Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

18 Н.К.Крупская атындағы орта мектеп

«Қазақстан шаруашылығын аумақтық ұйымдастыру және экономикалық аудандастыру»

9 сынып

Пән мұғалімі: УразоваМейрамгуль Махамбетовна

Атырау қ.

Бекітемін:___________ Пәні: География Сыныбы: 9 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан шаруашылығын аумақтық ұйымдастыру және экономикалық аудандастыру

Сабақтар топтамасы аяқталғанда оқушыларының нені білгенін, түсінгенін және жасай алғанын қалар едіңіз?

Қазақстан аумақтық ұйымдастыруының еңбек өнімділігін арттырудағы ролін, мамандануы туралы білімін қолдана біледі

Аумақтың мамандануының негізгі ерекшеліктерін, өндірістің маманданған салаларын үшін маңызын түсінеді

Карта мен жұмыс жүргізу барысында шаруашылықтың аумақтың ұйымдастыруын, экономикалық аудандастыруды ажырата білу

Қазақстан шаруашылығының мамандану саласына талдау жасайды (көпшілігі)

«Қазақстан дамуының келешегі» эссе жазу

Өндірістің маманданған, қосалқы маманданған, АӨК, өнеркәсіп тораптарының маңызын білу

Жұмыстың қандай түрлері оқушылардың белсенді білім алуына әсер етіп, олардың ойлауына барынша ықпал жасайды?

Жеке жұмыс, топтық әңгіме, гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт бөлу

Оқушыларға білім алуға көмектесу үшін бағалауды қалай пайдаланасыз? Оқушылардың жауабын тыңдай отырып екі жетістік бір ұсыныс айту, дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалау, критерий арқылы топтың жұмысын бағалау

Сыныптағы барлық оқушыларды (дарынды және талантты) жұмысқа қалай тартасыз? Ерте болған оқышыларға қосымша тапсырмалар беру

Сіз олар үйренеді деп жоспарлаған нәрселердің барлығын олардың үйренгенін қайдан білесіз?

Оқып үйрену нәтижелері бойынша берілген тапсырмаларды орындау барысында

Сабақтың барысы

Уақыты

Мұғалімнің іс -әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, оқушылардың көңілін сабаққа аудару, сыныптағы оқушыларды 3 топқа «Қыс мезгілінің айлары» арқылы бөлу. Бірдей түстес қағаз таңдап бірдей айлар бір топқа жайғасады.

Сынып құрамын түгелдеу, тақтаға күн ретін жазу. -сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау; - сабақтың өткізу жоспарын көрсету.

Оқушылар 4- топқа бөлінеді.

Тақтадан күн ретін жазып алады.

сабақтың жалпы мақсатымен және өткізу жоспарымен танысады

10 минут

Кіріспе бөлім Оқушыларға жеке жұмыс жасау тапсырылады.

«Кім жылдам?» тірексызбамен жұмыс

Топтық жұмыс үй тапсырмасын қорыту

Оқушылар жеке жұмыс жасап берілген тапсырманы орындап шығады. Дайын жауаптары арқылы өзін-өзі бағалайды.

20 минут

Негізгі бөлім:Тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы жазылады. Жаңа терминдер мен ұғымдарды жазу тапсырылады

Мұғалім түсіндірмесі:

1. «Қазақстан шаруашылығын аумақтық ұйымдастыру»

2. Видео көрсетіп Қазақстан аумағын экономикалық аудандастыруын ажырату.

І-топ: Аумақтық ұйымдастыруын, мамандануы, өндірістің маманданған,қосалқы салалары,

ІІ-топ: Қызмет көрсету, АӨК, өнеркәсіп орталықтарын

ІІІ-топ: Қазақстан экономикалық аудандарын

а) Оқушылар тақырыпты жазып алады

ә) Жаңа терминдер мен ұғымдарды дәптерлеріне жазып алады

б) Оқушылар мәтінмен танысып шығады. Топтаса отырып ойланады, талқылайды, оқушылар бағалау көрсеткіштеріне сүйене отырып, жақсы жауап беруге ұмтылады.

10 минут

Қорытынды бөлім

1. Интерактивті тапсырма Картамен жұмыс

2. Кері байланыс

Кейінгі оқу: 36 оқу,

келесі Орталық Қазақстан

Оқушыларға сұрақтар қойылады.Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді. Картадан экономикалық аудандарды, облыс орталықтарын табу. Бүгінгі сабаққа анализ жасайды.

Сабақ рефлексиясын жазады.

Топтық жұмысты бағалау критерий

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ