Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

ОІЖО_____ М.Тулепова 6 сынып № 10 сабақ Күні__________

Сабақтың тақырыбы: Бұйымды құрылымдау және модельдеу

Сабақтың мақсаты: Оқушыларда әртүрлі бұйымдарды құрастыру кезінде іс-тәжірбиелік білім мен біліктілікті қалыптастыру.

а) Білімділік: Іс-тәжірбиелік тапсырмаларды орындау кезінде әртүрлі нұсқаларды пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттерін дамыту.

ә) Дамытушылық: Оқушыларды сызбалық саймандармен жұмыс істеуін дамыту.

б) Тәрбиелілік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, өздігімен жұмыс істеуге, білімділікке тәрбиелеу.


Сабақтың көрнек-құралдар: Шеге, бұрандалы шеге, бұранда,күрек, ағаш балға.

Сабақтың барысы:

Амандасу :

Оқушыларды түгендеу:

Құралдарды түгендеу:

Үй тапсырмасын сұрау :

Жаңа сабақ:

Құрылымдау – бұл нәтижесінде бұйымның сыртқы көрінісі және құрылымы анықталатын процесс. Әдетте құрылымдау бұйымды ойша елестетіп, оның эскизін, техникалық суретін, сызбасын жасаудан басталады.

Әрбір бұйым өз мақсатына сай және сыртқы көрінісі әдемі болуы қажет. Сондықтан оны құрылымдау процесінде әрқилы нұсқаларды байқап көреді.

Бұйымды құрылымдау әдісінің бірі модельдеу болып табылады. Модель бұйымның ықшамдалған немесе кішірейтілген көшірмесінің үлгісін көрсетеді, ол бұйымның құрылымын түсінуге мүмкіндік береді. Модельдеу техникада және құрылыста кеңінен пайдаланылады. Күрделі бұйым жасамас бұрын оның моделін жасайды. Оны бағалай отырып , конструкторлар ойдың қаншалықты сәтті болғанын, бұйымның құрылымын қалай жақсартуға болатынын байқайды.

Құрылымдаудағы вариативтілік бұйымның негізгі міндетін сақтай отырып жекеленген элементтерінің өзгеруімен шектеледі. Осылайша әрқилы жеңіл автокөліктердің маркалары , білдектер , іскенжелер , ара , бұрғы, және т.б. пайда болды.

Бұйымды құрылымдау кезінде келесі принциптер міндетті түрде ескерілуі керек : беріктігі, сенімділігі, технологияға сай келуі , үнемділігі .

Белгілі күшке төзіп , бұзылмаған бұйым берік болып табылады.

Сенімділік бұйымның негізгі сипаттарын сақтай отырып берілген рөлін орындауын анықтайды. Сенімді жасалған бұйым тоқтаусыз жұмыс істейді , ұзақ қызмет көрсетеді.

Технология бұйымды дайындаудың үнемді технологиясы талаптарына сәйкестілігін сипаттайды. Жұмыс күші , жабдықтар , материалдар мен уақыт үнемді жұмсалып жасалған бұйым технологиялы болып саналады.

Үнемділік – бұйымды жасау кезінде жұмсалған аз жұмыс күші мен материалдар шығынына бұйымның сәйкес келуі.

Бұйымның барлық қасиеттерінің жиынтығы оның сапасын анықтайды. Сапалы бұйым берік , жұмыста сенімді , ұзақ уақыт жөндеуді қажет етпейді , оған аз материал жұмсалады.

Сабақты қорытындылау :

Бекіту:

1 Құрылымдау кезіндегі вариативтілік деген не ?

2 Бұйымды құрылымдаудың негізгі қағидасын атаңдар ?

3 Қандай бұйым ұзақ мерзімге сақталатын болып табылады ?

4 Қандай бұйым сапалы деп саналады ?

Бағалау:

Үй тапсырмасы :§9. 38-39 бет §10. 40-45 бет

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ