Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

күзгі ертеңгілік

спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Атырау облысы, Атырау қаласы

№26 «Жұлдыз» балабақшасының

музыка жетекшісі

Шокаманова Жансая Баймуратовна

Қолшатыр мерекесі

ІІ кіші топтарға арнлаған күзгі ертеңгілік

Балалар залға кіреді .

Тәрбиеші куз мерекесімен құттықтайды , тақпақ оқылады

ӘН : « Куз ырғағы»

Тәрбиеші : Балалар ,қараңдаршы кун қандай болып тұр? Кун жаңбыр ,бұлт, жауын сіркіреп кун салқындап жапырақтар сарғайып адамдар жылы кииніп жур .Бұл қай мезгіл? Арине ,куз мезгілі

Ал күзде жаңбыр көппп жауады ғой ,ал бзді сол жауыннан қорғайтын кім балалар? Әрине Қолшатыр . Бугін біз мына әсем залға қолшатырдың мерекесін тойлауға келдік.

Жаңбыр дыбысы естіледі .

Тәрбиеші : Ой балалар қазір жаңбыр жауатын сияқты қане бәріміз қолшатырды қонаққа шақырайықшы , өйткені оның бүгін мерекесі ғой.

Балалар шақырады , Қолшатыр кіреді.

Қолшатыр : Салеметсің дер ме балалар ? Мені таныдыңдар ма? Мен қолшатырмын .Ал сендер білесіңдер ме, мен не істеймін ?

Балалар : Жоқ

Тәрбиеші : Балалар сендер білесіңдер ме жаңбыр астында қалып қоймасын деп бізді судан желден қорғайтын қолшатыр ғой.

Қолшатыр : Арине менсіз сендер жауынның астында үсті бастарың малман су болып қалып коятын едіңдер .

Ішке етік кіріп келеді

Етік: Салеметсіңдер ме балалар ? Мені таныдыңдар ма ? Мен су етікпін.

Егерде жаңбыр жауса, аяғымыз су болады сондықтан менде сендерді жауыннан қорғаймын , мен болсам қолшатырдың керегіде жоқ солай ма балақайлар?

Балалар: Арине

Қолшатыр : Сонда да (ренжіп) Сендердің аяқтарың су болмаса да устерің киімдерің су болады ғой. Етікті бастарыңа киіп алмайсыңдар ғой. Ендеше осы етіктеріңмен қала қойыңдар.

Есікке қарай беттейді.

Тәрбиеші : Қолшатыр тоқта. Ешқайда кетпе. Балақайлар қолшатырды ренжітуге болама екен ? Оның бүгін мерекесі ғой.Қане онымен бірге ойын ойнайықшы , бәрі де сені көрсін , сенің бізбен болғаның қандай жақсы.

Ойын «Кун мен жаңбыр»

Тәрбиеші : Көрдіңдер ме балалар қолшатыр болмаса усті басымыз су болатын еді , тіпті етіктің өзіде қолшатырдың астына тығылып қалды.

Қолшатыр: (ойнап) Етіктер, етіктер

Тәрбиеші : Балақайлар куз мезгілінде жеміс тер көкөністер жиналады қане сол көкөністі суда қалып қоймасын деп , тез жинап кәрзеңкеге салып улкендерге көмектесейікші .

Ойын : «Көкөністер жинау»

Тәрбиеші: Енді осы көкөніс жемістермен тағы да бір ойын ойнайық

Ойын «Кім шапшаң»

Балалардың тақпақтары оқылады

Қолшатыр: Алақай ,алақай менде осы жеміс- көкөністер мен фокус- мокус корсете аламын ,көрсетейін бе? Мұқият болыңдар .

Ойын : « Қай жеміс жетіспейді?»

Тәрбиеші : Мына жаңбыр басылмайтын сияқты, қане біздің әсем билейтін қыздарымыз ортаға шығайықшы.

Би: « Қолшатырмен би»

Қолшатыр : Осы сендер ән айтып білесіңдер ме?

Тәрбиеші : Арине қолшатыр саған арнап «Жау жау жаңбыр әнін айтамыз

Етік: Оййй, балалар сендер білесіңдер ме куз айында жапырақтар түсіп, жерде олар қызыл ,жасыл , қоңыр болып әп -әдемі болып жатады. Сол жапырақтардың астында демалып жүргенді айтсаңдаршы.. Керемет қой.

Бірақ ол жапырақтарды жинап, көшені таза ұстауымыз керек ,қане жапырақтарды тез тез жинай алатын балақайлар бар ма?

Ойын : «Жапырақтар жинау»

Қолшатыр , етік балаларды мақтайды.

Тәрбиеші : Арине біздің балалар шеттерінен өнерлі ,шапшаң, ақылды ал қолшатыр бізбен бірге өткізген мереке ұнады ма саған ?

Қолшатыр : Арине рахмет балақайлар сендерге маған арнап ән айтып би билеп жатырсыңдар. Міне сендерге етік екеуміздің сыйлығым ыз бар ( кәрзеңке толған жеміс) қабыл алыңдар , ауырмаңдар аман болыңдар , жаңбыр жауса аяқтарыңа етік , қолдарыңа қолшатыр ұстаңдар , келістік пе?

Сау болыңдар ! ( шығып кетеді)

Тәрбиеші : Ал енді балақайлар өзміздің әсем әніміз «Сылдырмақты» орындайық.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
2 ответов