«Тәуелсіздікке 25 жыл»
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің
25 жылдығына арналған мерекелік ертеңгіліктің
бағдарламасы.Мақсаты:Балаларды Қазақстан
Республикасының жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәуелсіздіктің мәнін терең
ашып түсіндіру. Қазақ халқының ерлігін,даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін
ардақтап, өнеге тұту. Елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық
сезімдерін ояту. Балалар қолдарына жалаушалар
ұстап келіп, жаттығу жасайды да, орындарына тұрады.
1 жүргізуші:Армысыздар құрметті
ұстаздар, ата-аналар және сүйкімді
бөбектер!
№13«Балапан» балабақшасының ҚР -
сы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне арналған«Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілігіне қош
келдіңіздер
Қазақстан
Республикасының мемлекеттік әнұраны.
«ӘНҰРАН»
Балабақша меңгерушісі Жаңылсын Салахиденқызына құттықтау сөзі беріледі.
« Қазақ елі»
Қазақ елі
шынары
Қасиеттің тұмары
Шежіресін тарихтың
Мәңгі айтар жыр әні.Адайхан тақпақӘр
бақытты таңдарға
Қуанбайтын
жан бар ма?
Алтын қанат
самұрық
Самғап ұшар
заңғарға
Ғажайып жер
екен бір,
Іргетасы
бекем тұр,
Елдік сырды
шертетін
Қасиетті
мекен бұл.
(Күй
орындалып, сахна ашылады)
?Қазақ биінің
қыздарын шығарып жіберу. Анель, Кәусар, Камила, Саягүл, Жансұлу.
Көрініс:
Сахнада Әже мен немере шәй ішіп отырады.
Немересі: Әже, атам, ылғи «Сенің болашағыңды ойлаймын, өткен
өмірді ойлаймын» дейді. Сонда оның өткен өмірі қандай?
Әжесі: Е, балам, атаң, ата-бабаң не көрмеді дейсің?
1723 жылы Жоңғар шапқыншылығы, 1930-1932 жылдардағы
алапат аштық, одан 1937-1938 жылдардағы ағаларымыздың жазықсыз жазаға
ұшырауы...
1986 жылы Тәуелсіздік жолында жастарымыз ереуілге
шықты. Міне, өткен өмір. Бұған да тәуба!
Ертедегі ер бабамыз Едігеден бастап, айбынды
Абылайға дейінгі хандарымыздың бәрі Есіл бойында орда тіккендері тегін болмаса керек.
Халқымыз жаңа да жас мемлекетіміздің Астанасын өзінің қалаған жеріне, өзінің
қалауы бойынша орнатты. Кіндік қаласының құрылысының сызбасына бар
күш-қайратын, ынта жігерін салды. Әр көшеге, әр үйге жүрек мейірін, перзенттік
сүйіспеншілігін, жан жылуын жұмсады.
Еліміз өз Тәуелсіздігін алып,
егеменді ел болдық.
Немере: Әжетай,
түсіндім, бүгін «Балапан» балабақшасында
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған үлкен той болғалы жатыр, сонда
барайықшы.
Әже:Жүр, балам,
ендеше барып, шашу шашайық! Атаңды да ертіп барайық!(Әуенмен Әже немересін жетектеп, жолға шыққан болып, залды бір
айналып шығып кетеді.)
Гүлайым:Жолда келе жатқан ата мен әженің көз алдынан көріністер
өтіп жатты. (Аудиожазба)(Слайдтан желтоқсан құрбандарының суреттері
көрсетіледі)
Желтоқсаннан бастау
алған теңдігі,
(Адайхан)
Қазағымның өркендеді елдігі. Құрбан
болған Тәуелсіздік жолында
Ағалардың
ұмытылмас ерлігі. (Орнымыздан тұрып, 1 минут үнсіздікпен еске
аламыз)
2 жүргізуші:
Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға
шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Бүгін Отан туралы, кең байтақ Қазақстанның
тәуелсіздігі жәйлі, Елордамыз – Астана туралы ән шырқап, жырдан шашу
шашамыз.
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
Сіздердің алдарыңызда «Мерекелік шашу» биімен биші қыздарымызды қарсы алыңыздар!
Биден соң қыздар
киімдерін ауыстырады.
(Есіктен
немересін ерткен, қолында шашуы бар Әже мен Ата
келеді де, шашу шашады.) Әже:Той басталып кетіпті, ау, жүріңдер
тезірек. Шашу,шашу,шашу! Ата:Тойларың құтты болсын, жұртым! 1 Жүргізуші:Сәлеметсіздерме, Ата, Әже, төрлетіңіздер,
бүгінгі мерекеге қош келдіңіздер.
Ата менӘже: Рақмет, рақмет,
айналайын, немеремізден естіп,тойға біз де келіп қалдық.
Егеменді ел болудың белгісі-
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.
Егеменді деген сөзден естілер
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.
Еліміздің егемендігін осылай жырлаймыз, балаларым.
Ұмытпаңдар, айналайын ұрпағым.
Елін, жерін сүйетін үлкен
азамат болыңдар.Ал, жалғастырыңдар тойды, думандатыңдар.1 жүргізуші:
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық
алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Осыдан 25жыл бұрын біз
ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық, дүниеде Қазақстан Республикасы деген
жаңа мемлекет пайда болды.
Дария, Эльназ, Бегали,
Адайхан. Орыс биіне.
Ән: «Ұлы Қазақ ордасы»
Сарқылмайтын қуатым, АмирТірегімсің –
Қазақстан!
Мәңгі
соғып тұратын,
Жүрегімсің- Қазақстан!
1.
Атты
бүгін –азаттықтың ақ таңы,Жансұлу.25
жыл Тәуелсіздіктің арайлы таңы атқаны.Елі текті, киелі, қасиетті елімнің,Құтты
болсын еркіндігі, ата-баба арманы!
2.Далада думан, қалада думан - жыр бүгін,Ғасырлар бойы аңсай да
күткен бұл күнім.Жасай бер, жаса, асқардан аса әрқашан,Кеудеме әкеп қондырған
бақыт жыр - күйім.
3.Өтіп кеткен тарихты біз жасырсақ,НұрмұханБөтен елдің билігіне бас ұрсақ.Бұның бәрі дұрыс болмас түсінгінТәуелсізсің біліп
қойғын, жас ұрпақ!4.1991 жылы 16 желтоқсанда
Қазақстан Тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялады. Бұл қазақ халқы үшін
үлкен оқиға. Елбасы Н.Назарбаевтың білгір саясатының арқасында жүздеген ұлттар
бейбіт те, еркін жағдайда өмір сүріп жатыр.Біздің де балабақшамызда өзге
де ұлт өкілдері бар, біз олармен достық қарым-қатынастамыз.Би:«Русский танец»