Астана қаласы
№48 мектеп –лицейінің
Тарих-география пәні мұғалімі
Бөстекова Гүлшат Жакеновна
Пәні:
Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 13-15 Бірінші
дүниежүзілік соғыстың соңындағы
Германияның саяси және экономикалық дамуы.
Сабақтың мақсаты: 1918 ж қазан,
қараша Германиядағы саяси – әлеуметтік мәселелердің шиеленісуі. Буржуазиялық
Демократиялық революция нәтижесінде II Вильгельм тақтан тайдырылып, монархия
жойылып, уақытша үкімет азаматтық соғысқа жол бермей, ашаршылықтан құтылуға,
революциялармен анархияға қарсы
тұрып,парламентке сайлау өткізіп, республика жариялап, конституция қабылдағаны
жайлы ақпарат беру.
Сабақтың міндеттері:
1.Веймар Республикасының жүргізген
әлеуметтік-демократиялық реформаларымен, ішкі-сыртқы саясаттарының бағыттарын Қоқан
автономиясы, Алаш үкіметі, Кеңес үкіметтерімен өзара байланыстыра отырып түсіндіру.
2.Нақты дәлелдерді қалыптастыру және өз көзқарастарын
қорғау өзара тиімді шешімдер табу және балама пікірлер негізінде қорытынды
жасау біліктіліктерін дамыту, оқулықпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға
үйрету.
3. Оқушылырды
жалпыадамзаттық құндылықтарды менгеріп, әрбір халықтың тарихына қүрметпен
қарауға және адамгершілікке тәрбиелеу.\
Сабақтың түрі:Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, мәтінмен жұмыс БжС технологиясы арқылы сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, тақырыптық карта, саяси түсіндірмелік
сөздік, үлестірме парақтар.
Пәнаралық байланыс:География, Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, Адам. Қоғам.
Құқық, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезені: (1 минут)
Оқушыларды
түгендеу, топқа бөлу, жағымды көңіл күй туғызу.
II.
Тест арқылы үй тапсырмасын тексеру
(5минут)
1.Европада бұқаралық қозғалыстар революцияға ұлыспай
реформалық әрекеттермен шектелген елдер?
а)Франция, Норвегия ә)Англия, Германия б)Швеция, Венгрия в)Франция, Испания г)Нидерланд, Португалия
2.Капиталисттік дүние
тұрақтану кезеңіне өтті?
а)1920 ә)1921 б)1922 в)1923 г)1924
3.Еуропада
экономиканың өрлеуіне қай ел әсер етті?
а)
АҚШ ә) Канада б) Жапония в) Австралия г) Ресей
4. Өнеркәсіптің қай
саласы жылдам дамыды ?
а) Темір,мыс ә) автомобиль б) көмірв)түсті
металг) тамақ өнеркәсібі
5.АҚШ-та шайын
өндіру қанша мың т-ға кеміді?
а) 272 мың тонна ә) 372 мың тонна б) 472 мың тонна в) 572 мың тонна г) 672 мың тонна
6.Дағдарыс жылдары
дүние жүзіндегі жұмыссыздар саны ?
а) 10-15 млн ә) 20-25 млн б)30-35 млн в) 40-45 млн г) 50-55 млн
7. XIX
аяғыXX басында Азия мен Африкадан ненің мол қоры
табылды ?
а) Мұнай,көмір ә) никель, уран б) мыс,уран в)уран, титан г) фосфор,тұз
8. Буржуазия ел
бақаруда қай жолды таңдады ?
а)демократия ә)автаритарлық б)террорлық в)әлеуметтік г)құқықтық
9. Коминтерінің VII конгресі қайда өтті ?
а)Лондон ә)Париж б)Мәскеу в)Египет г) Қытай
10.Халықтық майдан
түсінігі қай жылы қалыптасты ?
а)1930ж ә)1931 ж б)1932 ж в)1933ж г)1934ж
III. Жаңа сабақ бойынша ақпарат беру.(5 минут)
1.Германияның соғыс
бітердегі саяси-экономикалық жағдайы.
2.1918-1919
жылдардыға революция.
3.Веймар
конституциясы.
4.Веймар
республикасы.
5.Германияда
фашизімнің пайда болуы.
6.Веймар
республикасындағы дағдарыс.
IV.Жаңа сабақты игерту. (8
минут )
Оқушыларға оқулық
бойынша оқу материялын игерту.