, сыйлымын Жыл басы болуға

Сезімсізбен алыстым, алыстым Шіреніп келемін. Ұлудың әні: - Ұлу деген мықтымын Үйім бірге өзіммен

Жарқын- жарқын шықты үнім Сабыр етем төзіммен.

Ойым озар өзімнен Күш пен көрік құлпырар

Ақыл, ой бар сөзімде Салиқалы сөзімнен. Жылан мен маймыл би билеп ортаға шығады. Қойдың әні: -Бә,бә,бә, мен қоймын Қараңдаршы, қандаймын

Көк шөпке тойдым Аппақ болған таңдайым

Жыл басы болуға Жыл басына лайық

Келіп тұр ойым Жарқырап тұр маңдайым. Тауықтың әні: -Қо,қо,қо,қо қоқ Құрт- құмырсқа жейтінім

Жыл әні неге жоқ? Жоқ ешбір кемтігім

Жұмыртқамды жеген соң Бәріңде бос мақтанып

Барлық бала тоқ Шаршамаңдар ентігіп Иттің әні: - Абалап үремін Ит болғасын үремін

Үй қорып жүремін Сергек өмір сүремін

Адамның көмекші Жеті қазынаның бірімін.

Досының бірімін. Адамды қорып жүремін. Жүргізуші: -Жылды қарап тұрайық, Тышқан қулық ойлайды

Ойын- сауық құрайық Келіспеске қоймайды

Ең бұрын көрген батырды Шығып алып түйенің

Жыл басы деп ұғайық Өркешімен ойнайды. Доңыз бен қоянның дуэті: - Түйе мойынын созады,

«Мен болам» -деп жар салып.

Тышқан одан озады,

Жылды алғаш қарсы алып. Осы кезде тау арасынан күн көтеріліп шығады.Тышқан түйенің басына өрмелеп шығып әнін айтады. Тышқанның әні: -Алақай, алақай Қулығыммен айламмен

Күнді көрдім, алақай Бәрін жеңдім алақай! Жүргізуші: -Тышқан деген батырың Барлығыңда қараңдар

Таңды көзбен атырды Енді үйге тараңдар

Төбесінен түйенің Жылды көрген тышқанды

Жылды көріп қатырды Жыл басы деп санаңдар.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
6 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ