Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов


«Жыл басы –Наурыз»

Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі

«Балапандар» І сәбилер тобы

Дайындаған тәрбиешілер:Жанасбаева Г.С

Джубанова У.М

Саз жетекшісі:Малхарова З.Б

Би жетекшісі:Әділғалиева Г.Б

2015-2016ж

Армысыздар құрметті қонақтар,ата-аналар,тәрбиешілер!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Ақ мол болсын!

Бүгін балабақшамыздағы «Балапандар»тобы бүлдіршіндерінің «Жыл басы- Наурыз»атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Балалардың орындауында «Наурыз»әні

Жүргізуші: Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Халық сүйген мейрамды,

Қарсы алайық Наурызды.

Ортаға әже мен Наурыз атты қыз келеді.Әже балаларға,қонақтарға шашу шашады.Содан соң балалар осы мерекеге арналған тақпақтарын айтып береді.

Інжу Той думанға келіңіз,

Тамашаны көріңіз .

Уалихан Наурыз келді ,алақай ,

Кел билейік ,балақай.

Амина Бізде қарап тұрмайық,

Тойға шашу шашайық.

Олжас Ән шырқайық бәріміз,

Қосыл, кәне, бәріңіз.

Диас Бізде қарап тұрмайық,

Тойға шашу шашайық.

«Келші,келші балашым»әнінің әуеніне «Қонжықтар»биін қыз балалар орындап береді.Қабыл алыңыздар!

«Арқан тартыс»ұлттық ойыны.

«Ханталапай»ұлттық ойыны.

Шарты :бес бала ойнап,көп асықтың ішінен,хан асығын тауып ,бір бала алға шығу керек,сол бала жеңіске жетеді.

-Жарайсыңдар ,балалар!Енді орындарыңа жайғасып,қазақтың ұлттық рәсімдерінің бірі «Бесікке салуды»тамашалаңдар.Бесікке салу рәсімін жасау үшін ортамыздағы жасы үлкен әжемізге жолдаймыз.

(Әже балаларға бесік туралы,оның пайдасы,жабдықтары туралы айтып береді де бесікті аластайды).Содан соң балаларға «тыштырма»үлестіреді.Балалардың бәрі көңілді,бесікке қызыға қарайды.

«Бесік жыры»орындалады.Рәсімді өткізіп болып үлкендер бата береді.Әумин!

Ендеше әжелерімізді,басқа да қонақтарымызды Ұлыстың ұлы күні-Наурызмерекесімен құттықтаймыз!Наурыз мерекесі құт береке,байлық жақсылық әкелсін!!!

Наурыз мерекесіне арналған дастарханға шақырамыз!

Келгендеріңізге көп-көп рахмет.Сау болыңыздар.

15.03.2016жыл.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов