Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Sania в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: «Ж» дыбысы мен әрпі

Мақсаты: Балаларды «Ж» дыбысы және әрпімен таныстыру,буындарды қосып оқуға үйрету. Қолдарын жаттықтыру.

Әдіс- тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын

Қажетті көрнекі құралдар: «Ж» әрпі, «ж»дыбысына байланысты суреттер

Қос тілділік компонент: әріп-буква, дыбыс-звук

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешенің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті  қызығушылығын ояту кезеңі

Жылулық шеңбері

-Қане, балалар,бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап,үлкен шеңбер құрып көрейікші!Қандай тамашаІ Шеңбер күн сияқты жылы,дөңгелек. Шеңберде біз бір-біріміздің бет- жүзімізді, көімізді, күлкімізді көре аламыз.

-Жарайсыңдар, балалар! Ендіорнымызға отырайық

Жаңа тақырып

Дыбысты айтып жаттығамыз

-Дауыл соқты, ағаштар тербелді

Ш-ш-ш-ш-ш

-Қоңыздар ұшып келді

Ж-ж-ж-ж-ж

-Қандай дыбыс айттыңдар?

-Күн көтеріліп шуағын шашты,жылуын берді

-«Жылу» дегенде бірінші қандай дыбыс естіледі?

Артикуляциялық жаттығу

-«ж» дыбысын айтқанад тіл жоғары көтеріліптаңдайға темей тұрады. Тіліміз ауаның шығуына кедергі жасайтындықтан «ж» дыбысын дауыссыз дыбыс дейміз, көк түсті дөңгелекпен белгілейміз

Балалар тәрбиешімен бірге өлең жолдарын айтып, қол ұстасып шеңбер құрады

Қимылмен көрсетіп, дыбыстарды салады

-ш-ш-ш-ш-ш

Ж-ж-ж-ж-ж

-«ж» дыбысы естіледі

«ж» мен «ш» дыбыстарын салыстырып айтады

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі

Тіл ұстарту жаттығуы

-Осы дауыссыз дыбыстарды дауысты дыбыстармен қосып айтамыз

Жа-жо-же-жи-жу-жы

Дидактикалық ойын: «Дұрыс қайтала,топтан қалма»

Жа-жа-жа-ға-ағ-ға- жаға

Ша-ша-ша-на-на-на- шана

Са-са-са-ға-ға-ға- саға

Сергіту сәті

-«ж» дыбысынан басталатын сөздіестігенде тоқтай қалңдар.

Балалар дөңглгне жүреді, тәрбиеші сөз айтып тұрады: шана,сана,шаң,заң,(жаңа)дегенде балалартоқтай қалуы тиіс. Себебі бұл сөзде «ж» дыбысы бар. Ойын әрі қарай осы ретпен жалғасады

«ж» дыбысынан басталатын буындарды айтады

Естігендерін қайталап айтады

Шеңбер бойымен дөңгеленіп жүреді, «ж» дыбысы бар сөзді естігенде тоқтай қалады

Іс-әрекеттің бағалау кезеңі

Дәптермен жұмыс

-Суреттерді атап шық, «ж» дыбысы кездесетін суреттеді қоршап қой

Мысалы: жылан, қой, ата, жаңбыр

«Ж» дыбысы кездесетін өлең шумақтарын айтып көрейік

Көйлекке кәдімгі

Қарасаңыз анықтап

Жаны бар «ж» ұшып жүр

Жайдары күз, жарқын күз

Жарқырайды жапырақ

Қорыту

Не үйрендіңдер? Қандай дыбыспен жұмыс жасадық

Суреттерді атап шығады, «ж» дыбысы кездесетін сөздерді қоршап қояды

Қайталап айтып, жаттап алады

«Ж» дыбысымен жұмыстандық

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: «ж» дыбысынан басталатын сөздерді таба біледі, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата біледі

Қандай түсініктерді меңгерді: «ж» дыбысының сөздегі орнының әртүрлі болатынын

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: «ж» дыбысын «ш» дыбысымен шатастырмай дұрыс айта білуді

Қаратөбе ауданы

Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Ажимова Райгул Қобланқызы.     

ответил от Sania
0 голосов

ШҚО Семей

№25 жалпы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Калембекова Толқын Сейілқызы

Ж дыбысы және әрпі.

Мақсаты:

Білімділік: Ж дыбысын сөз ішінен бөліп,дұрыс айтқыза білу.Ж әрпін таныту.Ж әрпі бар сөздерді оқи және жаза білу.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту .

Тәрбиелілік:Оқушыларды таза,әдемі көркем жазуға тәрбиелеу.

Құрал -жабдық: Суреттер,жусан,жолбарыс,қима әріптер.

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап

Түрі:Аралас сабақ

Типі:Жаңа білімді меңгерту

Пәнаралық байланыс:Дүниетану ,қазақ тілі

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Ерте тұрып күнде мен,

Терезені ашамын.

Сәлем!- деймін Күнге мен,

Шаттық әнге басамын

Күн –мол шаттық түсінем.

Күнен өстіп көріісем

Содан соң үй –ішімен

Шаттығымды бөлісем

-Қайырлы таң ,Аташым!

Деймін келіп атама

Қайырлы таң, Апашым

Деймін келіп апама

Жалықпаймын сабақтан,

Оқимын да жазамын.

Білім нәрін таратқан

Ұстазда ылғи -назарым

ІІ Үй тапсырмасы

- Осындай жақсы көңілмен өткен сабағымызға оралайық.Өткен сабақта Б,С,Ы, дыбыстарын өткен болатынбыз.Сонымен сендерге сұрақ.

1.Б дыбысы қандай дыбыс,сөздің қай жерінде кездеседі?

2.Ы дыбысы қандай дыбыс,сөздің қай жерінде кездеседі?

3. Ы дыбысы қандай дыбыс, сөздің қай жерінде кездеседі ?

Сөздер оқыту

Жаға

ожау

жалау

жусан

Өткен сабақты қайталау мақсатында

Ойын «Кім шапшаң?»

Шарты: Сызба бойынша суретке сөйлем құрай

ІІІ Жаңа сабақ

Жұмбақ

Түн шымылдық ашқаннан

Жымыңдайды аспаннан

Көп шырақтың аты не?

Қай әріптен басталған? (Жұлдыз,Ж әрпінен басталған )

***

Жаздатұрып жоғары,

Күзде жерге қонады (Жапырақ)

***

Өзі сондай қатты

Дәні сондай дәмді (жаңғақ)

***

Жол,жолбарыс ,жылан

Басталады «Ж»-дан

-Осы барлық айтылған сөздердің басында қандай дыбыс естіліп тұр?

- «Ж» дыбысы

«Ж» дауыссыз дыбыс.Созылып,әндетіліп айтылмайды,ауыз қуысында кедергіге ұшырайды.

-Балалар,сыныбымызда «Ж» дыбысыкездесетін бала немесеқыздарма?

Жаннұр Жігер

Буынға бөлдірту.

Ж дыбысысөздіңбасында жәнеортасындакездеседіекен.

Ж дыбысыдауыссызболғандықтан, оны қолымызбенапарыпкөкқалташағасаламыз.

Ойын «Қай үйде тұрады?»

Шарты: қима әріптерді үйлерге орналастыру

Сергіту сәті

Ойын « Сөз ойла, тез ойла»

Шарты: Ж дыбысына әр қатарға сөз ойлау

1 қатар –кісі аттары 2-қатар тамақ жеміс жидек 3 қатар

Оқулықпен жұмыс

-Бағанмен берілген сөздерді 1 минут беремін,дайындалып алып оқимыз.

Жауын жарас жылқы жарғанат

Жауап жарық жорға жапалақ

-Барлығына оқытамын.

-Келесі бізге мәтін берілген

Жарыс . Қандай жарыс? , Кімдер қатысты?, Кім сыйлыққы ие болды?

Ал, енді мәтінді оқиық.

Сергіту сәті.

Жан-жағыма жантайдым

Жапырақтай жалпайдым

«Ж» дыбысын жаздым да

Жарға қарай шалқайдым.

Кеспе әріптермен жұмыс

Жара,жаға, Жанар,жас,жан, сөздеріне дыбыстық, буындық талдау жасау.

Дәптермен жұмыс

Оң қолымызды жоғары көтеріп,қаламымызды ұстап,Ж әрпін ауаға жазайық.

Дәптерімізді ашайық

Қолға қалам алайық

Салақтықтан қашайық

Әдемі етіп жазайық

Тақтаға Ж ж әрпін қалай салынатынын түсіндіріп көрсету.

Ж ж әрпін үлгі бойынша дәптерге жазамыз.

Ойын «Жапырақ жинау»

Жаман,жаса,жаға,жалау,Олжас,Айжан, сөздерін оқыту

Қорытынды:

Сыныптың жинақ қобдишасына сұрақ-жауап арқылы теңгелер жинау, қорытындылау

Балаларды мадақтау

Үйге тапсырма

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Ulia в категории Ұстаз
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов