Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

Оңтүстік Қазақстан облысы Білім жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғаліміМуталиева Жамила Әшірханқызы. Түркістан қаласы.

Сабақтың тақырыбы:К дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік:К дыбысы мен әрпін таныту. К дыбысы бар сөздерді оқи, жаза білуге қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын түсіндіру.

ә) дамытушылық:Танымдық әрекетін, ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Дыбыстың құрамында р, л, ж, з, д дыбыстары бар сөздерді анық, таза, толық, дұрыс айтуын қадағалау. Фонетика-фонематикалық есту, есте сақтау қабілттерін дамыту. Көркем сөйлеу тіл байлықтарын дамыта отырып, ойын жеткізе білуге дағдыландыру.

б) тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, тазалыққа тәрбилеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, әріп, кесте, буындар, оқулық.

Әдісі: Түсіндіру, оқыту, әңгімелеу.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Сөйлеу ережесін еске түсіру.

Ой қозғау.

- Қазір қай мезгіл?

- Қыс мезгілінде неше ай бар?

- Қазір қай ай?

- Аптаның нешінші күні?

Жұмбақ.

Таңмен күнін ашады,

Әлемге нұрын шашады. «Күн»

- Күн суреті тағы қайда бейнеленген?

- Туда тағы нелер бейнеленген?

- Тағы қандай рәміздерді білесіңдер?

- Біз қай елде тұрамыз?

- Біздің президентіміз кім?

- Желтоқсан айында тағы қандай мерекелер бар?

- Биыл тәуелсіздігімізе неше жыл болды?

- Қандай ертегілер білесіңдер?

- Бүгін біз «Құйыршық» ертегісімен танысамыз. Баяғы заманда бір шал мен әжей өмір сүріпті. Олардың кішкентай жалғыз баласы болыпты. Бір күні ол бала орманға барса алдынан қасқыр шығыпты.

- Қане балаға көмектесейік...

- Қазір қандай сабақ?

- Сауат ашу сабағында біз нелермен таныстық, нені білдіңдер?

- Осы өткен әріптерге байланысты буындар құрайық.

- Енді осы өтілген әріптерден сөз құрайық.

- Өткен сабақта біз қандай әріппен таныстық?

- К дыбысы туралы не білеміз?

- К дыбысынан келетін сөздер айтайық.

- «Кітап» сөзіне сөйлем құрайық.

- Текше, кесте, кіші сөздерін жазғызу.

Ойын. «Буынды тап»

Описание: coloring-snowflake21.jpg Описание: coloring-snowflake21.jpg Описание: coloring-snowflake21.jpg

1 2 3

Описание: 13421030.gifОписание: 25978_577fea211ba3a87f2e6328d994588bb8.jpg.jpg Описание: chick3.gif Описание: 212.gif Описание: 5144-raskraska-raskraski-zhivotnie-dikie-zveri.jpg

Сергіту сәті:

Аспанға қарап ай көрдім,

Төменге қарап жер көрдім.

Оңға-солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

- Елікке көмек берейік.

Оқулықпен жұмыс.

1. Өлеңді тыңда. «Ата ақылы»

2. Ойлан тап

3. Еркіннің хатын тыңдап, сұрағына жауап беріңдер

4. Суретте бейнеленген заттардың әрқайсысын ата. Бұлардың ортақ нәрсесі не?

Ата мен әжейге көмектесейік.

Дәптермен жұмыс.

Кесе, кім, кеше, кесте.

Ойын: Қай сурет сызбаға сәйкес?

Мультфильмді көрсету.

Сабақты қорыту.Ойын: «Сөйлемді аяқта»

Бүгінгі сабақта...( оқушылар жалғастырады)

Оқушыларды мақтау,тұтықпай анық сөйлеген оқушыны мадақтау.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Ulia в категории Ұстаз