Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов

БҚО Орал қаласы

№46 ЖОББМ-нің

мектепалды даярлық тобының мұғалімі

Сағидулла Ақмаржан Асқарқызы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Коммуникация.

Бөлімі: Сауат ашу негіздері.

Тақырыбы: Б дыбысы және әрпі.

Мақсаты: Балаларға Б дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату. Б дыбысын дұрыс дыбыстату, әрпін таныту және сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін дамыту. Б дыбысының қай дыбысқа бөлінуін және жазба, таспа түрлерімен таныстыру. Суреттер бойынша әңгімелесу және тақпақтар жұмбақтар айту.Сауаттылыққа, әдептілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын құралдар: Б дыбысына арналған суреттер.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалармен амандасу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару және сабаққа қажетті құралдарын түгендеу.

Балалар, өткен сабақта қандай дыбыс өттік?

- М дыбысы қандай дыбыс?

- М дыбысына сөздер ойлату, айтқызу.

Балалардың назарларын жаңа сабаққа аудару үшін жұмбақ жасыру, оның мазмұнын оқып беру және өлең жолдарын айтқызу.

Сәлеметсіз бе?

Балалар, «М» дыбысымен таныстық.

-М дыбысы дауыссыз дыбыс.

Марат, Марал, Мадина, Мақпал, Мақал, Май т.б.

Бақа, бақа, балпақ,

Басың неге жалпақ?

Темір терсек кием деп,

Басым содан жалпақ.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Қызықтырып әркімді-ақ

Суда жүзер жалтылдап

Қайсы әріптен басталған

Сол жәндіктің атын тап? «Бақа»

«Бақа» сөзінің бірінші дыбысы қандай?

Ендеше біздің бүгінгі өтетін дыбысымыз «Б» дыбысы. Қане, бәріміз осы дыбысты айтайық.

«Б» лдыбысының баспа түрін және жазба түрін көрсету.

«Бақа», «Бала», «Балық» сөздерін буынға бөл.

Балалар Б дыбысынан келетін сөздер айту.

Сурет бойынша әңгіме.

-Балалар суретте нелерді көріп отырсыңдар?

Кәне бәріміз бөрік, барабан сөздерін айтып көрейікші.

-Бірінші қандай дыбыс естіп тұрмыз?

-Бәріміз Б дыбысын айтайық:

-Б дыбысы қалай айтылып тұр?

-Б дыбысы қандай дыбыс, қандай текшемен белгілейміз?

Дәптермен жұмыс:

Б әрпін ауада жазып көрсету. Б әрпін жазу.

Сергіту сәті.

«Дыбысты тап»ойыны.

-Балалар, мен қазір өтілген бірнеше дыбысты қайталап айтамын.Сендер бүгінгі танысқан Б дыбысы естілген кезде қол шапалақтайсыңдар.

А – А – А Т – Т -Т

Б – Б – Б С – С - С

Б – Б – Б М – М - М

Б – Б – Б

«Б» әріпі

«Б» дыбысы

Ба-қа, Ба-ла, Ба-лық.

-Бөрік, барабан.

-Б дыбысын естіп тұрмыз.

-Б б б.

-Қысқа кедергімен айтылады,ерніміз ернімізге тиіп тұр.

-Б дауыссыз дыбыс көк текшемен белгілейміз.

Рефлексиялық -түзетушілік

Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде қандай дыбыспен таныстық?

Олай болса, топпен жұмыс орындаймыз. Б әріпінен басталатын сөздер табу керек.

- Б дыбысы

Күтілетін нәтиже:

Білді:

Балалар Б дыбысы мен әрпін дұрыс тани білді.

Білуі керек:

Өткен дыбыстарды меңгеру, дыбыстарды ажырата білді.

Болуы керек:

Балалардың сабақта ұқыпты қызығушылықта болуы

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Ulia в категории Ұстаз