Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Егемен елім- Қазақстан! атты ертеңгілік
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

БҚО Орал қаласы

№46 ЖОББМ-нің

мектепалды даярлық тобының мұғалімі

Сағидулла Ақмаржан Асқарқызы

Тақырыбы:«Егемен елім - Қазақстан!»

Мақсаты: Балаларға Отан, Тәуелсіз Қазақстанымыз туралы мағұлымат беру. Сөздік қорларын,оқушылардың Қазақстан туралы алған білімдерін дамыту. Отанын,елін шексіз сүюге тәрбиелеу, еліміздің рәміздерін құрметтеуге баулу.

I Кіріспе бөлім

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, балалар! Сіздерді келе жатқан еліміздің тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз! Біздің тобымыздың «Егемен елім- Қазақстан!»атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Әнұран орындалады.

Тәрбиеші:Балалар біздің республикамыз қалай аталады?(Қазақстан Республикасы)

Қазақстан Республикасы қандай республика? (егемен, тәуелсіз) Тәуелсіздік алғанымызға биыл неше жыл толады?(25 жыл) Елбасымыз кім?(Н.Ә.Назарбаев)

Еліміздің астанасы қай қала?(Астана) Облысымыз қалай аталады?(Батыс Қазақстан) Балалар ҚР-ның рәміздерін атап беріңдерші(ту,елтаңба, әнұран) (сипаттап беру)

Тәрбиеші:«Қанша ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ, сонша ғасыр ұмтылды ғой елдікке?» деп Төле би бабамыз айтқандай, 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігіміз жарияланып егемен ел атандық. Міне өз әнұранымыз, елтаңбамыз, туымыз бар. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік ағайын.

II. Негізгі бөлім Ту.Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

Елтаңба. Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй,

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Әнұран.Ән ұраным жан ұраным

Айтар әнім,сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым

Жүрсем егер дүние кезіп

Тәрбиеші:Қазақта қара қылды қақ жарған үш кемеңгер – Төле би, Қазыбек би,

Әйтеке билердің шешендік сөз үлгілеріне құлақ салайық.

Билер ортаға шығады.

Төле би:

Уа, халайық, сөз қадірін білсең,

Жаңбыр жаумаса – жер жетім

Басшы болмаса – ел жетім.

Сөз танығыш жастарға айтайын

Он түрлі кенесім бар.

Қазыбек би:Ұлы аға,бір кеңесті мен айтайын,рұқсат етіңіз.

Төле би:Рұқсат, рұқсат.

Қазыбек би :Өркенім өссін десен,кекшіл болма

Кесапаты тиер елге.

Елім өссін десен, өршіл болма-

Өркеніңді өшіресің,Аллаһу вкбар.

Әйтеке би: Уа халқым!

Көсіле шабар жерің бар!

Ту көтерген елің бар.

Атадан қалған сара жолың бар,

Сөз қадірін біліңдер.

Ән«Қазақстан» - Абай Арнұр

Балалар Отанымыз жайында тақпақтар білемізбе?

Анамыздай тілеу ақ

Отан бізде біреу ақ!

Ол – біздің Қазақстан.

Отан –сенин ата-анан

Отан-туған бауырын

Отан-өлкен, астанан

Отан қалан,ауылын

Желбірейді шалықтап

Қазақстан жалауы

Көкте қыран қалықтап

Қанат қағып барады

Отанды әркім анасындай

Қастерлейді, бағалап

Өйткені Отан баласындай

Бізді өсірер аялап.

Би: «Қамажай би» - Ардагерқызы Айша

«Жан шуағы» Н.Ә.Назарбаев – Каримова Альмира

Би «Сарбаздар» (шар)

Жубаналиева Инжу

Мәлік Медина

Каримова Альмира

Тойшыбеков Абылай

Дулатұлы Серік

Абай Арнұр

Ән « Көк тудың желбірегені».

Балалар хормен

Елімізді өркендететін,

Қазақ тілін көркемдететін.

Бабаларға тағзым ететін.

Аналарға бас иетін.

Балалардан бар жақсылығын аямайтын.

Туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен еңселі.

Әнұранымен айбатты.

Біз қазақ елінің болашағымыз.

Тәрбиеші:

Бүгін міне, Егеменді еліміздің ұлы мерекесін тойладық.Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз.Егеменді елдің болашағы сендерсіңдер.Сендерге зор денсаулық,көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын,күннің нұры сәулесін мол төксін деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ